Шала туған нәрестелердің бала жолдас-ұрықты трансфузиясына көмектесу үшін кіндігін қысуды 60 секундқа қоя тұрып, анасынан төменірек қалпында қалдыру керек. • СРАР-ты тыныс жолдарындағы қысымды маска немесе ішкі канюлялар арқылы 6 см Н2О кем қылмай, 30 аптаға дейін туылған гестационды жастағы нәрестелер мен барлық РДС дамуы қаупі бар нәрестелерге қолдануды туғаннан бастау керек. • Оттегі тек оттегі-ауа араластырғыш арқылы ғана берілуі керек. Қалыпты күйге келтіруде оттегі шоғырлануы 21-30%, ал шоғырын көбейту мен азайту пульсоксиметрдің ЖЖЖ мен сатурациясы көрсеткішінің негізінде іске асады. • Қалыпты сатурация мерзімінен бұрын туылған нәресте үшін 40-60% құрайды, 5 минутта 80%-ға дейін көтеріледі және 10 минутта 85% және одан да жоғарылау керек. Қалыпты жағдайға келтіру кезінде гипероксиядан аулақ болу керек. • Интубацияны инвазивті емес желдеткішке (СРАР) әсер етпеген жаңа туылған нәрестелерге жүргізіледі. Барлық интубация жасалған нәрестелерге қосымша сурфактантпен терапия тағайындалған. • Сурфактантты енгізгеннен кейін тез арада (немесе ерте) извазивті желдеткішке ауысатын экстубация туралы шешім қабылдау қажет.
Сурфактантты терапия
Барлық РДС бар немесе оның дамуының қаупі бар нәрестелерге табиғи сурфактанттарды енгізуге кеңес беріледі. • Терапиялық мақсатпен өмірін сақтау үшін сурфактанты ерте егу тактикасы стандартты болу керек және барлық РДС-пен туылған нәрестелерге аурудың ерте пайда болған шағында егілу керек. • Сурфактантты босану бөлмесінде, анасы антенатальды стероидтер қабылдамағанда немесе нәрестенің қалыпты жағдайда болуына интубацияның қажеттілігі туындағанда, сонымен қатар 26 аптадан аз гестационды жаста туылған нәрестелерде FiO> 0,30болғанда, ал 26 аптадан көп гестационды жаста туылған нәрестелерде FiO2 > 0,40 болғанда енгізу керек. • РДС емдеуде берактанттың 100 мг/ кг препаратын енгізгенше, порактант альфаның бастапқы мөлшері 200 мг/кг. • Үнемі оттегіге пен механикалық желдеткішке қажеттілігі сияқты РДС белгілері сақталып тұрса, екінші кейде үшінші сурфактант мөлшері егіледі