УДК: 7967012.68
ОРТА МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кунай С. – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, ӨМ жС институтының
«Педагог - ұйымдастырушы және БӘД»кафедрасының магистр, аға оқытушысы
Бүгінгі таңда әр бір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіруде дене тәрбиесінің атқаратын ролі зор.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді.
Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті.
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.)
Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі болып есептеледі. Осы мақалада орта мектептегі дене тәрбиесі сабағында жүргізілетін оқу сабақтарын өткізу әдістемесі көрсетілген.
Кілт сөздер: дене тәрбие, гимнастика, педагогика, реформа, санитарлық-гигиена.
Мектептер мен мектептен тыс мекемелердің дене тәрбиесін берудегі басты бағдары – жастардың гармониялық өсуін, рухани жетілуін, моральдық тазалығы және деннің сау болуын қамтамасыз ету, тұлғаның өмірге үйлесімді жетілудің басты шартының бірі-дене тәрбиесі [1].
Дене тәрбиесі мемлекеттік оқу орындарына арналған оқу жоспарында қамтылған. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек.
Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді [2]. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Дене тәрбиесінің бағдарламалық мазмұны мен мөлшерлік нормативтік құжаттарында бағдарламалық кешенді негіздері мен шарттары айқын көрсетілген. Ресми құжаттарда дене тәрбиесіне қойылған талаптар,қйымдастыру жолдары мен халық ағартумекемелерінің басшылық етуі, жетекшілік міндеттері мен басқа қоғамдық ұйымдармен, кәсіподақтармен байланысты белгіленген. Мектеп жасындағы оқушылар мен жастарға дене тәрбиесін беру негізгі-мемлекеттік және қоғамдық тұрғыдағы әлеуметтік іс болып саналады [3].
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының негізгі түрі – сабақ саналады деп жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған. Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескеру қажет.
Дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады. Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және бір - бірімен жан - жақты қарым - қатынасқа түседі. Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп өткізіліп отырылуы қажет. Сабақ барысындағы үйрету процесінде барлық оқушылар қимыл дағдыларын орындай білу шеберліктерін, білімнің белгілі бір көлемін меңгереді, дененің сапалық қасиеттеріне ие болады. Сабақтың ерекшелігі оқушылар ағзасының үнемі қимыл – қозғалыста болуында. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді.
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан – жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.
Педагогика ғылымы мектеп жасындағыларды жас жағынан былай топтастырады:
бастауыш сынып оқушылары 7-10 жастағылар
орта сынып оқушылары (жас өспірімдер) 11-14 жастағылар
жоғары сынып оқушылары 15-17 жастағылар.
Дене тәрбиесін оқытудағы мұғалімнің мақсаты; кіші мектеп жасындағы балалардың күшін жетілдіру, барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуын қадағалау, дене бітімінің түзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік бұлшық ет белдемесін құру. Бұлшық ет пен сүйек дамуының үйлесімдігін ескеру. Ол үшін баланың күн тәртібін дұрыс құрдыру.
Міндеттері:
- оқушыларды Отанын, халқын сүю рухына тәрбиелеу. Оқушылардың дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандыру.
- дене тәрбиесі сабақтарын жоғарғы сапада өткізу және бағдарламада жоспарланған материалдарды толық өтуді қамтамасыз ету. Мектеп күн кестесіндегі бұхаралық сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі, сабақ үстінде өткізілетін «үзіліс сәті», сабақ арасындағы үзілістермен, ұзартылған күн тәртібіндегі ойындармен дене жаттығулары) жатады.
- дәргерлер мен тығыз байланыста болу. Оқу жылының басында барлық оқушыларын міндетті дәргерлік бақылаудан өткізу. Оқушыларды оқу топтарға (дайындық, негізгі және арнаулы медициналық топтарға) бөлу.
Ескерту: оны барлық оқушы балаларға жария етуге болмайды.
Олардың денсаулығын, денелерінің дамуын бақылау. Демек, дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты сол мәліметтерге сәйкес ұйымдастыру.
- дене тәрбиесі сабақтары мен сыныптан тыс өткізілетін орындардың, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалау керек.
Дене тәрбиесі жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сай, бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіріп, денсаулықғын нығайтып, оларды өмірде белсенді болуға Отанын қорғауға дайындайды [4].
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене тәрбиесі сабағының алдына қоятын міндеттері:
оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
жаттығулар мен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигиеналық талаптарды білу;
негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, оқушылардың жалпы икемділігін арттыру;
қимыл сапаларын жетілдіріп, дене бітімін дұрыс қалыптастыру;
өз денелерін дұрыс ұста, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету:
- жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне әуесқойлығын арттыру. Бұл міндеттерге жетуге және дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгісі дене шынықтыру сабақтары, денсаулық сақтау мен шынықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергіту кезеңдері, үзілістерде жүргізілетін жаттығулар мен ойындар) және сабақтан тыс уақытта жүргізілетін спорт жаттығулары мен жас ерекшеліктеріне сай ГТО комплексінің түрлері жүргізіледі.
Қимыл сапаларын жетілдіру үшін үйге берілген тапсырмалар да осы уақытта қайталанады. Төменгі сынып оқушылары мектепте жүргізілетін әр түрлі үйірмелерге де өз талғамы бойынша қатысады.
Қорыта келе, мектеп жасындағы балалардың қозғалыс сапаларын жетілдіру, олардың өсуі мен даму ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Себебі сапалық қасиетті дамыту екінші бір сапаның дамуына әсерін тигізеді. Оқушылар организімінің өсу жолында дененің кейбір сапалық қасиеттерін жетілдіру жоғары қарқында тәрбиеленеді.
Сабақтарды, және іс-шараларды өткізгенде оқушының мүмкіншілігіне қарай топ-топқа бөліп қарастырған жөн. Себебі әр оқушының дене бітіміне, денінің саулығына байланысты мүмкіншіліктері әр-түрлі болады. Сондықтан мұғалім оқушыны бағалау барысында осы мүмкіншіліктерін ескере отырып бағалаған дұрыс.
1 Дайрабаев С.Е. Спорт және дене тәрбиесі теориясы. – Алматы: Білім, 2009. - 41-43 б.
2 Мұхамеджанова Ұ.Ж. Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі. – Астана,2007.
3 Уанбаев Е.Қ. Дене тәрбиесінің ңегіздері. – Алматы: «Санат», 2000.
4 Орта мектеп оқушылары арасында жарысты ұйымдастыру және өткiзу методикасы. – М,.1983. Балалар және жасөспiрiмдер физиологиясы (әдістемелік нұсқау).
Резюме
Кунай С. – магистр педагогических наук, ст.преподаватель кафедры Педагогов-организаторов и НВП Института исскуств, культуры и спорта КазНПУ им.Абая. serik.kunai@mail.ru
Методика организации и проведения урока физической культуры в средней школе
Статья посвещена вопросам координациий движений, развития физической силы и духовных качеств молодых граждан Республики Казахстан. На сегодняшний день роль физической культуры в воспитаний молодежи значительно возросла, поскольку процесс улучщения физической культуры в школе и других учебно-воспитательных заведениях требует объемных знаний, хорошей общефизической подготовки и времени.
В статье раскрываются вопросы первоочередных задач по укреплению здоровья и обеспечению всестороннего физического развития подрастающего поколения, стоящих перед педагогами.
Раскрыта система физической культуры, взаимоотношения различных общественных групп в зависимости от их особенностей и личных качеств людей.
Показана роль физической культуры в формировании личности, ее всестороннем и гармоничном развитии, являющейся составной частью общей культура общества.
Представлена методика проведения учебных заниятий в средней школе на уроках физической культуры, рассмотрены её особенности.
Ключевые слова: физическое воспитание, гимнастика, педагогика, реформа, санитарно-гигиенические правила.
Summary
Kunay Serik – Magister of Education sciences, Senior lecturer of the department Teacher-organizers, and initial military preparation of institute of arts, culture and sport of Kazakh National pedagogical University named after Abay serik.kunai@mail.ru
Methods of organizing and conducting lessons of physical culture in nigh school
Along coordination, physical strength and spiritual quality of each citizen to date, the role of physical culture in....
The process of capital physical culture schools and other educational work, very closely, he deeply thought-MPF, requires a lot of knowledge.
The influence of physical education of the younger generation-is the ability to achieve tnne patterns and man, an elderly teacher, the main challenge for tomorrow.
The system of physical culture-the relationship between the representatives of various social groups in the system of physical culture is characterized by depending on the characteristics and personal (children's physical education, the system of physical culture of pupils of T. b.)
Physical culture - personality comprehensive and harmonious development, and is part of the General culture of society aimed at strengthening of his health. Methods of teaching in secondary school at lessons of physical culture, carried out in this article.
Keywords: physical education, gymnastics, pedagogics, reform, sanitary-hygenic.
Достарыңызбен бөлісу: |