Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


Әдісі :  Ойын сауық , жарыс .  Пәнаралық байланыс



Pdf көрінісі
бет40/157
Дата30.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#194351
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157
Байланысты:
Республикалы басылым білім жолы н рлы жол

 Әдісі : 
Ойын сауық , жарыс .
 Пәнаралық байланыс :
ана тілі , математика , бейнелеу өнері . 
Көрнекілігі : 
Ұлағатты асыл сөздер жазылған плакаттар, қабырға газеттері , сурет көрмесі , қолөнер 
бұйымдары . 
Жоспары ( 1 сағатқа арналған ) . 
І. Ұйымдастыру бөлімі :
- сайыстың тақырыбымен таныстыру ,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру ,
- әділқазы алқаларымен таныстыру .
- сайыстың шарттарымен таныстыру , ( плакатта жазулы тұр )
ІІ . Сайыстың барысы : 
Ш. Сайыс қорытындысы . 
Сайыс барысы : 
Жүргізуші : 
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп ,
Өнер - білімге икемді болсын деп , 
Бәйтеректей бойшаңдансын деп , 
Өрен - өршіл өркенді болсын деп 
Жақсы жолды таңдайық .
Жамандық тәлім алмайық , 
Дарынды мектеп дәстүрін 
Жаңалайық , жалғайық , 
Ары адал , жаны жаз , 
Арулар жолын таңдайық , - деп « Ал , қанеки , қыздар » атты кешімізді бастайық . 
1 ) Армысыздар қадірменді көрермен қауым ! Қадірменді көрермен қауым , ақылына көркі сай қыздарымыздың 
өнері мен өнегесін , білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз .
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып өтейін . 
1 - шарт . « Сәлем - сөздің атасы » - деп аталады , әр топ атымен , ұранымен эмблемасымен таныстырады . 
( 4 мин )
2 - шарт . « Бәйге » сұрақ - жауап сайысы . ( 5 мин )
3 - шарт . « Кім жылдам мин ) 
Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін , икемділіктерін көрсетеді . 
а ) « Ою ойғанның ойы ұшқыр » ( қағаздан ою ою )
4)Ас адамның арқауы (10 –мин) салат түрлерін дайындау
5. - шарт . « Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз » — қолөнер бұйымдарын көрсету және үй 
тапсырмасы ( сөзжұмбақ 2 мин )
6.-шарт «Сән үлгісі»
Өнер , білім , өнеге тұнған дарын ,
Өнерліге өз басым таң қаламын . 
Өнерді әділдікпен бағалайтын , 
Таныстырайын әділқазы алқаларын
Әбдібек Г. Тоқаболат А. Керімбек Б. 
Сайыстың 1 шарты бойынша топтардың атымен таныстыру .
Ақылдылық қыздарға жарасады , 
Көзі ашықпен бәрі де санасады .
Келесі сұрақ - жауап сайысында 
40


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып , келесі кезекте сұрақтарға жауап береді . 
2-шарт « Бәйге » 
Әр топқа 10 - сұрақ беріледі , тез әрі нақты жауап беру керек . Әрқатысушыға 2 минуттан 7 минут беріледі .
« Бәйге » І-топ
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам ( құрт ) 
2. Үш арсызды ата . ( ұйқы , күлкі , тамақ ) 
3. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді . ( 4 ) , ( жануар тектес , өсімдік тектес , геометриялық , космогониялық ) .
4. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше ( түскиіз ) 
5. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн ? ( жіңішке ине , кесте жin ) 
6.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек ? ( 3 сағ )
1. Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал . ( салфетка )
2. Бидайдан әзірленген ұнтақ ( манка )
3. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек ( түсте )
4. Кестелеу үшін қандай құрал керек ? ( кергіш , оймақ , ине )
5. Сумоншақтың орысша атауы ( бисер ) 
6. Нанның кептірілген бөліктері ( сухари ) 
3 - шарт . « Кім жылдам ? 
А. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» әртоптан «1 қыз түрлі- түсті-қағаздан ою ойып беру керек»
4 - шарт « Ас адамның арқауы »
Ендеше іске сәт сайыскерлер ! 
Ас көңілдің ажары деген ырым 
Жақсы ғой тағамның да білген сырын , 
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған жаңашыл салат түрін . 
Өнер - білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті .Әр 
топ салат жасайды . (уақыты 5 минут ) 
5.- шартымыз бойынша « Шебердің қолы ортақ , шешеннің сөзі ортақ» дейді қазақ , енді қыздарымыздың 
қолөнер бұйымдарын тамашалап , бағалайық .
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті . Ал қазір кімнің пайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына 
сөз кезегін береміз . Жеңген топ марапаттау қағазымен марапатталады .
Қыздар , бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер . Сайысқа қатысқан 
қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз . 
Қорытынды : Салт - дәстүр , әдет - ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл 
мұрасы . Салт - дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние , ол халықтың мінез - құлқы мен іс - әрекетінің рухани 
негізі . Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп , әрі қарай 
жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз .
6шарт: Әсемде ару қыздарымыздың күзгі сән үлгісін тамашалайық
* * * * * * * * * * * * * * *
41


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алиева Роза Усанқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет