“Карусель” деп аталатын жұмыс түрі қатты ұнайды:
Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина - бұл қозғалмай отырған
оқушылар. Сыртқы сақинада – оқушылар ауысып тұрады және ішкі сақинадағыларға сұрақтар
қояды.. Бұл әдісті бір тарауды қайталау бойынша пайдаланған қолайлы. Мысалы «Ms Word» тарауын
қайталау барысында, сыртқы сақина сұрақтар қояды, ал ишкі сақина оқушылары сұраққа жауап беріп
ноутбуктан көрсетіп отырады. Осы әдіс арқылы әрбір оқушының тақырыпты қаншалықты
меңгергендігі айқын көрінеді.
Сондай-ақ мен сабақтарымда мәтіннен алған түсінігін қорыту, өмірмен байланыстыру,
дәлелдеуді қажет ететін
«Фишбоун» әдісін жиі пайдаланамын. Оқушылар берілген балық
қаңқасына қара сөзбен проблеманы , оның туындау себептерін анықтайды, дәлелдерін келтіреді,
қорытынды жасайды. Мысалы «Интернет желісі» тақырыбында оқушыларға проблеманы анықтау
және оны шешу жолдары деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз ойларын күнделікті өмірмен
байланыстырып, жан- жақты жауап береді.
БББ стратегиясын сабақта пайдаланудың маңызы зор. Мысалы Ms Excel тақырыбында сабақ
басында кестенің «Білемін» бөліміне Ms Word тарауы бойынша өткен кесте туралы білетіндерін
жазса, «Білдім» бөліміне Ms Excel бойынша алған білімдерін жазады, ал «Білгім келеді» бөліміне
болашақта үйренгісі келеді сұрақтарды жазады.
«Қораптағы тапсырмалар» әдісін практикалық сабақтарда пайдалануға болады. Қорапқа
қағазға жазылған әртүрлі тапсырмалар салынады. Оқушылар өздері алған тапсырмаларды
компьютерде орындайды.
Сабақтың жаңа тақырыпты түсіну бөлімінде
«Кластер» әдісін пайдалану тиімді. Бұл тапсырма
шағын топтарда орындалады, оқушылар бірігіп жұмыс жасайды. Оқу материалдарын тиімді
меңгеруге бейімдейді.
Сонымен бірге мен сабақтарымда рөлдік ойындарды пайдаланамын. Мысалы «Компьютерлік
құрылғылар» тақырыбында оқушыларға принтер, сканер, колонка, камера, флешка кейіпіне ену
тапсырмасы беріледі. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады және сөздік қорын
арттырады.
Олай болса, ХХІ ғасыр - информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған
заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан- жақты
дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер
және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау
қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп,
нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы
ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік
оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі
жоғары деп есептеймін.
48
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------