Респираторлы дистресс синдромы


Туылғаннан кейінгі нәрестенің жағдайын тұрақтандыру



бет4/5
Дата27.10.2023
өлшемі7,66 Mb.
#188597
1   2   3   4   5
Байланысты:
ба бөж

Туылғаннан кейінгі нәрестенің жағдайын тұрақтандыру

  • Шала туған нәрестелердің бала жолдас-ұрықты трансфузиясына көмектесу үшін кіндігін қысуды 60 секундқа қоя тұрып, анасынан төменірек қалпында қалдыру керек. • СРАР-ты тыныс жолдарындағы қысымды маска немесе ішкі канюлялар арқылы 6 см Н2О кем қылмай, 30 аптаға дейін туылған гестационды жастағы нәрестелер мен барлық РДС дамуы қаупі бар нәрестелерге қолдануды туғаннан бастау керек. • Оттегі тек оттегі-ауа араластырғыш арқылы ғана берілуі керек. Қалыпты күйге келтіруде оттегі шоғырлануы 21-30%, ал шоғырын көбейту мен азайту пульсоксиметрдің ЖЖЖ мен сатурациясы көрсеткішінің негізінде іске асады. • Қалыпты сатурация мерзімінен бұрын туылған нәресте үшін 40-60% құрайды, 5 минутта 80%-ға дейін көтеріледі және 10 минутта 85% және одан да жоғарылау керек. Қалыпты жағдайға келтіру кезінде гипероксиядан аулақ болу керек. • Интубацияны инвазивті емес желдеткішке (СРАР) әсер етпеген жаңа туылған нәрестелерге жүргізіледі. Барлық интубация жасалған нәрестелерге қосымша сурфактантпен терапия тағайындалған. • Сурфактантты енгізгеннен кейін тез арада (немесе ерте) извазивті желдеткішке ауысатын экстубация туралы шешім қабылдау қажет.

Сурфактантты терапия

  • Барлық РДС бар немесе оның дамуының қаупі бар нәрестелерге табиғи сурфактанттарды енгізуге кеңес беріледі. • Терапиялық мақсатпен өмірін сақтау үшін сурфактанты ерте егу тактикасы стандартты болу керек және барлық РДС-пен туылған нәрестелерге аурудың ерте пайда болған шағында егілу керек. • Сурфактантты босану бөлмесінде, анасы антенатальды стероидтер қабылдамағанда немесе нәрестенің қалыпты жағдайда болуына интубацияның қажеттілігі туындағанда, сонымен қатар 26 аптадан аз гестационды жаста туылған нәрестелерде FiO> 0,30болғанда, ал 26 аптадан көп гестационды жаста туылған нәрестелерде FiO2 > 0,40 болғанда енгізу керек. • РДС емдеуде берактанттың 100 мг/ кг препаратын енгізгенше, порактант альфаның бастапқы мөлшері 200 мг/кг. • Үнемі оттегіге пен механикалық желдеткішке қажеттілігі сияқты РДС белгілері сақталып тұрса, екінші кейде үшінші сурфактант мөлшері егіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет