Республиканская научно-познавательная газета "Білім айнасы"


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата05.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#165000
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
10-1008 журн Бота (2)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. Инклюзивті білім беру негіздері. Алматы 2019 жыл 
2. Овчарова Р.В. Практическая психология образования. – М.: Академия, 2003. 
3. Крюкова Т.Л. Отбасылық психология. – Тіл, 2005 
4. Фролова С.В. Консультативная психология: теория и практика. Учебно-метод.пособие 
для студентов, обучающихся по специальности «Психология». – Саратова, 2015 
5. Уалкенова Д.Х. Международный опыт развития семьи. – Астана, 2015 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
20 
Ерботина Ақбота Жұмабаевна

«І.Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ
математика пәнінің мұғалімі, 
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
2- курс магистранты 
«
Математика пәнін оқытуда үштілділік элементтерін енгізу
» 
Түйінділік сөздер:
көптілді білім беру, қазақ тілі, орыс тілі, үштілді білім беру, шет 
тілін оқыту, математикалық термин. 
Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде 
қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы - тіл. 
Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі 
кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі 
шара атқарылып жатқаны баршаға аян. 
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – 
еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. 
Адамзат мәдениетінің негізгі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана 
тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына – байлығы мен атақ абыройы тілге 
байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі 
деп ардақ тұтып, қастерлейді. 
Десе де, көп тіл білу-заман талабы.. Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-
Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір 
туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, 
араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Ұлтымыздың 
болашағын ойлаған алаштың ардақтылары да мұны әрқашан ескеріп отырған. 
Еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық 
пен көптілділік. Қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұстаз ретінде біз жаңа форматта 
көптілді тұлғаны қалыптастыру міндетін қоюымыз керек, өйткені бұл бәсекеге қабілетті 
қоғам құрудың негізі. «Тілдердің үштұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы халықаралық 
байланыстар мен барлық деңгейдегі ынтымақтастықты кеңейтуге, Қазақстанның әлемдік 
қауымдастыққа кірігу саясатына ықпал етеді. Үш тілді білу жастарға әлемдік нарықтың, 
ғылым мен жаңа технологиялардың кілтін береді. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс 
тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін жаһандық экономикаға сәтті кірігу 
тілі ретінде еркін меңгеруіне ат салысуымыз керек. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім 
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін 
танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Оқу үрдісін 
ұйымдастырғанда оқытудың мазмұны, принциптері ерекше іріктелгенде, жоспарлау, 
оқытудың сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі назарда 
ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасу мүмкіншілігі артады. Көптілді оқытудың 
негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті 
мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. 
Оқу процесін жаңғырту барысында мектеп бағдарламасындағы басқа пәндерге де 
үштілдік элементтерін енгізу қолданылса, білім алушылардың үш тілді еркін игеруіне 
тиімдірек болады, оқушылардың танымдық белсенділігі артады. Өйткені ағылшын, орыс тілі 
сабақтарында оқушылардың сол тілдердің грамматикасы мен мәтіндерді оқуы, ауыз екі тілде 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
21 
сөйлеуіне көбірек назар аударылады да, математикалық, физикалық, биологиялық тағы да 
басқа кәсіби терминдерді игеруі қалыс қалып жатады. 
Математика – ғылымдардың патшайымы, біздің сабағымызда алғаш естіген терминдерді 
оқушылар әртүрлі пәндерде де қолдана алады. Заман ағымына ілесе отырып, біздің 
міндетіміз – бүкіл әлем сөйлейтін тілдің деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар 
балаларымыздың бәсекеге қабілетті, ағылшын, орыс тілі сабақтарынан тыс уақытта да оқып 
жатқан тілін еркін меңгеруін мақсат ету. 
Математика сабақтарына үштілділік элементтерін қалай енгізуге болады?
1.
Сабақтың басы – Ұйымдастыру сәтінде сәлемдесу, «Тілек», «Шеңбердегі хат» сияқты 
тағы да басқа әдістерді үш тілде жүргізуге болады. Жақсы тілектер мен жылы лебіздер 
балалардың сабаққа жақсы бейімделуіне, жаңа материалды қабылдауына көмектеседі. 
2.
Сабақ барысында үш тілде глоссарий жүргізу ұсынылады.
Ол үшін оқушылар 
математикалық терминдердің үш тілге аудармасы берілген Bilimland.kz немесе qazmath 
сайтын ашып, өтіп жатқан тақырыпқа байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 
математикалық терминдердің сөздігін жазады.
Мысалы, алгебра сабағының «Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері» (7-сынып) 
тарауын алатын болсақ: 
қазақша 
орысша 
ағылшынша 
натурал көрсеткіш дәреже 
Степень с натуральным 
показателем 
Natural degree
дәреже 
степень 
degree 
дәрежелеу формуласы 
формула степени 
power formula 
дәреженің негізі 
основание степени 
Base of a degrees 
Өрнек 
выражение 
expression 
дәрежелеудің негізгі заңдары
правила 
возведения 
в 
степень 
fundamental laws of exponents 
Экспонента, дәреже 
Экспонента 
Exponent 
немесе, 8- сыныптың «Квадрат түбір және иррационал өрнектер», «Квадраттық 
функция» тарауларын алайық: 
қазақша 
орысша 
ағылшынша 
Квадрат теңдеу
квадратное уравнение 
quadratic equation 
квадрат теңдеу түбірлерінің 
айырмасы 
разница корней 
квадратного уравнения 
difference of the roots of a 
quadratic equation 
Келтірілген квадрат теңдеу 
Приведённое квадратное 
уравнение 
Reduced quadratic equation 
Иррационал сандар 
Иррациональные числа 
irrational numbers 
теорема 
теорема 
Theorem 
Квадраттық функция
Квадратичная функция
Square function 
Функцияныңграфигi
График функции
Graph´s function 
Парабола 
Парабола
Parabola 
Параболаныңтармақтары 
Ветви параболы
Parabolabranches 
Параболаныңтөбесi 
Вершина параболы
Parabolatop 
Координаттар 
Координаты
Coordinates 
Симметрия осi 
Ось симметрии
Symmetry axis 
3.
Сабақта оқушылар үлестірмелі материалдармен жұмыс істеген уақытта тек есептерді 
шығарып қана қоймайды, арасында үштілділікке қатысты тапсырмалар да қосылады, 
алғашқы
сабақта барлық терминдер үш тілде жазылады, кейінгі сабақтарда элементтердің 


 «Білім айнасы» 2022 ж. 
22 
атауларынан бір тіл алынып тек екі тілде ғана қалады: қазақша немесе орысша немесе 
ағылшынша. Бұл сөздердің аудармасы туралы қорытындыға оқушылардың өздері келеді. 
Демек, тілді жеке пән ретінде ғана емес, басқа пәндер үшін білім алу құралы ретінде де 
зерттеуге болады. Балалардың тілдік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, көптілділіктің жоғары 
мәдениетіне ұмтылған оқушыларды ынталандыру керек. Біздің заманымызда қостілділік пен 
көптілділік – бәсекеге қабілетті қоғам құрудың нақты және қажетті құбылысы. 
Қорыта келгенде, “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының негізгі мақсаты: 
«Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет 
ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт-аралық қарым-
қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша 
айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен 
көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін 
үйренеміз». 
Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас 
тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — 
болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындаған замана талабы.
«Білекке сенер заманда-ешкімге есе бермедік. Білімге сенер заманда – қапы қалып 
жүрмейік » – деп Абылай хан айтып кеткендей адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш 
тек білімге ғана тән екенін естен шығармайық. Ертеңгі күннің болашағы бүгінгіден де 
жарқын болуы өскелең ұрпақтың қолында, ал сол болашақ мамандардың зиялы да білімді, 
білікті де білгір, сауатты да салауатты болуына мектеп ұстаздарының ықпалы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет