«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Балаға деген сүйіспеншілік пен жан жылуы жоқ жерде кішкентай періштелерді педагог өзіне
баурап алуы мүмкін емес. Құпияға толы балалар әлемімен бірге өмір сүру мені қуанышқа бөлейді.
Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың
негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика
қай салада болса да, бүгінгі
маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің
қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану
ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
А.Ф.Присяжная педагогика ғылымында құзыреттілік - тұлғаның белгілі бір сферадағы
функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын
айтады. Жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға жұмыс орнының және оқушылардың,
заман ағымының әсері ерекше болып табылады.
Құзыреттілік дегеніміз жеке тұлғаның теориялық білімін
оқу процессінің барысында
практикалық тәжірбиесімен ұштастыра отыра, жаңа жұмыс орнында білім беруге даярлығы мен
қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және
әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы
түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Жас маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және
жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп,
интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен,
адамдармен,
балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол,
т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Кәсіби құзыреттіліктің негізі оқу орнында теориялық және практикалық дайындық барысында
қаланады. Осы үрдісте педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Ал практика нәтижесі студенттің
кәсіби қызметке дайындығын көрсетеді. Ол педагогикалық оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты
бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық
ісәрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары
жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық
құбылыстарды зерттеуге деген
қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға
көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда.
Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы
қарама–қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп
мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру
жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол
қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді.
Мұғалімнің құзыреттілігін
қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім
сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-
қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім
берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді
қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген,
жан-жақты зерттелетін,
сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік
өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай,
нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне
ауысу білім беруді басқару
жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден
негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
4