----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
ЖАҢА БАҒДАРЛАМА - ЖАҢА ТАБЫСТАР
Бекбергенова Замзагуль Турсыновна
Қарағанды қаласы №81 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Елімізде білім берудің жаңа жүйесіне көшу мектептегі білім берудің мақсатына сәйкес білім беру нәтижесін
жоспарлауды,
оны қайта қарап, жаңаша қалыптастыруды талап етуде. Жаңартылған білім беру
бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу
және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінен
жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушыларды Отанын сүюге,
адамгершілікке, ізгілікке баулу – ұстаздардың парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өз пәнін
меңгертуде рухани,
шығармашылықпен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа реформаны,
технологияны
меңгерген, білімі мен білігі жоғары деңгейде болуы шарт. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-өрісі
жаңашыл, шығармашылық
деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан
тұлға тәрбиелеу, оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру,
ой-өрісін кеңейтуде ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс қалыптастыру болып табылады.
Тұлғаның қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Тілді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең
басты бағыттарының бірі. Сондықтан оқушыларды қазақ тіліне қызықтыру
және мемлекеттік тілді еркін
меңгерту - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра
отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
тәжірибе жасау, АҚТ–ны қолдану,
коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,
шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді
(бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдануында.
Достарыңызбен бөлісу: