Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


-сұрақ. 60-80 жж. ішкі саясат. Совет қоғамының саяси құрылысы



бет171/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   194
2-сұрақ.
60-80 жж. ішкі саясат. Совет қоғамының саяси құрылысы.
Елдің қоғамдық саяси тұрмысында консервативтік саясат әбден орнықты. 1967 ж. Ұлы Октябрь революциясының 50 жылдығына байланысты салтанатты жиналыста жасалған баяндамада Л.И. Брежнев «дамыған социолизм», жетілген «социолизм» деген терминдерді қолданды. 1966 ж. 21-желтоқсанда «Правда» газетінде Ф.М. Бурлацкийдің «Дамыған социолистік қоғам құрылысы туралы» деген мақаласы жарияланды. Міне, осы идеялар негізінде КСРО-да «дамыған социолистік қоғам» құрылды деген концепция орнықты. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның Жаңа Конституциясында елде кемелденген социолизм құрылды деген қорытынды жасалды. Конституцияның 6-бабында саяси жүйедегі СОКП –ның монополиялық жағдайы заң жүзінде бекітілді. СОКП басқарушы және бағыт беруші күш деп көрсетілді. 1987 ж. КСРО-да 441,9 бастауыш партия ұйымдары жұмыс жасап, СОКП саясатын жүзеге асырып жатты. Партиядағы тәртіп әскери тәртіп сипатын алды. 1917 ж. қазанда РСДРП қатарында 350 мың адам болды, 1940 ж. 3,4 млн. адам, 1960 ж. СОКП қатарында 8 млн 709 мың, 1987 ж. 18 млн 567 мың адам болды.
КСРО халқы 280 млн.
СОКП мүшелері 18 млн. 567 мың.
«Кемелденген социолизм» концепциясы жеке алған бір елде комунистік қоғам құрудың тарихи мүмкіндіктеріне ревизия жасау болды. Бұл концепцияда социолистік қоғаммен коммунистік қоғам арасында өтпелі кезең сатысында социолизм принциптері толық жетіліп, коммунистік қоғам үшін барлық алғы шарттар жасалынады.
1973 жылдан бастап, Л.И. Брежневтің жеке тұлғасын, беделін көтеру саясаты ұйымдастырылды. 1961 ж. Социолистік Еңбек ері атағы берілді, 1975 ж. армия генералы атағы, 1976 ж. Совет Одағының Маршылы, 1966, 1976 жж. Совет Одағының Батыры атағы, 1973 ж. «Халықтар арасындағы бейбітшілікті бекіту үшін» берілетін Халықаралық Лениндік сыйлық берілді.
70 ж. аяғында партия наменклатурасында жасы ұлғайған адамдар отырды (геронтократия-қарттар билігі 60-68 жас). Л.И. Брежнев 1978-1981 жж. аралығында 3 рет социолистік еңбек ері атағын алды. «Целина», «Малая земля», «Возрождение» еңбектері үшін 1979 ж. әдебиет саласындағы Лениндік сыйлық берілді.
1982 ж. 12-қарашада Л.И. Брежнев қайтыс болғаннан кейін ОК Пленумы ОК Бас хатшысы етіп 68 жастағы Ю.В. Андроповты тағайындады. Андропов кезінде наминклатуралық праволарын пайдаланып, коррупциямен айналысқан көптеген адамдар жазаланды. Москва қалалық сауда басқармасының бастығы сотқа тартылып, атылды. Одан кейін Өзбекістандағы «мақта мафиясы» өкілдері жазаланды, СОКП Краснодар облыстық комитетінің І хатшысы С.Ф. Медунов, Ішкі істер министрі Н.А. Щелоков, генерал-полковник Ю.М. Чурбанов т.б. адамдар жазаланды.
«Коммунист» журналының 1983 ж. № 3 Ю.В. Андроповтың «Карл Маркс ілімі және КСРО-дағы социолистік құрылыстың кейбір мәселелері» деген мақаласы жарияланды. Бас хатшы елдің коммунизмге таяп келе жатыр деген идеялогиялық тезистерін дұрыс түсіну туралы мәселені көтерді. Сонымен қатар кемелденген социолизмнің де өзіндік қиыншылықтары мен қарама-қайшылықтары бар екендігін атап өтті. Бұл қоғамдықь тұрмыста үлкен резонанс туғызды.
1984 ж. 9-ақпанда Андропов қайтыс болғаннан кейін 73 жастағы К.У. Черненко бас хатшы болып тағайындалды. 1985 ж. 10-наурызда Черненко қайтыс болды. «Брежневизм» дәуірі аяқталды.
«Кемелденген социолизм» дәуірінде партия саясатына қарсы әртүрлі пікірлер туындап, дисседенттік қозғалыс жанданды. 1966 ж. 25 мәдениет және қоғам қайраткерлері (П. Капица, И. Тамм – академиктер, жазушылар В. Катаев, К. Паустовский, өнер қайраткерлері М. Плисецкая, О. Ефримов) ОК хат жазып неосталинизм қайта жандану қаупы туралы айтқан. Диседенттік топқа А.И. Солженицин, академик А. Сахров, В. Буковский, Ж. Медведев т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет