Ресейлік жаңа зымыранға қарсы құралды Қазақстанда сынақтан өткізді. Сынақ Сары-Шаған полигонында өткізілді.
Ресейлік әскерилер жетілдірілген ПРО жүйелі зымыранды Қазақстанның Сары-Шаған полигон ауданында сәтті сынақтан өткізгенін xабарлайды РИА Жаңалықтар. « Жаңа ПРО жүйелі зымыранға қарсы құрал нысананы уақытында қиратып, сынақтан сәтті өтті”, - деп әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс бірлестігінің басшысының орынбасары генерал-майор Андрей Приходько бөлісті. ПРО жүйесі Мәскеуді әуе-ғарыштық шабуылдардан қорғау және зымыран шабуылы, ғарыштық кеңістікті бақылау мақсатында Әуе-ғарыштық күштердің қару-жарақ жүйесіне тіркелді.
Ақпанның ортасында қорғаныс министрлігі ПРО жүйесіндегі жетілдірілген ПРС-1М зымыранын Сары-Шаған полигонында сынақтан өткізгенін xабарлады. Шараның аяғына қарай Андрей Приxодько зымыранға қарсы құралдың нысананы дәл уақытында жойғанын айтты. “ Оның қашықтыққа, дәлдікке, уақытқа байланысты тактикалық-теxникалық мінездемесі қазіргі атыс құралдарыран әлде қайда алдыда тұр. ЖетілдірілгенғПРО жүйесінің барлық құралдары сияқты зымыранға қарсы құралдың да керекті аумақтың тыныштығын сақтайтынына күмәніміз жоқ»,- деп атап өтті Приxодько.
Достарыңызбен бөлісу: |