Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
Үйге 
тапсырма:
Махамбет 
Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен 
едім» өлеңін жаттап келу. 
Сабақтың 
соңы 
5 минут
 
Кері байланыс
Мені қызықтырған минут... 
Маған ой салған уақыт.. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 

Дулатова
 
С.А.
 
Алматы қаласы 
«М.Тынышбаев атындағы Алматы көлік колледжі»
Әлеуметтану пәні оқытушысы
 
Жастардың әумесерлік мінез-құлқы социологиялық зерттеу нысаны ретінде 
«Жастардың әумесерлік мінез-құлқы» – социология ғылымындағы өзекті проблема. Ол 
осы саладағы мамандардың ғана емес, сонымен қатар әдептілік пен құлықсыздық, абырой 
мен абыройсыздық арасындағы шекара қандай, жер бетіндегі адамзат баласының жаратылуы 
мен мәні неде деген сияқты өте маңызды сұрақтарға жауап тапқысы келетін адамдар 
тобының да үлкен қызығушылықтарын тудырып отыр. Бізді бұған өзіміз күн сайын бетпе-бет 
келіп жүрген шиеленіскен жағдайлар, нақты өмірдің фактілері итермелейді және олар тез 
арада мемлекеттік деңгейде араласуды қажет етеді.
Жастар девиациясының шынайы картинасын айқындау, бұл құбылыстың үрдістері мен 
себептерін анықтау социология ғылымының өзекті мәселесі болып табылады. Әумесерлік 
мінез-құлықтың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін еңбектердің арасынан Ш.Е. 
Джаманбалаеваның «Әумесерлік мінез-құлықтың әлеуметтік проблемалары» атты жұмысын 
атап өтуге болады/1/. 
Бірақ әлеуметтік практика бойынша қолда бар әдебиетте жастар ортасындағы қоғамға 
жат мінез-құлықтың алғышарттарын алдын алу жөніндегі негізделген ұсыныстар жоқтың 
қасы. Сол сияқты девиантологияны түсіну аппараты қажет деңгейде жете зерттелмеген. 
Мысалы, біздің әдебиетте «қоғамдық пікір мақұлдамаған кез келген мінез-құлық әумесерлік 
деп аталады» деген пайымдау кездеседі /2/. «Жастардың әумесерлік мінез-құлқы» – 
социология ғылымындағы өзекті проблема. Ол осы саладағы мамандардың ғана емес, 
сонымен қатар жастардың адамгершілік, рухани, дене дамуы, олардың таңдап алған 
артықшылықтары, құрметтейтін құндылықтары, негізгі өмірлік ұстанымдары қатты 
алаңдататын адамдар тобының да үлкен қызығушылықтарын тудырып отыр. Жастар 
девиациясы проблемалары, оның себептері, үрдістері социологиялық ғылымның өзекті 
тақырыбына айналды. Әумесерлік мінез-құлық проблемалары әлеуметтік қақтығыс теориясы 
аясында талқыланады. 
Козер әлеуметтік топ үшін нақты қатердің болуы оның ұйымшылдығын арттырып, оның 
мүшелерінің топтық нормалардан ауытқуын азайтады және ауытқу байқалатындарға қатысты 
қысымды күшейтеді деп пайымдады. Қақтығыс теориясына сәйкес, егер мінез-құлық үлгілері 
басқа мәдениеттің нормаларына негізделген болса, онда әлеуметтік жүйедегі мінез-құлық 
үлгілері ауытқыған болып табылады. Арнайы социологиялық теория ретінде әумесерлік 
мінез-құлық тұжырымдамасы құрылымдық функционализм негізінде қалыптасады.
Р. Мертон аномия теориясын пайдалана отырып, әумесерлік мінез-құлықты мәдениет 
тудыратын мақсаттар мен оларға қол жеткізудің әлеуметтік-ұйымдасқан құралдары 
арасындағы келісімге келмегендіктің салдары ретінде түсіндіреді. Оның пікірі бойынша, 
мақсаттарға заңды жолмен қол жеткізудің әр түрлі топтар үшін бірдей емес мүмкіндігі оның 
функционалдық кемшіліктері мақсаттарға жету үшін қызмет көрсететін ресми емес 
құрылымдардың пайда болуына әкелетін қоғамның ресми құрылымымен байланысты.
Біздің әдебиеттерде «қоғамда белгіленген нормалар мен типтерге сәйкес келмейтін іс-
әрекеттерді әумесерлік мінез-құлық ретінде түсіну қажет» деген пікірлер өте жиі кездеседі 
/3/. Алайда бұл анықтама тым абстрактілі және нақтылауды қажет етеді. Бұл жерде кез келген 
әлеуметтік нормаларды бұзу туралы сөз болады.


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
10 
Сондықтан кейбір зерттеушілер осы түсініктің анықтамасын нақтылайтын қосымша 
белгілерді енгізуге тырысады: 
1) әумесерлік мінез-құлық – бұл «түрмеге қамауға немесе тәртіп бұзушыны басқа да 
жазалауға әкелетін нормадан ауытқу» /4/; 
2) әумесерлік мінез-құлық – бұл заңсыз әрекеттер арқылы мақсатқа қол жеткізу /5/. 
Бұл анықтамалардың барлығы «әумесерлік мінез-құлық» түсінігінің ауқымын 
тарылтатындығы бірден көрініп тұр, себебі ол анықтамалар оның ауқымының тек бір бөлігін 
ғана – ауытқыған мінез-құлықтың заң бұзатын түрлерін қамтиды. 
Міне келесі анықтамалар: әумесерлік мінез-құлық – бұл ұқсас жағдайларда белгілі бір 
бұқаралықпен, тұрақтылықпен және көп таралағандықпен сипатталатын әлеуметтік 
нормалардың бұзылуы /6. 
Егер мұндай анықтаманы қабылдайтын болсақ, онда «әумесерлік мінез-құлық» 
түсінігінің ауқымынан оның жаппай таралмаған барлық актілері шығып қалады.
Басқа да пікірлер кездеседі. Тар мағынасында, индивидтің немесе адамдар тобының 
мінез-құлқындағы нормалардан (мысалы, заңнан) жағымсыз ауытқуы девиация ретінде 
түсініледі. Мысалы, Н. Смелзер, «әумесерлілік қылықтардың әлеуметтік болжалдарға сәйкес 
келуімен немесе келмеуімен анықталады» деп көрсете отырып, девиацияны «топтардың 
нормалардан ауытқуы деп саналатын және оқшаулауға, емдеуге, түзетуге немесе қанедай да 
басқа жаза қолдануға әкелетін мінез-құлық» ретінде сипаттайды /7/. 
Әумесерлік мінез-құлықтың мұндай тар түсінігі социологтардың әлеуметтік 
тұрақтылықты бұзатын жағымсыз девиацияға аса көп назар аударғанына және әлі де назар 
аударып келе жатқандығымен байланысты. Стигматизацияның криминологиялық теориясы 
аясында әумесерлік мінез-құлық «белгілі бір деңгейде есептелген мәртебелер бойынша» 
анықталады, яғни мінез-құлықтың мұндай түрі объективті құбылыс емес, субъективті белгі, 
«затбелгі» ретінде түсініледі /8/. 
Мұндай пікірлер анықтамалар болып саналмайды, себебі оларда әумесерлік мінез-
құлықтың маңызды белгілерін анықтағаннан гөрі, әумесерлік мінез-құлықтың пайда 
болуының болжалды себеп-салдарлық механизмі сипатталады. Біздің ойымызша, әумесерлік 
мінез-құлықтың спецификасын анықтамайтындығы әумесерлік мінез-құлық проблемала-
рының осы немесе басқа да белгілерінің кемшіліктері болып табылады. 
Отандық ғылымға ғана тән әумесерлік мінез-құлықты объективті бар әлеуметтік 
нормалардың бұзылуы ретінде түсіну «психологияландырылған» деп аталатын 
анықтамаларға 
қайшы 
келеді. 
Мысалы, 
америкалық 
социолог 
А. 
Коэн 
«институцияландырылған болжалдарға қайшы келетіндерді» әумесерлік мінез-құлық деп 
атайды /9/. Ал ағылшын Д. Уолштың пікірі бойынша, «әумесерлік мінез-құлық – бұл белгілі 
бір деңгейде есептелген мәртебелер, яғни субъективті белгі, затбелгі» /10/. 
Бір анығы, мұндай сипаттамалар құбылыстың табиғатын жан-жақты ашып көрсету үшін 
жеткілікті болуы мүмкін емес.
Америкалық социология туралы айтар болсақ, мұнда қылмыс пен құқық бұзушылық 
ғана емес, сонымен қатар жалпы қабылданған нормалар мен ережелерді бұзатын кез келген 
мінез-құлық әумесерлік мінез-құлық ретінде түсініледі. Мұндай анықтамаға бәрі де кіріп 
кетуі мүмкін! Бұл және қатты ашу үстінде жұбайын өлтіруден бастап саяси көшбасшыны 
егжей-тегжей жоспарлап өлтіруге дейінгі заңсыз күш қолданудың көптеген түрлері. Бұл және 
кемістіктерге қызмет көрсететін адамдардың іскерлік операциялары сияқты адамдардың 
барлық ықтимал кемістіктерге еріп кететін әрекеттері. Бұл сыбайлас жемқорлық пен дұрыс 
емес, заңға қайшы мінез-құлықтың немесе сот, полиция және үкіметтің лауазымды тұлғалары 
ортасында ғана заңға қайшы мінез-құлықтың барлық формалары. Бұл іскер саудагерлердің 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
11 
қызметтерін реттейтін заңдар мен дәстүрлерді бұзу. Бұл сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсау,
салық төлеуден жалтару және емтихандарда алдау. Мұндай тегіс қамти алатын «қабыстыру», 
әрине социологияда үлкен дау-дамайлар тудырады.
Қоғамдық тәртіп бұзылып, нәтижесінде тәртіпсіздік туындаған кезде әлеуметтік 
девиация пайда болады. Бұл көптеген ескі құндылықтар жойылып, ал жаңалары әлі орныға 
қоймаған және рұқсат етілгендер туралы түсінік айтарлықтай босаңсыған кезде көрініс 
табады, сонымен қатар көлеңкелі қылмысты бизнес, есірткіге тәуелділік, сыбайлас 
жемқорлық, жезөкшелік және әумесерлік мінез-құлықтың басқа да түрлері өсе бастайды. 
Жұмысқа тұру және тұрғын үймен қамтамасыз етілу, қоғамдық қатынастардың жаңа 
жүйесі жағдайында бастапқы капиталдың болмауы жастар үшін негізгі әлеуметтік проблема 
болып табылады. Кәсіби тәжірибе мен дағдылардың жетіспеушілігімен байланысты еңбек 
нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің төмендігі жұмыссыздар санының өсуіне және жастар 
арасындағы әумесерлік көріністердің артуына әкелді. Өзінің адамгершілік құндылықтарын 
жоғалтып алғандықтан қалыптасқан қоғамда өзіне орын таппаған жас тұлға бос қуыста қалып 
қойып, алкогольдан, есірткіден қорғаныш іздейді, өзін қоғамға қарсы қою арқылы орнығуға 
тырысады. Бұл құбылыстар жастар ортасында жаппай көрініс алды, ал бұл қоғамның 
адамгершілік-психологиялық жай-күйіне әсер етеді. Алайда әлеуметтік ақиқат жастардың 
қылмыстық жолға түсуіне кедергі болатын механизмдерді әзірлеп шығарған жоқ. 
Көптеген жас адамдар өздерінің қажеттіліктері мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктері 
арасындағы қарама-қайшылықтарды заңды құралдарды (біліктілікті арттыру, қосымша еңбек, 
өндірістік резервтерді іздестіру) пайдалана отырып шешуге ұмтылады. Дегенмен, кейбір 
жастар қоғамға бергеннен гөрі қоғамнан көбірек алуға немесе материалдық қаражатқа иә 
болмаса игіліктерге заңсыз, адамгершілікке жат жолмен қол жеткізуге тырысып, басқа жолды 
таңдап кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет