«Білім айнасы» 2022 ж.
23
жастардың жұмысқа орналасудан жолы болады. Оны статистика көрсетеді. Ол ең қажетті
тілдер санатында бой түзеп тұр. Сондықтан ұстаздар бала санасына, оны үйрету үшін барын
салады. Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Оның өміршеңдігін жаһандану кезеңі дәлелдеп
отыр.
«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуы
тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»
– деп Елбасымыз өз
жолдауында айтып кеткендей, ағылшын тілінің бүгіні мен болашағы жайлы сөз
қозғамақпыз.Ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең
ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын
тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің
рөлі,
қазіргі XXI
ғасырда
тереңдетілген,
маңызды
рөл
болып
саналуда.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше.
Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде
айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: