26
6.
Деректерді
орнына келтіреді және топтайды, оларға
түсініктеме іздейді, оқиғалар арасында байланыс орнатады.
7.
Оқушылардың оқып білуін қалыптастырады, оқушылардың
келешекте өзі шешім қабылдауына негіздер (ғылыми, дүниетаным)
салады.
8.
Адамның қошаған жағдайларға бейімделуіне, жеке
мәселелерін шешуге көмек көрсетеді.
9.
Қылмыстық (азаматтық) істерді қарастырады,
соттың
барлық әрекеттерін заңдастыруын қамтамасыз етеді.
Шақырылған қазылар алқасы барлық ойынның қорытындыларын
шығарады.
Әрбір қосымша білім беру педагогі өз жұмысын жоспарлай білуі
керек. Жоспарлау бойынша ұсынымдар:
1. Аталған жұмыстың мақсатын түсіну: берілген топпен жұмыста
барынша үлкен мақсатты және барынша кіші мақсатты анықтау.
2. Жұмыстың басым бағыттары мен негізгі мәселелер тізбегін
көрсету (сол топтың ерекшелігін еске ала отырып).
3. Күндер және сағаттар бойынша дәрістер кестесін құру.
4. Барлық тақырыптарды (мәселелерді) күндерге бөлу («жалпы
бағытталған мәселелерден – нақтыларға» қағидаты бойынша).
5. Теориялық мәселелерді көркемдейтін түрлі тәжірибелік әдістер
тізбегін жасау (олар «теорияға» қарағанда көп уақытты алғаны дұрыс).
6. Теориялық мәселелермен сәйкестендіре отырып, тәжірибелік
жаттығуларды күндерге бөлу («кезектесу» қағидаты маңызды:
теория -
тәжірибе).
7. «Қорда» бірнеше теориялық сұрақтар мен практикалық
әдістердің бар болуы.
8. Барлық курстар үшін шағын конспектілер жасау.
Кәсіби бағдарлау жұмысында ойынға маңызды рөл беріледі. Кез
келген ойынның, оның ішінде кәсіби бағдарлау ойынының ерекшелігі
келесідей болып табылады:
– мазмұны және жасалуы бойынша ойын әлеуметтік болады;
– ойынға қатысушылар адамдардың қарым-қатынасының
қоғамдық мәні мен қызметтерін таниды
және көрсетеді;
– ойын - өмірді ұйымдастыру тәсілі;
– ойын - өзіндік шығармашылық қызмет;
– ойын «сияқты еді» жағдайында болады;
– ойын – ол шабыт пен икемділікті талап ететін сезімге қанық
қызмет; онда эмоциялық әсер етудің
қалыптасқан құралдары
анықталады, мінез-құлықтың жаңа сапалары пайда болады, эмоциялық
тәжірибеге байиды және дамиды;
– ойын – үдеріске уәждеме енгізілген қызмет;
– ойынның дамытылған нысаны – қоршаған әрекеттің бейнесі
27
ғана емес, оның түрленуі. Сауатты
өткізілген ойын ойға алған
мақсаттарды, құрылымдарды, алынған ақпарат немесе тәжірибені
талқылау және талдауды болжайды.
Ойын көпқырлы: ол арқылы әлеуметтік тәжірибе беріледі; онда
жасөспірім қоршаған әлеммен
өзара әрекет жасай отырып, өз
белсендігін көрсету мүмкіндігін алады. Ойынның барынша таралған
топтары олардың түрлері бойынша топталуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: