Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:
.
Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.