Конспект Тақырыбы: Тұлға, индивид, адам деген не? Тұлғаның зерттеудегі теориялары мен ықпалдары



Дата06.02.2022
өлшемі15,97 Kb.
#81807
түріКонспект
Байланысты:
Оспан Гүлбану конспект


Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті


Конспект
Тақырыбы:

  1. Тұлға, индивид, адам деген не?

  2. Тұлғаның зерттеудегі теориялары мен ықпалдары.

Орындаған: Оспан Гүлбану


Тексерген: Долобаева.А.Е

Петропавл 2020ж.


Конспект

Тақырыбы:

  1. Тұлға, индивид, адам деген не?

  2. Тұлғаның зерттеудегі теориялары мен ықпалдары.


Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы.

Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар.


Ол құрылымдармен адам баласының болмысы өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны жәнеде адам бойындағы кісілік "тұлғалық" қасиеттердің болатыны.
Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады.
Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.

Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Адам туыла салып тұлға болып туылмайды, ол өмір сүре келе әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды.
Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі.
Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу.
Тұлғаның зерттеудегі теориялары мен ықпалдары.
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. 
Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет