Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)
АНГЛ НУРУМБЕКОВА
 
Әдебиет
1 Джаманбалаева Ш.Е. Социальные проблемы девиантного поведения. Автореферат. – 
Алматы, 1996.
2 Статистический пресс-бюллетень №3. – Алматы, 1998. 
3 Казахстанская правда. – 1995. – 22 июня. 
4 Сахаров А.Б. О личности преступника и причинах преступности в СССР. – М., 1962.
5 Смелзер Н. Социология. – М.: Феникс, 1994. 
6 Социальные отклонения; под ред. В.Н. Кудрявцева. – М.: Госюриздат, 1989. 
7 Аванесов Г.А. Криминология и социальная профилактика. – М., 1980. 
8 Смелзер Н. Социология. – М., 1993.
9 Фокс В. Введение в криминологию. – М.: Прогресс, 1980. 
10 Социальные отклонения. – М.: Юр. лит., 1989. 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
12 
Байжакупова Шакен Мукановна
Абай облысы Көкпекті ауданы
«І. Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
Педагог-психолог 
 
Инклюзивті оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған 
психологиялық ойындар 
 
Кілт сөздер:
Инклюзивті білім беру, психологиялық ойындар, психологиялық ахуал, 
жаттығулар, ойындар, мүмкіндігі шектеулі, білім деңгейі. 
Инклюзивті білім беру
– барлық балалардың физикалық, психикалық, зияткерлік және 
басқа ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне енгізілген оқыту және тәрбие 
процесі. 
Инклюзивті білім берудің негізіне барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз 
ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын
балалардың кез келген кемсітуін болдырмайтын идеология салынған. Ол әрбір оқушыға 
өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеруге және бағалауға мүмкіндік береді. 
Неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым 
төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзі даму 
мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екенін растап отыр. Қазіргі кезде 
мектептерде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына 
және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге көп көңіл 
бөлінуде. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім 
білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл 
балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады. 
1. Баланың мектепке дайындығын анықтау. 
2. Тәрбиесіндегі кемістігін жою 
3. Сабақты жүйелі жоспарлау
Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс
психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды 
психологиялық ойындар көмегімен баладағы кемістігін аз болса да қалпына келтіріп, сол 
арқылы психологиялық саулығын сақтауға, психолог ретінде аз да болса өз үлесімді қосып 
алдыма мақсат етіп келемін. 
Біріншіден психолог ретінде даму мүмкіндігі шектеулі балаға баланың көңіл күйіне 
қарап, бақылау жүргізіп отыру өте маңызды. Ал сынып жетекшілер баланы мектепішілік іс-
шараға қатыстыруы немесе көрермен ретінде көруге шақыруы өте қажет.
Екіншіден баланың ата-анасымен сөйлесу, пікірлесу, кеңес берудің маңызы зор, 
Инклюзивті бала тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен 
қосылып, жұмыс жасағанды қатты ұнатады. Ол үшін даму мүмкіндігі шектеулі оқушының 
отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай 
қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, баланың өзіне арналған 
ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға 
болады. 
Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың 
психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді: 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
13 
1. Олар ойланады. 
2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың 
шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады. 
3. Ұжымдық сезімі қалыптасады. 
4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. 
Психолог жұмысында «ерекше балалармен» қарым-қатынас мәдениетін дамытудың
олармен дұрыс емес қатынас жасау қорқынышын төмендетудің маңыздылығын атап өту 
керек. Сондықтан да төменде көрсетілген жаттығуларды ұсынбақпын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет