28
Жалпы орта немесе қосымша білім беру ұйымдарында кәсіби
бағдарлау орталығын құру
Кәсіби бағдарлау жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін қосымша
білім беру ұйымдарының немесе жалпы білім беру мектептерінің
базасында кәсіби бағдарлау орталығын құруға болады. Бұл
орталықтарда қосымша білім беру педагогіне маңызды рөл берілуі
мүмкін. Мұнда балаларға қосымша білім беру жүйесінде кәсіби
бағдарлау бағытындағы тәжірибеге бағдарланған оқыту курстары
жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, элективті курстар, оқыту
фирмаларының әрекеттерін ұйымдастыру, таңдау бойынша курстар
және т.б.
Мұндай жағдайда кәсіби бағдарлау орталығы кәсіби салада
тұлғаның дамуына көмектесетін ақпараттық-коммуникативтік кеңістік
болып табылады. Мүмкіншілігіне қарай ол «кәсіби бағдарлау бұрышы»
немесе арнайы кабинет, медиацентр болуы мүмкін.
Кәсіби бағдарлау жөніндегі кабинет – ол балалар және олардың
ата-аналарымен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу және ұйымдастыру
үшін,
сонымен
қатар
балалардың
түрлі
кәсіптер
туралы
материалдармен, олардың тұлға сапасына талаптарымен өзіндік
танысуы, жеке және топтық кеңестер, «Мамандық таңдау негіздері»
таңдауы бойынша курстар өткізу орталығы.
Достарыңызбен бөлісу: