Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


келесідей әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну



Pdf көрінісі
бет43/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

келесідей әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну 
қарастырылған: 
70 АЕК мөлшерінде біржолғы көші жәрдемақысын төлеу; 
1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшерінде сыйақы төлемімен, 15 
жыл мерзімге тұрғын үй құру және алу үшін бюджеттік несие; 
ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала 
мекемесіндегі мамандарға қызметтік окладтан (тарифті ставка) 25 
%-дан кем емес көтермелеу. 
Стенд үнемі жаңартылып тұруы керек (айсайын, тоқсан 
сайын); мазмұны бойынша қызықты және өзекті болуы қажет.
 
Профессиограмманы әзірлеу және қолдану 
 
Профессиограмма
–белгілі бір мамандықпен танысу бойынша
педагогтің дәрісті құру негізі. 
Кәсіби бағдарлау бойынша кабинеттің алдында тұрған 
міндеттерді табысты шешу шарттарының маңыздысының бірі 
мамандықтардың профессиограммаларының болуы болып табылады.
Профессиограмма
– 
ол 
адамның 
интеллектуалды, 
психологиялық, физикалық және т.б. жеке қасиеттеріне мамандық 
тарапынан қойылатын негізгі талаптар енгізілген кәсіптің сипаттамасы.
Барлық профессиограммалар шамамен мынадай жүйе бойынша 
құрылған: 
-
мамандық атауы; 
-
мамандықтың халық шаруашылығындағы маңызы мен 
орны; 
-
еңбек түрі: қол еңбегі, механикалық, автоматты; 
-
еңбектің мәні және өнімі; 
-
жұмысты орындау үшін қажетті білім, білік; 
-
жұмыс шарттары, жұмыс орны; 
-
еңбек және демалыс тәртібі; 
-
медициналық қарсы көрсеткіштер; 
-
тұлғаның жігерлік, іскерлік және тағы басқа қасиеттеріне 
талаптар; 
-
мамандықтың тұлғаға әсері: жалпы мәдени деңгейін 
қалыптастыруға, ойлау қабілеттерінің, мінезінің дамуына; 


35 
-
мамандықты алу жолдары, білім беру ұйымдарына 
сипаттамалар және оларға түсу шарттары; 
-
кәсіби шеберліктің өсу келешегі. 
Түрлі мамандықтардың профессиограммалары жинақталған 
арнайы топтамалар бар. Әдетте олар Е.А. Климов ұсынған типология 
бойынша жіктелген: адам – адам, адам – техника, адам – көркемөнер 
бейнесі, адам – табиғат және адам – белгі. Барынша жаңа кәсіптердің 
пайда болуына, еңбек нарығының тез өзгеруімен, ақпараттандыру 
рөлінің күшеюімен профессиограмма да үнемі өзгереді. Бұдан басқа, 
әлі профессиограмма құрап үлгермеген жаңа кәсіптер пайда болуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет