Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


ІС- ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДА САБАҚТА



Pdf көрінісі
бет3/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Байланысты:
1114 караша

 ІС- ТӘЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНУ БАРЫСЫНДА САБАҚТА
ДИАЛОГТІК ОҚУ МЕН ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРДІҢ МАҢЫЗДЫ РӨЛІ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
Тоқаболат Айсұлу Үсентайқызы 
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы өзімнің 3 б сыныбында өткізген 2-ші сабағым көктем
айлары атты тақырыпта болды. Алдымен оқушылармен жылы көңілді қарым қатынас сәтін жүргізіп,
оқушылардың сабаққа қатысын тексеріп алдым. Оқушыларды көктем айларына байланысты үш топқа
бөліп, оқушылардың бар көңілін сабаққа аудыру мақсатында кіріспе жүргізіп, топ ережесімен
таныстырдым. Бүгінгі сабақта бағалау смайликтер жинау арқылы жүргізілетінін ескерттім. Үй
тапсырмасы оқушылардың сөздік қорын байыту үшін, сөздік сұралды.
Жыл мезгілі көктем туралы білгендерін еске түсіріп төрт шумақтан тұратын тақпақтар айтты. Жаңа
сабақтың тақырыбын ашу үшін, «Мозговой штурм» миға шабуыл әдісі сұрақ жауап арқылы жүргізіліп,
оқушылар жаңа сабақ тақырыбын айқындап, сабақ мақсаттарымен критерилермен танысты. Оқушылар
сурет арқылы жұмыс жасап, оқылым дағдысын жүзеге асыру барысында «Оқылым аялдамасы» арқылы
жүргізіп, көктьемнің үш айы март, апрель, май (наурыз, сәуір, мамыр) айларында болатын табиғат
құбылыстарымен танысты.
Топтық жұмыс «Кім жылдам» әдісі арқылы көрсетілген суреттермен жұмыс барлық оқушыларды
қамту арқылы жүргізілді. Кейбір дарынды оқушылар бірден үш тілге аударды (орыс, қазақ,ағылшын
тілі). Оқушылар сынып бойынша «Штопанье дыр» әдісі арқылы перфокарта кағаздарымен жұмыс
жүргізілді. Үш топқа үш түрлі тапса берілді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру барысында
жұмбақтар шешу тапсырмасы орындалды. Жұптық жұмыс кеспе қағазы арқылы «Өзің білсең басқаға
көмектес» әдісі арқылы оқушылар алдымен тапсырманы өз бетінше орындап, кейін бір –бірін тақтадан
тексерді. Сергіту сәті орындалды. Сабақты қорыту барасында оқушылар берілген «мақал-мәтелді
жалғастыр» әдісі арқылы топпен бірігіп орындады. Көктем мезгілінде не үшін егістікте жұмыс көп
болатынын оқушылар түсіндіріп берді. Рефлексия кезінде оқушылар өз көңіл күйлерінің жақсы,
көтеріңкі, сабақтың түсінікті, ұғымды болғанын күлімдеген күн арқылы, ал сабақ түсініксіз қызықсыз
болса бұлт арқылы көрсетті. Бірақ бұлт көтерген оқушы болмады.
Оқушыларды өздерінің жинаған смайликтері арқылы бағаладым. Үй тапсырмасы оқушылардың
сурет салуға деген құштарлығын арттыру мақсатында көктем мезгілін бейнелеу болды. Салған суретке
қарап, 3-4 сөйлем құрады. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы өткен 3-ші сабағым С праздником
Наурыз болды. Бұл сабақ салт дәстүрді дәріптейтін, көңіл күйді көтеретін тақырып болғасын сабақ
көңілді басталды. Алдымен оқушылармен амандасып, мерекемен құттықтау арқылы басталды. 
Топқа бөлуде түрлі-түсті конфеттер болды. Сабаққа деген құштарлығымызды Наурыз! Наурыз! әнін
айтумен басталды. Мерекеге орай сабақты бағалау тәтті конфеттер болды. Оқушылар топ ережесімен
танысып алды. Үй тапсырмасы «Мақалды жалғастыр» әдісі арқылы оқушылар мақал мәтелдер айтты.
Жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін, оқушыларға мереке деген не екені, Қазақстанда қандай мерекелер
бар екені Наурыз айындағы ең үлкен мереке жаңа жыл туралы мағлұмат беруден басталып,
Наурыз мерекесі туралы видеоролик көрсетілді. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын сөздікпен
жұмыс жүргізілді. Топтық жұмысы « Ия немесе жоқ» әдісі арқылы берілген суреттерге қарап әңгіме
жүргізілді. Оқылым дағдысы «Чтение по цепочке» әдісі арқылы оқылды. Жаңа сөздерді есте сақтау
үшін жұптық жұмыс «Мен бастаймын сен аяқта» әдісі арқылы жүргізілді. Оқушылар өз бетінше
өзіндік жұмысын орындап, көршісін тексерді. Топтық жұмыс «Обычаи и традиции» жүргізіліп, оқушылар
плакатқа берілген сөздерді «Соединии линии» әдісі арқылы сызып көрсетті.
Сергіту сәті мерекеге орай Кара жорга биі болды. Оқушылар сабақты қорытындылай келе берілген
бірнеше сұрақтарға жауап беріп, тақтада берілген Кроссворд тапсырмасын шешті. Рефлексия кезеңін
қызғалдақ гүлінің үш түрлі түсі арқылы жазды. Қызыл қызғалдақ – өте жақсы көңіл күй, Сары
қызғалдақ - орташа көңіл күйді, көк қызғалдақ - көңілсіз күйді білдірді. Үй тапсырмасына «Наурыз -
день ровнодеиствия» тақырыбына эссе жазу болды. Осы төменде өтілген сабақтар барысында менің
байқағаным оқушылар диалогтік қарым-қатынаста болды. Диалог орнатудың тиімді және тиімсіз
жақтары, көшбасшылардың рөлі, жұмыстың өнімділігі, қызықты өтүі үшін топты қалай ұйымдастыру
керектігін жалпы психологиялық жақсы ахуал орнатуда не маңызды екендігі туралы пайдалы
көптеген мәліметтер алдым. 
4




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет