A. полипептидтің екінші реттік құрылымы
B. полипептидтің үшінші реттік құрылымы
C. полипептидтің төртінші реттік құрылымы
D. Нуклеин қышқылы
E. Полисахаридтің бірінші реттік құрылымы
Жасушалардың қай күйінде жоғары мөлшерде бос рибосомаларды байқайтын едіңіз?
A. көп мөлшерде ақуыз секрециясына қатысып жатқан
B. көп мөлшерде цитоплазма ферменттерін синтезі кезіндегі
C. жасуша қабықшасын синтездеу барысындағы жасуша
D. ас қорытып жатқан жасуша
E. вакуолін ұлғайту процессі барысындағы жасуша
37. Адам бауыры ағзаға түскен улы заттырдың және дәрілердің детоксикациясында үлкен рөл атқарады. Осыған орай бауыр жасушаларында қандай органелланың басым болуын байқауға болады?
A. Гранулалы ЭТ
B. Агранулалы ЭТ
C. Гольджи аппараты
D. Ядро мембранасы
E. Транспорттық везикулалар
Оқушының бірі реакция жылдамдығын тексеру мақсатында 37C температурасында пепсинді қолданды. Осы эксперимент барысында оқушы екі пробирка қолданды. Бірінші пробирканың ішіне ол 10мл қайнатылған жұмыртқа ағының сұйықтығын құйды. Сұйықтықтың түсі бұлыңғыр еді. Содан соң сол пробирканың ішіне 2 мл фермент қосып, сұйықтықты араластырды. Он минуттан соң пробирка ішіндегі сұйықтық мөлдір түс алды. Осы реакцияны тезірек өткізу үшін қандай амал қолдануға болушы еді?
A. Көбірек жұмыртқа ағын қосу керек еді
B. Ферментті қосқаннан кейін сұйықтықты араластырмау керек еді
C. Сұйықтық рН деңгейін 2-ге өзгерту керек еді
D. Темперетураны 75C градусына дейін көтеру керек еді
E. Иод сұйықтығын қосу керек еді
Глюкоза молекуласының жасуша ішінде ыдырау процессі көптеген биоорганикалық реакциялар арқылы жүзеге асырылады. Төменде сіздерге Кребс циклындағы метаболизм реакциялары көрсетілген.
α – кетоглутарат сукцинат фумаратмалат
Егер сукцинатты фумаратқа айналдыратын фермент жұмысын тоқтатса, төмендегілердің қайсысы орын алар еді?
1. сукцинаттың жиналуы
2. α – кетоглутарат ыдырауының жалғасуы
3. фумараттың біртіндеп азаюы
4. малат синтезінің дереу тоқтауы
A. 1 және 2
B. 2 және 3
C. 3 және 4
D. 1, 2 және 3
E. 2, 3 және 4
Бірдей жасушалар су потенциалы әр-түрлі сұйықтықтардың ішіне салынды. Төмендегі сурет жасушалардың бастапқы мен сұйықтық ішіндегі пішіндерін көрсеткен. Қай жасуша су потенциалы ең төмен(ең теріс потенциал) сұйықтыққа салынған?
A. A
B. B
C. C
D. D
E. E
Генетика
Егер мейоздың анафаза I фазасында гомологты хромосомалар дұрыс ажырамаса, мейоз наижесінде пайда болатын 4 гаметалардың хромосома сандары гаплоидты санмен салыстырғанда қандай болады?
A. n + 1; n + 1; n - 1; n - 1
B. n + 1; n - 1; n ; n
C. n + 1; n - 1; n - 1; n - 1
D. n + 1; n + 1; n ; n
E. n - 1; n - 1; n ; n
Тотықұс қауырсынының түсі екі ген арқылы анықталады: Y және B. YYBB, YyBB, немесе YYBb жасыл түс; yyBB немесе yyBb көк; YYbb немесе Yybb сары; және yybb ақ түс береді.
Көк тотықұс пен ақ тотықұсты шағыстырсақ, төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс болмас еді?
A. Барлығы жасыл түсті болар еді
B. Барлығы сары түсті болар еді
C. Барлығы көк түсті болар еді
D. Жасыл және сары түсті ұрпақ болар еді
E. 9:3:3:1 қатынас байқалар еді
Екі көк түсті тотықұс шағылыслырылды. Жылдар өте келе олардың 22 ұрпағы болып, олардың бесеуі ақ болып шықты. Екі көк түсті тотықұстың генотипін анықтаңыз.
A. yyBB and yyBB
B. yyBB and yyBb
C. yyBb and yyBb
D. yyBB and yybb
E. yyBb and yybb
Кактустың S гені инелерінің өткірлігіне жауап береді. Доминантты S аллель бар кактустардың инелері өткір болса, ss генотипті кактустар доғал инелі боп келеді. Сонымен қатар кактустың N гені, иненің шығып шықпауын қадағалайды. Гомозиготты рецессивті nn кактустарының инелері тіптен өспейді.
44. S және N гендері арасындағы қарым қатынасты қалай сипаттаса болады?
A. жартылай доминанттылық
B. эпистаз
C. толық доминанттылық
D. плейотропия
E. кодоминанттылық
45. Таза өткір инелі кактус пен таза инесіз кактустың ұрпақтары:
A. Барлығы өткір инелі
B. 50% өткір инелі, 50% доғал инелі
C. 25% өткір инелі, 50% доғал инелі, 25% инесіз
D. Барлығы инесіз
E. Фенотиптерін табу мүмкін емес
Достарыңызбен бөлісу: |