Ұлы Петр дәуірі. Феодализм дәуірі мен капиталистік қатынастардың үстемдік ету дәуірінің арасында ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. қамтитын өтпелі дәуір жатыр. Осы 3 ғасырға созылатын кезеңді тарихта «Жаңа дәуір» деп атайды.
Бүгінгі таңдағы тарихи ғылымда орта ғасырлар мен жаңа дәуірдің арасын бөліп тұратын ХVІІ ғ. ағылшын буржуазиялық революция деп есептейді. ХVІІ ғ. ағылшын буржуазиялық революциясы капитализм дамуы үшін кең мүмкіндіктер жасады. Батыс әлемі капитализм сатысына өтіп, мемлекеттер мен халықтардың өркениетіне орасан зор әсер етті.
Жаңа дәуір қарсаңындағы Ресей мемлекеті қандай еді? Ресей өзінің қоғамдық - саяси құрылысы әлеуметтік – экономикалық және мәдени даму тұрғысынан алдыңғы қатарлы Европа елдерінен артта қалған болатын. Оның бірқатар себептері бар. Әсіресе табиғи – географиялық, әлеуметтік және тарихи жағдайларын атап өтуге болады. Европа Россияны варворлық мемлекет деп есептеді. Көптеген мемлекеттер мысалы, Швеция Россияны Европаның болашақ колониясы деп есептеді.
ХVІІ ғ. аяғында Россияда крепостниктік типтегі 20 монфактура жұмыс жасады. Шетелден темір, мыс, күміс, қару-жарақ және жүн, мата әкелінді. Росссияның әскери күші білім саласы , медицина өте төмен дәрежеде болды.
Россияның осыншама жағдайының бір басты себебі оның теңіз жағалауларына шыға алмауында болатын, ал уақыт, дәуір Батыс пен байланысты үнемі дамытып, кеңейтуді қажет етті.
1676-1682 жж. патшалық құрған Феодр Алексеевичтің тұсында және оның қарындасы София 1682-1689 жж. бірқатар реформалық өзгерістер болды. Мысалы: Славян – Грек –Латын академиясы ашылды, жаңа Европалық дәстүрлер енгізілді. Бірақ тұтастай ескі ұлттық дәстүрлерді қирату мүмкін болмады. Дегенмен де уақыт реформа қажеттіліктерін күн тәртібіне қойды және осы міндеттерді жүзеге асыратын тарихи тұлға қажеттілігі туды. Ондай тұлға Петр І (1672-1725) болатын.