Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – БҮГІНГІ



Pdf көрінісі
бет144/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   157
Байланысты:
1114 караша
3.03 5ә, 1513583687, 6-сынып, 9 сынып ТЖБ 2Т, MR 20220801 084334, 5 ТОО 1а2к Сынып мәдениеті жөнінде сауал жүргізу, test art 702
«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – БҮГІНГІ
 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАП»
Шымкент қаласы № 103 ЖОББМ 
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамаков Сейдуали Курманалиевич
 Бастауыш сынып мұғалімі Турсунжанова Ляззат Назиржановна
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
 сол білімді іске асыра білу дағдысы“ 
Байтұрсынов
 
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан
Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім
беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере
алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы
Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық
өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. 
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты
білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре
отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды
бағалау жолдары.
«Критериалды бағалау»
терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин
оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті
анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. 
Критериалды бағалау
– оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін,
білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.)
барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. 
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою
арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті
дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы
туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты
құндылықтар жатыр. (Александер, 2001)
Бағалау
- оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау
үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді:
оқуды бағалау
және оқу үшін бағалау
. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған
және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру»
деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің
дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан
бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір
тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде
132


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді
қамтиды:
23-
қадағалау;
24-
алынған мәліметтер интерпритациясы;
25-
бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет