Республикалық бірыңҒай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ЖҰмысы туралы ереже жалпы ережелер



бет5/5
Дата01.01.2022
өлшемі21,3 Kb.
#107683
1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ

8. БАСҚАРУШЫ  ОРГАНДАР

 8.1. Жоғары кеңесуші органы - «Жас Ұлан» Республикалық Құрылтайы болып табылады. Құрылтайкемінде жылына бір рет өткізіледі.

8.1.1. Құрылтайды шақыру, күн тәртібін, регламент, өкілеттілік нормасы мен делегаттарды сайлау тәртібін Республикалық Кеңес анықтап, жариялайды. Оны төтенше және кезектен тыс шақырылымдарды есептемегенде, өткізілу күнінен екі ай мерзімге дейін уақытта хабарлауы тиіс.

8.1.2. Төтенше және кезектен тыс Құрылтай Кеңес төрағасы немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен Кеңес шешімі негізінде шақырылады.

8.2. Басқару органы - Республикалық Кеңес.

8.2.1. Республикалық Кеңес отырысы жылына үш рет, соның ішінде күнтізбелік жыл соңында Кеңестің есеп беруі өткізіледі. Кеңес төрағасы өз бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің 1/3-інің бастамасымен кезектен тыс Кеңес отырысын шақыра алады. Кеңес шешімі оның мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Өткізу тәртібі мен дауыс беру түрін Кеңес мүшелері алдын ала жұмыстың басында белгілейді.

8.2.2.Кеңес құзіретіне келесілер кіреді:


  • - «Жас Ұлан» ережесін бекіту;

  • - ұйым бюджеті мен жылдық қаржылық есептерін бекіту;

  • - ұйым Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасы;

  • -ұйымның бағдарламасы мен негізгі бағыттарын анықтау және оларды «Жас Ұлан» Құрылтайына ұсыну;

  • - «Жас Ұлан» Құрылтайының күн тәртібін бекіту;

  • - Төтенше және кезектен тыс Құрылтайды өткізу туралы шешім қабылдау;

  • - Кеңес Төрағасын 2 жыл мерзіміне сайлау;

  • - Ұйымның құрметті мүшелерін қабылдау;

  • - Ұйымның бөлімшелерін құру және қысқарту туралы шешім қабылдау, Ұйым бөлімшелері туралы Ережені бекіту;

  • - «Жас Ұлан» қызметіне байланысты басқа да мәселелер.

8.2.3. Кеңестің құрамы делегаттар қатарынан анықталып, сайланады (әр облыстан, Алматы және Астана қалаларының атқарушы хатшылары мен «Ұлан басшыларын» қосқанда 2 адамнан)

8.2.4. Кеңестің өкілеттілік мерзімі – екі жыл.

8.3. Кеңестің жалпы қызметіне Кеңес Төрағасыжетекшілік етеді.

8.3.1. Кеңес төрағасының өкілеттігі Құрылтайдың сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын тоқтатылады;

8.3.2. Кеңес төрағасы келесідей қызметтерді атқарады:


  • - Құрылтайда есеп береді;

  • - төтенше және кезектен тыс Кеңес отырысын өткізу бастамасын айтады;

  • - Кеңестің қызметін үйлестіреді және Кеңес отырыстарына басшылық етеді;

  • - «Жас Ұлан» қызметін ұзақ мерзімді жоспарлау барысын үйлестіреді;

  • - мемлекеттік және басқада мекемелер мен ұйымдармен қарым-қатынаста «Жас Ұланның» ресми өкілі болады;

  • - ұйым қызметін басқару, штаттық кесте және лауазымдық нұсқаулықтарды атқарушы директордың ұсынуымен бекітеді;

  • - ұйым атынан сенімхатсыз әрекет етеді.

8.3.3. Кеңес төрағасының орынбасарлары болады. Орынбасарларды «Жас Ұлан» Кеңесі сайлайды.

8.4. Атқарушы орган – Атқарушы директорат. Оны Атқарушы директор басқарады.

8.4.1. Атқарушы директорды Төрағаның ұсынымы негізінде Республикалық Кеңес тағайындайды.

8.4.2. Атқарушы директор ұйым қызметін оперативті басқаруды жүзеге асырады, Құрылтайға, Кеңеске, Кеңес төрағасына есеп береді, олардың шешімін орындайды. Атқарушы директор ұйым алдында қызметінің нәтижесі мен заңдылығы бойынша жауапты.

8.4.3. Атқарушы директор құзіретіне:


  • - өз мүлкі аясында ұйым қызметіне қажетті материалды-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етеді;

  • - жарғыдағы қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздері мен материалдық құралдарды тарту;

  • - Кеңес пен Құрылтайдың кезекті және кезектен тыс отырыстарын ұйымдастыру;

  • - бекітілген бюджетке сәйкес мүлік пен қаражатқа иелік ету;

  • - кадрлық мәселелерді шешу, орынбасарлары мен аппарат құрылымының жетекшілерін Кеңес Төрағасының келісімімен тағайындайды;

  • - ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, олардың ауысуы мен жұмыстан шығу туралы бұйрық шығарады, атқарушы директорат құзіреті шеңберінде барлық қызметкерлерге орындауға міндетті талаптар жасайды, сонымен қатар келісім шарт негізінде қызметкерлерді қабылдайды;

  • - еңбекақы жүйесін анықтайды, сыйақы беру, мадақтау шараларын қарастырады және тәртіптік сөгіс жариялайды;

  • - ұйым атынан келісім-шарт жасайды; 

  •   - Кеңестің және Құрылтайдың құзіретіне кірмейтін басқа да өкілеттікті жүргізеді.

8.4.4. Атқарушы директор өз уәкілдігін немесе бір бөлігін өзінің орынбасарларына беруге құқылы.

8.4.5. Атқарушы директор өз қызметін жүзеге асыра алмағанда, оның қызметі жаңа директорды сайлағанға дейін орынбасарына жүктеледі.

8.4.6. Атқарушы директор қызметінен Кеңестің сәйкес шешімі болған жағдайда мерзімнен бұрын босатылады.

   9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ



   9.1. «Жас Ұлан»  қызметі Бала құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен жас ұрпақты тәрбиелеу саласында өзара әрекеттеседі.

  9.2. «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасауға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет