«Білім айнасы» 2022 ж.
11
қызметтерін реттейтін заңдар мен дәстүрлерді бұзу. Бұл сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау,
салық төлеуден жалтару және емтихандарда алдау. Мұндай тегіс қамти алатын «қабыстыру»,
әрине социологияда үлкен дау-дамайлар тудырады.
Қоғамдық тәртіп бұзылып, нәтижесінде тәртіпсіздік туындаған кезде әлеуметтік
девиация пайда болады. Бұл көптеген ескі құндылықтар жойылып, ал жаңалары әлі орныға
қоймаған және рұқсат етілгендер туралы түсінік айтарлықтай босаңсыған кезде көрініс
табады, сонымен қатар көлеңкелі қылмысты бизнес, есірткіге тәуелділік, сыбайлас
жемқорлық, жезөкшелік және әумесерлік мінез-құлықтың басқа да түрлері өсе бастайды.
Жұмысқа тұру және тұрғын үймен қамтамасыз етілу, қоғамдық қатынастардың жаңа
жүйесі жағдайында бастапқы капиталдың болмауы жастар үшін негізгі әлеуметтік проблема
болып табылады. Кәсіби тәжірибе мен дағдылардың жетіспеушілігімен байланысты еңбек
нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі жұмыссыздар санының өсуіне және жастар
арасындағы әумесерлік көріністердің артуына әкелді. Өзінің адамгершілік құндылықтарын
жоғалтып алғандықтан қалыптасқан қоғамда өзіне орын таппаған жас тұлға бос қуыста қалып
қойып, алкогольдан, есірткіден қорғаныш іздейді, өзін қоғамға қарсы қою арқылы орнығуға
тырысады. Бұл құбылыстар жастар ортасында жаппай көрініс алды, ал бұл қоғамның
адамгершілік-психологиялық жай-күйіне әсер етеді. Алайда әлеуметтік ақиқат жастардың
қылмыстық жолға түсуіне кедергі болатын механизмдерді әзірлеп шығарған жоқ.
Көптеген жас адамдар өздерінің қажеттіліктері мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері
арасындағы қарама-қайшылықтарды заңды құралдарды (біліктілікті арттыру, қосымша еңбек,
өндірістік резервтерді іздестіру) пайдалана отырып шешуге ұмтылады. Дегенмен, кейбір
жастар қоғамға бергеннен гөрі қоғамнан көбірек алуға немесе материалдық қаражатқа иә
болмаса игіліктерге заңсыз, адамгершілікке жат жолмен қол жеткізуге тырысып, басқа жолды
таңдап кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: