Республиканың


«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)



бет5/14
Дата01.09.2022
өлшемі142,84 Kb.
#148551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бастауыш СЫНЫПТАРЫНДА білім мен ТӘРБИЕ

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


«Әдебиеттік оқу» пәні ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрығымен бекітілген (13-қосымша) «Әдебиеттік оқу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2 - 4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны
Оқу процесінде мынадай оқу түрлері іске асырылады:

  • дұрыс оқу (дыбыстармен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы);

  • түсініп оқу (оқылған сөздің мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру);

  • шапшаң (тұтас сөздерді дұрыс және түсініп оқу);

  • мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру).

Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді басшылыққа алады:

  • екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің қалыптасуын;

  • оқу қарқыны бойынша оқыған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қасиеттерді білуін тексереді;

  • үшінші сыныпта өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру;

  • дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуіне назар аудару;

  • оқу техникасын қалыптастыру;

  • төртінші сыныпта қалыптасатын оқу дағдылары: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәнінің мазмұны Оқу жүктемесінің көлемі:
2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты; 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты;
4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 108 сағатты құрайды.

Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.



5.4-кесте. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жылдамдығының нормасы


Сынып

І жартыжылдық

ІІ жартыжылдық

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгейі

2 класс

40-50 сөз

50-60 сөз

50-60 сөз

60-70 сөз

3 класс

60-70 сөз

70-80 сөз

70-80 сөз

80-90 сөз

4 класс

80-90 сөз

90-100 сөз

90-105 сөз

100-120 сөз

Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Оқу қарқыны (жылдамдығы) оқу тәсіліне, түсінуіне және мәнерлілігіне тікелей байланысты екенін және сол арқылы оқу дағдысының толыққанды қалыптасатынын есте ұстау қажет.
Білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда, мұғалім таңдауы бойынша басқа да әдеби шығармаларды оқуды
тізбеге қосуға болады. Ол шығармалар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша мұғалім әр түрлі қосымша жұмыстарды жүргізуге болады. Ал тапсырма критерийлері мен дескрипторлары алдын ала дайындалады. Мұғалім шығармашылық жұмыстардың түрлері мен оларды ұйымдастыру мерзімін өзі анықтайды.

5.5-кесте. Пән бойынша жұмыс түрлері, критерийлері мен дескрипторлары





Оқудың түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

1.

Алгоритм бойынша әңгіме құрау

алгоритм бойынша әңгіме құрай алады; әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
әңгімені аяқтай алады; құралған әңгімені жазады

2.

Кейіпкердің атынан хат

сөйлемдерді нақты әрі анық құрайды; дәйектілікті сақтайды;
кейіпкердің іс-әрекетін бағалай алады, қорытынды жасай алады

3.

Кейіпкерге хат
Мұғалім шығарманы өз қалауы бойынша таңдайды. Ал білім алушылар хат жазатын кейіпкерін өз бетінше таңдайды.

өз хатына ат қоя алады;
тірек сөздерді пайдалана отырып, ұсынылған тақырып бойынша хат жазады; өз ойын қисынды және жүйелі түрде жеткізеді;
сөйлемнің ойын дәл жеткізеді; кейіпкердің іс-әрекетін сипаттайды; кейіпкердің іс-әрекетін бағалай
алады, қорытынды жасай алады

4.

Санамақ құрастыру
Санамақ – баланың есептеу, ойлау қабілетін дамытуға арналған тілдік құралы.

санамақтарды мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан, т.б. ажырата алады;
санамақ құрастырудың принципін түсінеді;
өзінің құрастырған санамағына таныстырылым жасайды

5.

Диалог

диалог түрінде сөйлесе алады;
диалогтің басында, ортасында және соңында айтылатын сөйлемдерді дұрыс қолданады; ойын түсінікті және дұрыс жеткізе алады; сөздік қорын көрсете алады

6.

Кітап жасау
Шығармашылық жобаның бұл түрін (жеке немесе топтық) әртүрлі техникада орындауға болады. Бұл өзі суреттерін салып, қолымен жазылған кітап болуы мүмкін. Кітапты аппликациямен әрлеуге болады. Кітап әртүрлі мазмұнда бола алады:
«Бұл қандай аң?»; «Ақ» сөзімен тұрақты сөз тіркестері, иллюстрацияланған (суретті) сөздік.

шығармашылық жобаның тақырыбын анықтайды;
кітаптың мазмұнын ойластырады (ресурстарды таңдайды);
суреттермен әрлейді;
суреттер мазмұнына сәйкес келеді

7.

Берілген рифма бойынша өлең (буриме) шығару және басқа да өлең түріндегі шығармаларды ойлап табу; сондай-ақ бірінші жолдың екінші жолын ойлап табу және т.б.

екі немесебірнеше сөздің қосымшаларынан, соңғы буындарынан ұйқасым таба алады;
берілген рифмаға сәйкес сөздерді таңдай алады;
берілген тақырыпқа сәйкес өлеңді жалғастыра алады

8.

Ертегілер елінде
Әртүрлі ертегілерден сюжеттерді және кейіпкерлерді таңдайды, оларды біріктіріп, ертегі ойластырады. Білім алушылар кейіпкерлерін алмастыра отырып, өздерінің сүйікті ертегілерін таңдай
алады.

- әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерінбір
сюжетке біріктіре алады; ойластырған ертегісі түсінікті; оқиғалардың дәйектілігін сақтайды

9.

Аяқталмаған әңгіме

ұсынылған бастамасы бойынша әңгімені жалғастырады;
әңгімедегі оқиғалардың дәйектілігін анықтайды;
әңгімені аяқтай алады

10.

Оқылған шығармаға диафильм салу

мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді;
мәтінді аяқталған мазмұндық бөліктерге бөле алады;
әр бөліктің негізгі ойын анықтай алады; әр бөлікке ат қояды;
дәйекті жоспар құрады; диафильм салады

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде)


Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша оқытылатын «Әдебиеттік оқу» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық бағалау саны 5.6 - кестеде көрсетілген.

5.6-кесте. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сыныптар

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

ТЖБ

1-
тоқсан

2-
тоқсан

3-
тоқсан

4-
тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

2*

2*

2*

2*

1

3-сынып

2*

2*

2*

2*

1

4-сынып

2*

2*

2*

2*

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет