Пайдаланылған әдебиеттер:
•
Нұсқаулық (ІІІ негізгі деңгейге арналған)
www.cpm.kz
•
Оқытудың нәтижелерін бағалаудың әдістемесі Әдістемелік құрал Орал қаласы 2013ж
•
Блум таксаномиясын оқу үрдісінде пайдалану әдістемесі Әдістемелік құрал ,Орал қаласы 2013ж
•
Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби іскерлік сапалары Қазақстан мектебі журналы, №9 2011ж,24-бет
•
«Өзгеріс. Тәжірибе. Ойтолғау» облыстық деңгейдегі идеялар жәрмеңкесі Жинақ ,2014 ж 21-ақпан
•
К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында» «Принт АСС», 2016ж. Жаңа білім
беру технологиясы мен әдіс тәсілдері,
•
* * * * * * ** * * * * * * *
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА БІЛІМ БЕРУДІ ДАРАЛАНДЫРУ
Шымкент қаласы № 20 «Қазына» бөбекжай бақшасының
тәрбиешісі Калымбетова Динара Абдихаликовна
Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы қатарына шыққан,
бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат жайдары еліміздің
жарқын болашағы – жас ұрпақ.
Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын. Ұстазы білімді болса ғана, осы мақсатқа-еліміздің терезесі
тең елге айналуға, мойын бұрамыз.
Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып
келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру,
ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру
мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың
дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы
оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке
тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.
Бүгінгі күнде ең алдымен, балаға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр
баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды
құру қажет. Осыған байланысты қазірде алдымызда тұрған міндет балағаға белгілі бір білім жүйесін терең
меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін
айтарлықтай дамыту болып табылады. Сондықтан балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты
дұрыс ұйымдастыру әр ұстаздың педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас
үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана білім ордаларымыз бала үшін рухани ошағына,
жетпес қазынасына айналатыны сөзсіз.
Жоғарыда айтылғандарды негізгі ала отырып интеграцияға ерекше мән беруді жөн көрдім. Интеграциялық
оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда балалардың танымдық әрекетіне тән
дағдыларды қалыптастыру, тіл мәдениетін дамыту міндеті күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі екендігіне
дау жоқ. Осыған орай интеграция, интеграциялық оқыту мәселесі сан қырынан зерттелуде. Оқыту мен
тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әр түрлі негізде жасауға Н.В.
Малахов, И.А. Лошкарева, В.Н. Максимова, тағы басқалар зор үлес қосты. Қазақстандық педагогика да жалпы
білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б.Т.Набиева,
А.Ерімбетова, А.А.Әбдиева тағы басқалар сипаттады. Жалпы білім беру бағдарламасының негізгі құрлымына
сай, мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық жұмысы білім беру салаларының мүмкіндіктерін,
111
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру салаларының
кіріктірілген қағидаларының негізінде құрылуы қажет. М.В Крулехт,А.Г Погоберидзе, М.В Лазереваның
зерттеулерінше интеграциялау қағидаларын жүзеге асыру арқылы балаларда әлемнің біртұтастығын, өзін ойын
еркін жеткізуге және қарым-қатынас дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Кіріктірілген қағидасы білім беру мазмұнының таңдау мен талдауын қажет етеді, сондай-ақ балаға
қоршаған орта құбылыстарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ең бірінші «интеграция» түсінігін анықтау
маңызды. Интеграция терминін жалпы ғылыми терминдер қатарына жатқызады. Отандық ғылымда 1980
жылдан бастап, бұл терминді белсенді түрде қолдана бастады. Философия, педагогиканың ізімен алға
ілгерілей бастады. «Интеграция» түсінігі «байланыс», «қарым-қатынас», «кешенді әдіс», «жүйе», «біртұтастық»
ұғымдарымен мағыналас. Бұл ұғымның мағынасы жыл өткен сайын тереңдей түсті.
Қазіргі уақытта философтар интеграцияны байланыс жасау арқылы қалыптасқан қандайда бір кері
түсініктердің шешімінің нәтижесі ретінде қарастыруда. В.С Безруковтың пікірінше, педагогикалық интеграция
бұл педагогикалық мақсатта, педагогикалық әдістермен қатынас және байланыс жасауды орнықтыру. Ол
педагогикалық теория және тәжірибе шеңберінде жүзеге асады.
Интеграция
-
жалпы мағынада біріктіру, өзара түсінісу- әртүрлі элементтердің немесе бөліктердің бір
«тұтас» болып бірігуі. Жеке элементтерге қарағанда, тұтастардың артықшылығы мен мүмкіншіліктері көп.
Интеграциялық қызмет педагогикалық процесті қызық әрі мазмұнды етеді.
Интеграция мектепке дейінгі білім беруде балаларға білім беру компонентерінің жалпылама ықпалын
тигізеді, бұл әр қайсысына бөлек ықпал жасағаннан әлде қайда белсенді және қолайлы, білім беру барысында
жақсы нәтижелерге әкеледі. Интеграцияның ішіне бастапқы мақсаттарды жүзеге асыру және тәрбиелеу
тапсырмалары және айналадағы дүниеге көзқарасын толықтай қалыптастыру негізінде жеке тұлға ретінде
қалыптасуы; мазмұнын жүзеге асыру ғана емес формальды максаттарымен тәрбиелеумен дамыту
тапсырмалары; әр түрлі бөлімдердің (түраралық интеграция) және бөлім ішінде (ішкітүрлі интеграция)
байланыс компонентерін нығайту; тәсілдердің өзара әрекеттесуі және тәрбиелік тәсілдері және балаларға білім
беру жұмыстарын тікелей уйымдастыру (методикалық интеграция); балалар шығармашылық түрлерінің
синтезі; үлкендер мен балалардың және балалардың өзіндік жұмысына интеграция түрлерін енгізу.
Интеграцияның басты бағыты баланы дамыту
дәрежесінде әр түрлі элементтердің (бөліктердің) бір
«тұтас» болып бірігуі, бала дамуының әр түрлі бағыттарының катогория түсініктерінің бірігуі, педогогикалық
үрдісті қызық және мазмұнды қылады.
Білім беру саласының интеграциясының
дәрежесінде бір білім беру саласының мақсаттары мен
тапсырмалары мен екінші білім беру саласының мақсаттары мен тапсырмалары арасында байланыс болады.
Интеграциялық тапсырмаларды шешу барысында, бала үлкендердің көмегімен ассоциялық байланыстарды
«тізбектеп» және қандайда да бір белгіні еншілейді, тек өзі ғана емес, басқа ерекшеліктер жүйесінде және
интеграциялық білім беру саласын байланыстырып, талдаудың негізі болады. Жүйелі зерделеу
нәтижесінде білім беру саласын жан-жақты танып басты талдамаларды қолдана отырып (бала көреді, естиді,
сезеді), мектепке дейінгі бала бір білім саласын танудан екінші білім саласын тануға онай қайта бағдарлана
алады. Неғұрлым маңызды белгілерін бөлу үрдісі сәтті болса, соғұрлым баланың білім саласында тұспалдауы
кеңірек болады. Нақты бір немесе басқа білім саласын толығырақ және тереңірек танығанда керек белгілерді
талдауда бірталай жеңілдетеді. Бірақ педогогикалық тәжірибеде жаңартпашыл құбылыс ретінде тәжірибеге
енгізуде теориялық, методикалық дәлелділігінің әлсіз болғандығынан қиындықтар туғызады.
Көптеген зерттеулерде педагогикалық әртүрлі аспектілер қаралады: Мектепке дейінгі білімнің мазмұны,
үлгі ретінде бейнелеу қызметі және бейнелеу өнері арасындағы байланыс, басқа өнер түрлерімен және
қоршаған орта туралы түсініктерінің қалыптасуымен байланысты жағдайына байланысты әр түрлі білім беру
аумағына интеграцияның әдіс-тәсілдерін өңдеу қажет. Интеграция тәсілі интеграцияның қағидаларын жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.Білім беру аймағына тәрбиеленушілердің артықшылықтары мен ерекшеліктерін
ескерілуі тиіс.
Біріктіру
- білім беру аймағындағы барлық элементтердің жинағы;
Үйлестіру
- білім беру аймағындағы психологиялық – педагогикалық міндеттердің шешімін анықтайды.
Қорыта келгенде айтатыным, баяндамада өн бойында сөз болып отырған интеграциялық сабақтар балаларды
жалықтырмайды, жұмыстың түрі өзгеру барысында біртұтастықпен тақырыпты жан-жақты дамытады. Әрине
ол тәрбиешінің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұкият әзірленуіне байланысты. Интеграция –
іс-әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жай келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің
тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі болып табылады.
112
----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Достарыңызбен бөлісу: |