Республикалық бірыңҒай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ЖҰмысы туралы ереже жалпы ережелер


МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ



бет3/5
Дата01.01.2022
өлшемі21,3 Kb.
#107683
1   2   3   4   5
Байланысты:
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ

4. МҮШЕЛІК, ОҒАН ҚАБЫЛДАНУ ЖӘНЕ ШЫҒУ ТӘРТІБІ

 4.1.«Жас Ұлан» ұйымында мүше болудың екідеңгейлі жүйесі бар.  «Жас Ұланның» жоғары буынына  5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына –  1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген  балалар мен жасөспірімдер қабылданады.

4.2.Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан»  бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға көпшілікті қабылдау жылына 3 рет өткізіледі (бұдан өзге әр өңірдің атаулы күндері де болады): 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 6 шілде – «Жас Ұлан» құрылған күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

4.3.«Жас Ұланнан» ерікті түрде шығу үшін «Жас Ұлан»  бастауыш ұйымының жетекшісіне жазбаша өтініш береді.

4.4.«Жас Ұлан» Ережесін бұзған ұйым мүшелеріне келесідей шаралар қолданылады: ұйымның жалпы жиналысында талқылау, ескертулер жасау, сөгіс жариялау, ұйымнан шығару туралы ескерту жасау. Ең қатаң шара – ұйымнан шығару.

4.5.Ұйымнан шығару мәселесі бастапқы ұйымның жалпы жиналысында қаралады. Шығару туралы шешім Мектеп комитеті мүшелерінің кемінде 2/3-і дауыс берген жағдайда ғана қабылданады және бекітілгеннен кейін күшіне енеді.

5. «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 5.1.  «Жас Ұлан» мүшелерінің құқықтары:

- «Жас Ұлан» қызметіне белсенді қатысу;


  • - «Жас Ұлан» басқару органының құрамына сайлану және сайлау;

  • - «Жас Ұлан» жұмысының бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы табыстары және ерекше жеке жетістіктері үшін мақтаулар мен мадақтаулар алу (грамоталар, дипломдар, жазғы және сауықтыру лагерлеріне жолдама, «Жас Ұлан» Алтын Кітабына ену»);

  • - «Жас Ұлан» органына өтініш, арыз, сұрақтар, бастамалар мен ұсыныстар беруге;

  • - Ұйымның барлық деңгейінде қызметі туралы ақпарат алуға;

5.2.«Жас Ұлан» мүшелерінің міндеттері:

  • - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;

  • - «Жас Ұлан» Ережесін және  басқару органдарының шешімін орындау;

  • - «Жас Ұланның» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;

  • - оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу;

  • - салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;

  • - үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

 6. РӘМІЗДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ

 6.1.«Жас Ұлан»  балалар ұйымының рәміздері: ұран, әнұран, ту, галстук, төсбелгі, эмблема болып табылады.

6.2.Ту – бұл балалар мен жасөспірімдер бірлігін бейнелейді. Ол республикалық ұйымда және оның барлық бөлімшелерінде (мектептік, аудандық/қалалық, облыстық) болуы қажет.

Ту - тік төртбұрышты 200×100 см өлшемдегі ақ түсті ортасында ұйым белгісі бейнеленген кездеме. Ұйым белгісі және атауы кестелік тігіспен, бояумен немесе матамен аппликациялау арқылы жазады. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Кездеменің бойы алтын түстес шашақтармен жиектелген.

Ту ағаш сабына сүңгі арқылы бекітіледі. Сүңгі ұлттық өрнек нақышында жасалынады. Тудың ағаш сабының ұзындығы металл (пластмасса) сүңгінің ұзындығымен қоса 2 м 20 см биіктікті құрайды. Оған алтын түстес шашақты бау байланады.

Ту салтанатты рәсімдерде, шерулерде, мемлекеттік мерекелерде шығарылады. Ол арнайы ағаш тіреуде қаптаулы түрде сақталады немесе бөлменің отрасында Ұйымның салттық қабырғасында әйнекте тұрады.

Ерекше жағдайларда туға мәртебелі қарауыл қойылады, ол ту ұстаушы мен екі атқосшыдан тұрады. Қарауыл кезегі әр 10-15 минут сайын ауысады. Алыс жолдарға туды қапталған күйде иыққа салып апарады. Ту ұстаушылардың киімі ұйымның ерекше белгілеріне сәйкес келеді. Міндетті түрдегі рәміздер: ленталар (аксельбанты), бас киім, ақ қолғап болып табылады. Лента мен бас киімнің түсі бірдей – көгілдір.

6.3.Галстук – бұл балалар ұйымының ерекше белгісі. Түсі – аспан түстес көгілдір. Галстук өлшемі 40×130 см. Галстуктың оң жақ бұрышында «Жас Ұлан» логотипі орналасқан.  «Жас Ұлан» логотипінің диаметрі 4 см шеңбер түрінде жасалған.

6.4.Ұран – ұйымның ерекше белгісі. Ол ұйымның, бірлестіктің ең негізгі ойын, идеясын білдіреді.

6.5.«Жас Ұланның» ерекше белгілері болып ұйымның идеясын айқын жеткізетін төсбелгілер, барабан, айырмашылық белгілері (шеврондар) сияқты белгілі заттар мен белгілер саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет