Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол


Қарым-қатынас жасай білу - үлкен өнер



Pdf көрінісі
бет7/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157
Байланысты:
1114 караша

Қарым-қатынас жасай білу - үлкен өнер.
(психологиялық тренинг)
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Б.Төлепбаев атындағы ЖОМ
Педагог-психолог Култаева Толкын 
Мақсаты:
Қатысушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген 
құндылық, сергектік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және ұжымды біріктіру эмоционалды көңіл - 
күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді дамыту.
Қажетті құралдар:
тренинг ережесі ,нақыл сөздер, маркер, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар, музыка.
Тренинг ережесі:

Тыңдай білу

Белсенді қатысу

Сөзді бөлмеу

Күлімсіреу

Сын айтпау

Уақытқа бағыну
Мұғалімге қатал болған жақсы. Мейірімді болған одан да жақсы. (халық даналығы)
Баланы мейіріммен меңгере алмаған адам қаталдықпен де бағындыра алмайды. (А.П. Чехов)
Армысыздар, құрметті қонақтар! 
Психолог:
Бүгінгі «Қарым-қатынас жасай білу-үлкен өнер» атты тренингке қош келдіңіздер!
Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы өтуі үшін адамдардың бір бірімен сыйластықта 
болғанына не жетсін?! Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білу –үлкен өнер екенін 
кеңінен ұғынуға мүмкіндік береді. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты. Көңіл –қүй 
адамның ішкі дүниесінің құбылысы, көңіл –күй адамның айнасы. Олай болса біз қазір бойымыздағы барлық 
ауырлықты артқа тастап, денемізді жеңілдетіп алуға тырысамыз. Ол үшін: орындыққа жайланып отырыңыздар, 
екі қолымызды аяғымызға қоямыз, содан көзімізді жұмамыз. 
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуды орындауға шақырамын.
Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңі ауырлап бара 
жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп 
есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты 
дем алып,асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.Теңіз толқындарының шуын естіп, 
толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан 
ауыртпалықтан бір сәтке болсада арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, 
аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың 
жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды 
бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал сіздің бетіңізді өбуде, теңіз 
толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі 
және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, 
күлкіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. Сіздің 
қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіз демалыс пен бақыт сыйлаған 
ғажайып әлемге алғысыңызды айттыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Қандай ғажап табиғат, таза ауа, 
жұмсақ құм, жылы су! Енді кең дем алып, ақырын демімізді шығарамыз. 
Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізге күні бойға жетер жігер, қуат жинадық, біздің көңіліміз 
қуанышты. Біз осы өмірдегі ең бай,ең байсалды, ең білімді, ең керемет жандармыз!
8


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Бір - бірімізге қуанышты сезіммен қараймыз. Біз қандай бақыттымыз! Көздеріңізді асықпай ашыңыздар. 
Рефлекция! Қазір қандай күйдесіздер?Босаңсу жаттығулары қаншалықты нәтиже береді екен ?
2. «Менен бір тілек» жаттығуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет