Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Тербелмелі контур деген не?
Идеал тербелмелі контур дегеніміз не?
Электромагниттік тербелістердің анықтамасын беріңдер.
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістердің толық энергиясы неге тең?
Тербелмелі контурда электромагниттік тербелістер қалай пайда болады?
Кедергісі нольге тең емес нақты тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер неге өшеді?
Есептерді тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сыртқы әрекет жоқ кезде пайда болатын тербелістерді еркін тербелістер деп атайды.
Идеал тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістердің теңдеуін қорытайық.
- заряд тербел. дифференциалдық теңдеуі.
-зарядтың уақыт бойынша екінші туындысы кері таңбамен алынған зарядтың өзіне тура пропорционал.
Тербелмелі контурда конденсатордың астарларындағы заряд шамасы уақытқа тәуелді косинус заңы бойынша өзгереді.
Физикалық шаманың синус немесе косинус заңы бойынша өтетін уақытқа тәуелді периодты өзгерісі гармоникалық тербелістер деп аталады.
Тербелістегі щаманың ең үлкен мәнінің модулі тербеліс амплитудасы деп аталады.
Тербелістегі физикалық шаманың мәні қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын Т тербеліс периоды деп атайды.
Тербеліс жиілігі деп бірлік уақыт ішіндегі тербеліс санына тең шаманы айтады.
- Томсон формуласы.
Тербелмелі контурда жоғары жиіліктегі электромагниттік тербелістер өндіріледі.
Тербеліс фазасы деп косинустың, не синустың аргументін айтады.
IV. Пысықтау.
Еркін тербелістер дегеніміз не?
Тербелмелі контурдағы заряд тербелістерінің дифференциалдық теңдеуін жазыңдар.
Гармоникалық тербелістер деген не?
Гармоникалық тербелістер теңдеулерін жазыңдар.
Тербелмелі жүйенің меншікті циклдік жиілігі деп нені айтады?
Тербеліс амплитудасы деген не?
Тербеліс периоды деген не?
Тербеліс жиілігі деген не?
Томсон формуласын жазыңдар.
Тербеліс фазасы деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |