17
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ – ТҰЛҒАНЫҢ ЖАН – ЖАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ
МАҢЫЗДЫ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ БІРІ
Жетісу облысы , Талдықорған қаласы
№6 балабақшасы МКҚК
Балабақша тәрбиешісі
Малайбекова Алмагүл Сайлауовна
Қазақстан Республикасы-бай тарихи дәстүрлері бар тәуелсіз мемлекет. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін
азаматтар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау
мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілікке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін
білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру мәселесі тұр. Білім беру жүйесі арқылы
ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді
өмірлік
ұстанымын қалыптастыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өз бетінше жұмыс жасау
дағдыларын көтеруге болады.
Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғалымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт,
А.Н.Кочетов, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған.
Өз зерттеулерінде ғалым-зерттеушілер адамгершілік тәрбие берудің мақсаттарын, қағидаларын жүзеге
асырудың жолдарын жан-жақты анықтап негіздеуге талпынған А.Я.Коменский балалар мен жастар
мінезінде өзін-өзі билеу, кішіпейілділік, сыпайлық, ізгілік, жауапкершілік сапаларды тәрбиелеуді талап
етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде терең мәнді пікірлер айтқан. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол –
орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге,мұғалім оқушыларының тиісті
мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты.
Ал, И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты-мінез-құлықты, ізгілікті,
жауапкершілікті қалыптастыру. Бұл тәрбие Гербардтың пікірінше негізінен оқу арқылы жүргізіледі.
И.Г.Гербарттың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез-құлықты қалыптастыру. Бұл
тәрбие, баланың әр саналы қызығушылақтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы
жүргізіледі.
И.Г.Пестолоции еңбек адамгершілікке үйретеді, балалардың бірімен-бірін
өзара және олардың
ересектермен дұрыс қарым-қатынаста болуын қалыптастырады деп санады.
Кеңес педагогы А.С.Макаренко болса, адамгершілік тәрбиесін ұжым арқылы қалыптастыруға аса көңіл
бөлген ғалым, педагог.
Абай, Шәкәрім өз еңбектерінде тұлға бойында, рақымшылық, қанағат, төзімділік, жауапкершілік
секілді қасиеттердің қалыптасуына көп көңіл бөлген. Бұл тұлғаның адамгершілігінің
белгісі ретінде
қарастырған. Сол секілді қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов балаға
адамгершілік тәрбие беруді оқу-тәрбие ісінде пайдалануға айрықша көңіл бөлу қажеттілігін барынша
дәлелдеуге талпынды.
Осы кезекте Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де пікірлерін
қарастырып өткен жөн. Спандияр Көбеев өз шығармаларында балалар үшін тәрбиелік мәні бар
мәселелерді көтерді. Біреулерінде С.Көбеев қиын жағдайда адамдардың бір-біріне
көмек беруі қажет
екенін айта отырып, адамды адамға жақсылық жасауға үндесе, келесілерінде зорлықты, қатыгездікті
әшкерелейді.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі
тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық
педагогика
тұрғысынан жалпы тәрбиенің, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми
негізін алып көрсету әлі де болса шешімін тапқан жоқ.
Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, кұрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық,
сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады.
18
Психологиялық зерттеулерде сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи
өмірдің сан алуан жақтарына
эмоциялық қатынас. «Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу –
келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі түсіндіріледі. Алуан түрлі
сезім, қуаныш пен қайғы, ашу мен қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану»
т.б. осындай сезімнің түрлері қоршаған ортасына байланысты болады. Оқушылардың тілдік қорларының
жетілуімен олардың адамгершілік сезімдері мен санасының дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-
мәтелдердің мүмкіндігі мол. Адамгершілік сезімдері адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде
туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың
және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады.
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік –
қоғамдық
дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын
маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында
тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу
дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме,
әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым-
қатынасын ақылға салып, ар-ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын
таңдап ала білуі.
Тұжырымдай келе адамгершілік – адамның рухани байлығы. Ғасырлар бойы адамдар арасындағы
қарым-қатынасты суреттеу, сол арқылы жастарға өнегелі тәрбие беру. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс,
өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы. Адамгершіліктің ең жоғары түрі - бауырмалдық, бүкіл адам
баласын бауыр,
дос тұту, көпшіл болу, сонымен қатар міндетін жауапкершілікпен орындау.
Достарыңызбен бөлісу: