Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы


-дәріс «Қайта құру» 1985-1991 жж. КСРО



бет173/194
Дата05.02.2022
өлшемі3,54 Mb.
#19429
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   194
27-дәріс
«Қайта құру» 1985-1991 жж. КСРО.
1-сұрақ
Қайта құру саясатының басталуы М.С. Горбачев.
1985 жылы СОКП ОК сәуір Пленумында М.С. Горбачев Бас хатшы болып сайланды. Тұтастай Кеңес қоғамын реформалаудың нақты жоспары болмағанымен қалыптасқан дағдарыс белгілерін жойып, КСРО қоғамдық жүйесінің дамуына қарқынды сипат беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету міндеттері тұрды. Өндірісті интенсификациялау және ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қайта құрудың басым бағытына айналды. Әсіресе машина жасау саласын 1,5, 2 есе өсіріп, жаңа буынды машиналармен, құрал-жабдықтарды дамытуға ерекше мән берілді.
Халық тұтынатын тауарларды өндірудің Кешенді бағдарламасын дайындауға да басым бағыт берілді.
Қоғамдық саяси салада өзгерістер жасау партияның басты міндеті деп саналды. 1985-1986 жж. Брежнев дәуірінің партия Кеңес қайраткерлері- Г.А. Алиев, В.В. Гришен, Д.А. Қонаев, Г.В. Романов, Н.А. Тихонов жұмыстан босатылып, партия аппаратына жаңа адамдар – Н.И. Рыжков Е.К. Лигачев, Э.А. Шеварнадзе, Л.М. Зайков және Б.Н. Ельцин келді. 1987 ж. басында Саяси бюро мүшелерінің 70%, облыстық партия ұйымдарының хатшыларының 60%, СОКП ОК мүшелерінің 40% өзгерді, ал қалалық және аудандық комитет басшыларының 70% өзгерді.
Жасы ұлғайған кәрі басшылардың орнына жас, қайратты, өзгерістерге бейім кадрлар келді. Басқарудың «геронтократиялық» кезеңі аяқталды.
1985-1986 жж. экономикадағы қалыптасқан тоқырау мен дағдарысты негізінен әкімшілік әдістермен шешуге әрекет жасалды, міндеттерді шешудің экономикалық механизмдері туралы жалпылама айтылды.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағытында бірнеше шаралар жүргізілді. 1) Ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу. Бұл бағытта бірнеше жаңа құрылымдар пайда болды. Машина жасау саласында КСРО министрлер Кеңесінің Бюросы құрылды, техника мен информатика саласында мемлекеттік комитет құрылды (21- наурыз 1986 ж.), сала аралық ғылыми-техникалық комплекс құру туралы шешім қабылданды (22- қаңтар 1986 ж.), 1985 ж. 22- қарашада ГОСАГРОПРОМ құрылды.
1985-1986 жж. әлеуметтік саланың негізгі міндеттері айқындалды. Білім беру, денсаулық сақтау, жалақы, тұрғын үй құрылысы т.б. салалардағы саясатты белсенді жүргізу көзделді. 1986 ж. мамырда зейнетақы өсті, қыркүйекте Отан соғысы ардагерлеріне қосымша жеңілдіктер берілді және 1986 ж. 17- қазанда жалақының жаңа тарифі енгізілді. «Тұрғын үй – 2000» бағдарламасы қабылданды.
1980 ж. ортасында сыртқы саясатта «Жаңаша ойлау тактикасы» басталды. КСРО-ның Афганстандағы соғысы қоғамдық деңгейде үнемі наразылық туғызған еді. АҚШ админстрациясы коммунизмге қарсы «Крест жорығын» жариялады. Олар СОИ (Стратегическая Оборонная Инициатива) және «Жұлдызды соғыс» саясаты негізінде қару-жарақ шығарудағы жарысты космосқа көшіруді көздеді. Бұл КСРО шаруашылығы үшін өте ауыр жағдайларды қалыптастырды.
Сыртқы саясатта жаңа концептуалдық өзгерістерді енгізу міндеттері тұрды. Халықаралық аренадағы саясат мазмұны мен стратегиясын елдің ішкі сұраныстарына бейімдеп, әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу көзделді. Осы күрделі міндеттерді шешу жолында жаңа доктрина «Жаңа саяси ойлау» шешуге тиісті болды.
Кеңестік марксизмнің базалық теориясы – дүниежүзілік революциялық процесс теориясынан бас тарту осы жаңа доктринаның басты белгісі болды. Ресми доктринаға сай КСРО-ның халықаралық саясаттағы екі басты принципі айқындалды.

  1. Пролетарлық интернационализм.

  2. Қоғамдық құрылысы әр алуан мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ету.

Бірінші принцип бойынша дүниежүзіндегі коммунистік және жұмысшы партиялар қозғалыстарын қолдап, көмек беру және «үшінші әлем» шеңберіндегі дамып келе жатқан мемлекеттердегі «антиимпериалистік» тенденцияларды қолдап, оларға «социалистік бағыт» беру.
Екінші принцип бойынша КСРО-ның капиталистік мемлекеттермен қарым-қатынастағы саясат бағыттарын анықтау болды.
«Бейбітшілік үшін күрес» кеңестік сыртқы саясатта басты маңызды орын алып, оны тап күресінің бір формасы ретінде қарастырды. Сондықтан да сыртқы саясатта ұлттық мүдделерді жүзеге асыру идеялогиялық күреспен қатар жүрді. Сыртқы саясаттағы дәстүрлік әдістерден бас тарту барысында І орынға жалпы адамзаттық құндылықтар деген шықты. «Қырғи қабақ» кезеңге тән «күштер арақатынасы» деген тезистен «мүдделер арақатынасы» деген саясатқа бет бұрды. Сыртқы саясаттағы «жаңаша ойлау» тактикасы ең ақырында КСРО-ның, социолистік жүйенің қирауына алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет