«ЭРУДИТ» Интеллектуалды білім порталы
Қашықтықтан өткізілетін байқау
www.эрудит.kz
Республикалық оқушыларға арналған байқаулар
Қатысушылар: 1-11 сынып оқушылары
Қатысушы жұмыстарын қабылдау мерзімі: 5 желтоқсанға дейін, 2016 жыл
Қорытынды уақыты: 10 желтоқсан 2016 жыл
Ұйымдастырушы: «ЭРУДИТ» Интеллектуалды білім порталы
Байқау түрлері мен тапсырмалары:
«Елбасы – ел мақтанышы» атты Республикалық оқушылар арасында эссе жазу байқауы (қатысушы Елбасы жайында өз толғанысын жолдауы керек)
«Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем» атты Республикалық оқушылар арасында эссе жазу байқауы (қатысушы оқушы өз ұстазы туралы эссе жазып жолдайды)
«Алдар көсе мен Бай» атты Республикалық оқушылар арасында суретшілер байқауы (қатысушы оқушы аталмыш тақырыпта сурет салып жібереді)
«Менің ең қызықты оқиғам» атты Республикалық оқушылар арасында әңгіме жазу байқауы (қатысушы оқушы өз басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөліседі)
«Түс көрдім, түсімде ғажап іс көрдім» атты Республикалық оқушылар арасында әңгіме жазу байқауы (қатысушы оқушы түсінде көрген есте қаларлық сәттерін әңгіме ретінде жазады)
«Біздің сынып» атты Республикалық оқушылар арасында фотосуреттер байқауы (қатысушы оқушы өз сыныбымен бірге фотосуретке түсіп, жолдайды)
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тілек!» атты Республикалық оқушылар арасында үздік тілектер байқауы ( қатысушы оқушы аталмыш мерейтойға арнап жүрекжарды тілектерін жолдайды.)
«Ауыл жатыр той жасап» атты Республикалық оқушылар арасында үздік суретшілер байқауы (қатысушы оқушы ауыл тойын көз алдына елестетіп суреттер салады)
«Егер мен алтын балық ұстап алсам...» атты Республикалық оқушылар арасында әңгімелер байқауы (қатысушы оқушы алтын балық ұстап алса, сол сәттегі әрекетін қағаз бетіне түсіреді)
«Үздік қазақша ребустар» атты Республикалық оқушылар арасында үздік ребус құрастыру байқауы (қатысушы оқушы еркін тақырыпта қазақша ребустар құрастырады)
Әрбір қатысушы өз жұмысымен қоса, өзінің толық аты- жөнін, мекен-жайын және жетекші мұғалімінің аты-жөнін, байланыс номерін қоса жолдауы керек. Қолмен жазылған жұмыстар қабылданбайды!
Байқауға қатысуға қойылатын талаптар:
www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталымен толық танысу. Портал әдіскерлері арқылы немесе портал арқылы қатысуға сұраныс жіберу.
Әрбір қатысушы байқауға қатысу жарнасын төлеу керек . (байқау жарнасы әр қатысушыға 500 теңге)
Қатысушылар белгіленген күннен кешікпей жұмыстарын жіберуі керек.
Қатысушы жарна төленген түбіртек көшірмесін eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы тиіс.
Бағалау:
Ойдың жүйелі және шынайылығы, көркемдігі болуы,
Бағалау жүйесі қатысушылар деңгейіне байланысты екі жүйеде жүргізіледі. 1-5 сынып оқушылары бір бөлек, 6-11 сынып оқушылары бір бөлек бағаланады.
Қорытынды:
Қатысушылар жүлделі орындармен марапатталады. Орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар беріледі. Әрбір қатысушы жетекші мұғалімімен қоса мадақталады. Жеңімпаз жұмыстар www.эрудит.kz Интеллектуалды білім порталында жарияланады.
Ескерту!!! Қатысушылар өз жұмыстарымен бірге өз мектебінің толық мекен-жайымен қоса қазпочта индексін жазып жіберуі керек.
Байқау қорытындысы бойынша дипломдар мен марапаттау қағаздары қатысушы мектебіне қазпочта арқылы қағаз түрінде жолданады.
Қосымша сауалдар үшін: Портал әдіскерлері 8705 431 47 63,
8702 312 00 97, 87784527429 (whatsap), 87774557707
Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:
ИИН: 770620303470
6762 0035 1057 9062 «Народный Банк Казахстана»
Қатысу үшін төленген жарнапұл түбіртегін eruditkaz@mail.ru почтасына жолдауы керек.
Киви кошолек номері : 8702 312 00 97
Қосымша 1
р/с
|
Аты-жөні
|
жетекшісі
|
Мекен-жайы, телефоны (индекспен)
|
Байқау атауы
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |