Республиканың



бет4/14
Дата01.09.2022
өлшемі142,84 Kb.
#148551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бастауыш СЫНЫПТАРЫНДА білім мен ТӘРБИЕ

«Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (12-қосымша) «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқу пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты;

  2. 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты;

  3. 4-сыныпта –аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 144 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.


Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарына басымдық беру.
Пән бойынша 2-4-сыныптардағы жазба жұмыстарының көлемі 5.1-кестеде көрсетілген.
5.1-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жазба жұмыстарының түрлері және көлемі


Жазба жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

12-15 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Көшіру

25-30 сөз

35-50 сөз

55-70 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

80-100 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

55-70 сөз

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда мынадай педагогикалық тәсілдемелер мен технологияларды қолдануға болады:


оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі – әрекеттік тәсілдеме (сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша дамыту);
дамыта оқыту технологиясы (білім алушылар оқу әрекетінің жүйесін игереді, өзінің іс-әрекетін жоспарлауды және оны басқаруды үйренеді);
зерттеушілік тәсілдеме (білім алушылар «нені білемін?, нені білгім келеді?, нені үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
саралап оқыту технологиясы (білім алушыларды қабілетіне, мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай оқыту міндетін қою);
жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруден, өз оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынудан, оның ережелер жүйесін түсіну мен қабылдаудан, жетілдіруге белсенді қатысудан тұрады).
Тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық құбылыстары мен фактілері өзара байланыста оқытылады және олар білім алушылардың сөйлеу практикасында қолдануға бағытталады.
Оқу мақсаты бір тоқсан ішінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша үйлестіріледі. Сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша оқу мақсаттарын біріктіре алады. Бір сабақта әртүрлі негізгі дағдылардың 2-3 оқу мақсатын біріктіруге болады. Білім
алушылардың оқу мақсатын меңгеру деңгейіне қарай мұғалім сағат санын өзі бөле алады.
Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді. Төменде критерийлермен жұмыс жасаудың үлгілері ұсыным сипатында берілген (5.2-кесте).

5.2-кесте. Жазба жұмыстарының түрлері, критерийлері мен дескрипторлары



Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;
грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады; сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

2.

Сөздік диктант

сөздерді қатесіз жазады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

3.

Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту. Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде
қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі
– білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге солай жазылғанын түсіндіреді.

тексерілетін емлеге сай ережені біледі; сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;
өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.

4.

Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі
білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.

сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;
мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;
сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережелерді қолданады; оқылған материал бойынша
тыныс белгілерін қоя біледі.

5.

Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді алуға болады.

есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;
оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.

6.

Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре біледі;
бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі; емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.

7.

Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін,
сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;
сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.



8.

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған
мәтінді аяқтау сияқты басқа
диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;
сөздерді жазу кезінде
орфографиялық ережені қолдана алады.

9.

Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан
мәтін құрау

дұрыс құралмаған сөйлемдерден мәтін құрай алады;
мәтін құрылымын сақтайды;
құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.

10.

Қысқартулармен көшіру

сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады; сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

11.

Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру

сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;
сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.

12.

Мазмұндама

мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;
орфографиялық нормаларды сақтайды.

13.

Шығарма

жоспар құра алады;
ой бірізділігін сақтай біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Қазақ тілі» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша бағалау саны 5.3-кестеде көрсетілген.

5.3-кесте - Қазақ тілі пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-
тоқсан

2-
тоқсан

3-
тоқсан

4-
тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

2*

2*

2*

2*

1

3-сынып

2*

2*

2*

2*

1

4-сынып

2*

2*

2*

2*

1

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).



Қазақ тілі пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) әр бөлімді қайталау мақсатында берілген сағат есебінен өткізу қарастырылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыруда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріліп (мысалы, тыңдалым және жазылым; оқылым және жазылым), жазылым дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмысының бір түрін қарастыру ұсынылады.


БЖБ, ТЖБ ұйымдастыруда білім алушылардың «Жазылым» дағдысын дамытуға бағытталған жазба жұмыстарын (сөздік диктанты, диктант, мазмұндама, шығарма, бақылау диктанты) тақырыпқа сай грамматикалық тапсырмаларымен бірге беруді қарастыру;


Әр БЖБ бойынша жалпы балл саны 10 балл, ал ТЖБ бойынша: 12-18 балл беру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет