Республикалық басылым білім жолы нұрлы жол



Pdf көрінісі
бет85/157
Дата03.06.2022
өлшемі2,76 Mb.
#145794
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157
Байланысты:
1114 караша

ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ
Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Жасұлан» балалар бақшасының тәрбиешісі
Оспанова Гульжанар Женисовна
«Отан отбасынан басталады» демекші, тәрбие тал бесіктен басталады.Яғни бала бесікте шырылдап жатқан
күннен бастап, ата-ана тәрбие бере бастайды.Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі бір
дәстүрлердің,жағымды өнеге мұралар мен салт дәстүрлердің сақтаушысы.Отбасында бала алғаш рет
өмірімен,қоршаған ортамен танысып,мінез құлық нормаларын қалыптастырады.Отбасы тәрбиесі-бұл жалпы
тәрбиенің бір үлкен бөлігі десе болады.Бала дүниеге келген сәттен бастап,оның ойлы дене бітімінің дұрыс
қалыптасуына,ақыл-ойының жетілуне назар аударған.Сәбидің жүріп сөйлей бастағанынан әдепке,мәдениетке
баулу,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасыдан бастау алады.
Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жолға бағыттау-өмір заңы. Бала өсе келе көп
нәрсеге үйренеді,халқының,ұлтының кім екендігін айқын түсіне бастайды,отаншылдық сезімі арта
түседі.Кіндік қаны тамып,туып өскен мекенін,табаны тиіп тұрған топырағын аялай бастайды.Қазақ жерінің
қадыр қасиетін,киесін ұғынады.Ата-бабаларымыз балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін
ғасырлар бойы жинақтады.Әділдік,адалдық,имандылық,бауырмалдық,шыдамдылық,сабырлылық,адамның
рухани моральдік нормаларын бала жанына сіңіре білді.
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп дана халқымыз бекер айтпаған шығар сірә. Қыз тәрбиесі
бір бөлек, ұлдың тәрбиесі бір бөлекқой. 
Алдымен ұл тәрбиесіне тоқталсақ. Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Қай халықта да ұл
бала тәрбиесі-әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» дей отырып,қазақ отбасында
әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген,аңшы,яғни «сегіз қырлы,бір сырлы» жігіт етіп
тәрбиелеген.Бала ес білгеннен бастап,оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің,болашақ әкесің,арқа сүйер
жарсың,отбасының асыраушысысың,сондықтан да тек жақсылықты игер,ал жамандыққа мүлдем жолама»деген
сүбелі сөздерін құлақтарына құйып отырған.Келесі кезек әрине қыз тәрбиесінде.Қыз әуелде ана
бауырында,отбасы тәрбиесінде болады.Оған ұлдан өзгеше тәрбие береді.Қыз тәрбиесінде білікті аналар,әжелер
өздерінің өнегелі,сүбелі сөздерін,ақылдарын айтып отырған.Мысалы:тасыр мінез,кеселді сөзден аулақ
болу,үнемі сіз-біз деп сөйлеу,кісі бетіне,әсіресе,ер адамдардың бетіне тікке немесе қылымсып қарамау,тамақты
ауыз толтыра асап,былшылдатып,шалпылдата шайнамау,ыдыс-аяқты жуып шайғанда тарсылдатпау жане
тағыда басқа тыйымдар жайлы айтып отырған.Осыған қарап «ерте замандағы Қазақ балаларының тәрбиесі
қандай мықты болған десеңші»деп бір таңырқап қаласың ғой шіркін.
Шынында қазырғы заманның тәрбиесі қандай?деп өз өзімізге сұрақ қояйықшы.Балаларымызға жеткілікті түрде
көңіл бөліп,ата-бабаларымыз бергендей үлкен тәлім-тәрбие беріп жатырмыз ба? Бізде баяғы сол балаларымыз
елдің балаларынан кем болмасын, артта қалмасын деп, әрбір үйірмелерге беріп жатамыз,ал шын мәнінде
балаңыз соны қалайды ма? Менің жеке ой пікірім негізінде былай,әрине баланың жан жақты болғаны
дұрыс,алайда тек өз қалауымен.Енді көңіл бөлу жағына келетін болсақ:барлығымыз жұмыс бастымыз,демалыс
күндері ғана уақытты бірге өткіземіз.Бұл шындыққой,тіпті дәлелдеуді қажет етпейді десекте болатын
шығар.Сондықтан менің айтарым «бір әкенің берген тәрбиесін ,жүз мектеп бірікседе бере алмайды»деген сөз
барғой,егерде ертеңгі болашағымыз жарық болуын қаласақ онда,әрекетті отбасындағы баланың тәрбиесінен
бастауымыз қажет.Әрине,ерте кезеңдегі тәрбиені бере алмасақта балаларымыздың саналы ұрпақ болуына қол
созайық.
* * * * * * * * * * * * * * *
79


----- «БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал – Қараша айы 2020 жыл | № 11 (14) -----
Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылы,
«Балдәурен» РОСО филиалы 
Жауаптылар:
Физика пәнінің мұғалімі: Әжібаев Нұрғазы Шаймұратұлы
Математика пәнінің мұғалімі: Алиханов Жасулан Жанабекович
Физика пәнінің мұғалімі: Аманова Сандуғаш Тағайқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет