Республикалық басылым білім жолы


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата13.03.2023
өлшемі0,66 Mb.
#172075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
№-02-40-2023

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ КӨРКЕМ
ЕҢБЕК ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
МАТЕУОВА ЗЕЙНЕГУЛ ЖАКСЫГАЛИЕВНА
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы
№ 61 жалпы білім беретін орта мектеп
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі
Қазіргі жаңартылған білім беру үдерісінде қалыптасып отырған жаңа атаудағы «Көркем еңбек»
білім беру бағдарламасы кіріктірілген тұрғыда білім берудің теориялық негізіне сәйкес анықталғаны
белгілі. Бұл атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұнына талдаулар жасау барысында, оның
тұжырымдық бөлімінде, яғни мақсаты – оқушылардың көркемдіктехнологиялық білімі мен
іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен ойлауын дамытуға бағытталып,
еңбекке баулу оқу материалдарына басым бейімделсе, оның нәтижеге бағытталған оқыту
мақсаттарының жүйесі бейнелеу өнері оқу материалдары кеңінен қарастырыла қамтылғаны
байқалады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың құрылуында ескерілетін мәселе, ол кіріктіре білім беру мен
оқытудың теориялық негізін ерекше көңіл аударылуы қажет еді. Ол білім беру тұрғысында екі оқу
пәннің біріктірілуінде бір оқу пәнінің оқу материалының басымдылығымен анықталуды ұсынады.
Бірақ, ол оқу материалы қоғамдық қажеттілікті, оқушы тұлғасының сұранысы мен
қызығушылықтарын ескеруі абзал. «Көркем еңбек» оқу пәнінің атау мазмұнында да бейнелеу
өнерінің оқу материалына тән белгі – «көркем» ұғымымен ғана байланысты болып қана тұр. Оның өзі
де тек «механикалық» сөз құрауға ғана қажет болғаны байқалады. 
Шын мәнінде «көркем» сөзіне емес «еңбек» ұғымы сөйлемнің және «көркем еңбек» атаудың
түйінді мәнін ашады. Олай болса, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының мақсаты орынды
анықталып, ал, оқыту жүйелерінің мақсаттары және қолданылатын ресурстар бейнелеу өнер оқу
материалдарына икемделіп кеткені анықталып отыр. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын
орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде
бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың
байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып
отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың
шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді.
Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек
етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой
түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек,
шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі
дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына
және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (көркем еңбек) пәнінің
алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (көркем еңбек)
пәнінде оқушыларды алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы,
ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары
қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген
ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді . 
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты
білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі еңбекке баулу сабағы, қатардағы өтіліп келе
жатқан пәндердің бірі болып саналынады. 
Демек еңбек тәрбиесіне баулу көркем еңбек пәні арқылы жүзеге асырылып отырылады. 
Көркем еңбек пәнін оқытуда – еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек
тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. 
7


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру,
жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым – қатынастарды жаңарту, еңбек
біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге
жіктейді.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу
қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені,
оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің ісәрекетімен
байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны
іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. 
Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу,
көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді
басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей
отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т. б. бағалы
қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. 
Көркем еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген
бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді
еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты
қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. 
Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке
бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол
қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. 
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің
шеберлігіне байланысты. Инновация – оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу - оқушылардың саналы
да сапалы білім алудың бірден бір шарты. 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап
оқыту - оқушылардың туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген
білім беру жүйесі. 

оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану

сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне
қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану тағы да басқа ойынның
түрлері қолданамыз. 
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі
ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп,
жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден
қалыптасқан. Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. 
Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті
болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе
одан шет қалуы оның келешегінеяғни болашақ өміріне тарбиесіне әсері орасан зор болып табылады. .
Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет.
Еңбекке сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. 
Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі
бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн . Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып
шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. 
Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру
жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер
шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз.
Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің
ісәрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы
оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі
ұстанымыз: «Сөзден - іске көшу». Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. 
 
8


«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет