----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет
етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы
мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.
Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың
оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек.
Оқушының қажеттілігін қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез
қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Білім беру үрдісінде мұғалімнің оқушыны дұрыс бағалауға көңіл бөлгені дұрыс. Баға–оқушының білімін
көрсететін нәтиже. Мұғалім жаңа форматта құрылған сабақ тақырыбына байланысты критерийлер бойынша
немесе бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады.
Қазіргі заман ағымына сай болашақ ұрпаққа саналы тәрбие, терең білім беру еліміздің басты мәселесі
болып табылады. Яғни, сабағының жемісті болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа бағдарламаны
меңгере отырып қолдану әр ұстаздың парызы деп есептеймін. Осы әдістемелік құралдың ішінен мұғалімдер
рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығын, кері байланыс жасау кезінде және сабақ барысында
қолданатын әдіс-тәсілдерді, қысқа мерзім жоспар үлгілерін, ата-анамен жұмыс түрлерін өз тәжірибелеріне
пайдалана алады және түрлендіріп, өзгертулеріне болады.
* * * * * * * * * * * * * * *
Достарыңызбен бөлісу: