Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


  Балаларға қосымша білім беру жүйесінде сырттай оқытуды



Pdf көрінісі
бет95/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар
Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты, Болатбекова Н.Ж. Мақала. Психология секциясы Еуразия гуманитарлық институты
 


83 
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде сырттай оқытуды 
ұйымдастыру 
 
Қазіргі уақытта ақпараттық кеңістіктің белсенді дамуының 
арқасында негізінен Ғаламтор-технологиялары құралдарымен жүзеге 
асатын және оқыту үдерісінің компонентіне лайықты көрсететін, 
педагог және оқушының қашықтықта бір бірімен өзара қатынасын 
ұсынатын, қашықтықтан және күндізгі-сырттай оқыту сияқты 
оқытудың түрі өзекті болып табылуда.
БЖЭТО қашықтықтан оқытуды мыналар арқылы жүзеге асырады: 
- «Экология және біз» облыстық сырттай экологиялық мектептің 
қызметі; 

«Жас 
зерттеуші» 
жазғы 
экологиялық 
жаттықтыру 
практикумының қызметі; 
- элективті курстарды жүргізу. 
10 жылдан астам Орталық базасында қашықтықтан оқыту 
шеңберінде «өлкетану», «туризм», «экология» бағыттары бойынша 
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әрекет негізінде экологиялық 
мәдениет, инновациялық ойды қалыптастыру қызметінің негізгі 
мақсаты болып табылатын «Экология және біз» облыстық сырттай 
экологиялық мектебі өзінің белсенді жұмысын атқаруда.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған: 
жобалау-зерттеу қызметі арқылы негізгі жалпы және түйінді 
құзыреттілікті қалыптастыру; 
оқушылардың әлеуметтік және кәсіби өзін өзі анықтауы үшін 
жағдайлар жасау; 
біртұтас оқыту кеңістігін құру. 
Орталық педагогтерінің басшылығымен Ақсу, Ақтоғай, Лебяжі, 
Қашыр, Баянауыл, Успенск, Павлодар аудандарының алпыс оқушысы 
«виртуалды кабинет» (metodistDUCET@yandex.kz) жұмысын және 
«орнында» орындау үшін тәжірибелік тапсырмалар алу, жеке кеңестер 
арқылы жас зерттеушілердің дағдыларын игере отырып, тәжірибелік 
және зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Сырттай мектептің оқушылары «Павлодар облысының сирек 
кездесетін өсімдіктерін жерсіндіру», «Баұша бүлдіргенінің сортын 
үйрену», «Өсімдік өсуін биоынталандырушы», «Ескі қала», «Мектеп 
мұражайы – өлкетану құндылықтарының жинақ сандықшасы», « 
Табиғатқа антропоген әсер етуі» және көптеген өзекті тақырыптар 
бойынша өз жұмыстарын жүргізуде.
Сырттай мектептің оқушылары «Павлодар облысының сирек 
кездесетін өсімдіктерін интродукциялау», «Бақтағы бүлдірген сортын 
зерттеу», «Өсімдіктерді өсіру биостимуляторы», «Ежелгі қала», 
«Мектеп мұражайы – өлкетану құндылықтарының жинақтаушысы», 


84 
«Табиғатқа антропогенді әсер ету» және басқа да өзекті тақырыптар 
бойынша жұмыс жүргізуде. 
«Жас зерттеуші» жазғы экологиялық практикумның қызметі 
мектептің жаратылыстану–ғылыми циклы пәндерінің шеңберінде 
белгілі білімдер алған, білім ұйымдарының 5-9 сынып оқушыларының 
экологиялық жасақтары жұмыстарын ұсынады және экологиялық-
ботаникалық кешен бөлімдерінде тәжірибелік зерттеу арқылы қоршаған 
орта туралы дағдылары және білімдерін қалыптастыру бойынша 
міндеттерді шешуге бағытталған.
Экологиялық 
практикум 
бағдарламасына 
түрлі 
зерттеу 
тапсырмалары кіреді, бақылаушылығын дамытуға көмектеседі, ойын 
дамытады және оқушыларға өздігінен тәжірибелік білім алуға 
көмектеседі.
Экологиялық практикум өткізуге жазғы еңбек тәжірибесінен 
күнсайын бір академиялық сағаттан беріледі. Оқушылар ұсынылған 
тапсырмалардың біреуін таңдайды, жұмыс мазмұнымен танысады, 
экологиялық практикум күндері бойынша жұмысты бөледі және 
тапсырманы орындауға кіріседі. Өз жұмысының нәтижелері бақылаушы 
күнделігі және кіші жобаларды қорғау түрінде ұсынылады.
Жетпіс оқушыдан артық қамтылған «Фенология әлемінде», 
«Табысқа жол», «Туған өлкенің экономикасы», «Жас саяхатшы», 
«Экология. Тұрақты даму», «Қоршаған ортаның экологиялық 
мониторингі» қаланың жалпы білім беру мектептері оқушылары үшін 
өткізілген күндізгі-сырттай элективті курстар фенология және 
экономика, саяхаттану және мұражайтану, тарих, археология, туризм, 
өлкетану, экология саласындағы кәсіп әлемімен танысуға мүмкіндік 
береді.
Оқушылардың 
ғылыми-зерттеу 
және 
оқыту-танымдық 
әрекеттерін ынталандыру мақсатында өткізілетін «Менің Отаным – 
Қазақстан» дәстүрлі жыл сайынғы өңірлік ғылыми-тәжірибелік 
конференциясында білім алушылар өз қызметтерінің нәтижелерін 
ұсына алады. 
Оқушылар СӨС және фенология, экология, табиғатты қорғау 
саласында зерттеуде, экологиялық жасақтар, мектептік орман 
шаруашылығы жұмысы бойынша, өңірді абаттандыру және 
көгалдандыру бойынша өңірлік экологиялық мәселелерді шешуде 
тәжірибелік үлесті көрсететін жобаларды «Экология және біз» 
секциясында бағалай алады.
«Экология. Тұрақты даму» бағыты бойынша зерттеулер, 
эксперименттер, тәжірибелер, бақылаулар нәтижелерімен «Зерттеу 
жұмысы» секциясында бөлісе алады.
«Өз өлкеңді таны» секциясы «Менің Отаным – Қазақстан» - бұл 
өлкетану, археопалеонтологиялық, этноэкспедиция, экологиялық 


85 
соқпақтар 
және 
туристік 
экскурсиялық 
маршрутты 
әзірлеу 
Республикалық бағдарламасы шеңберінде туристік-өлкетану қызметін 
бейнелейді.
Мектеп 
мұражайлары 
қызметінің 
тәжірибесін, 
табиғат 
ескерткіштерін, тарих және мәдениетті үйрену, саяхат материалдары 
және саяхат маршруттарын әзірлеуді «Мұражай – тарих бесігі» 
секциясы жұмысында көрсетуге болады.
БЖЭТО кіші және орта топтағы балалар бірлестіктерінің ең жас 
зерттеушілері үшін «Ғылымға алғашқы қадам» секциясы өз жұмысын 
жүргізеді.
«Менің Отаным – Қазақстан» конференциясы – республикалық 
және халықаралық конкурстарға, форумдарға, конференцияларға 
қатысу үшін бастау алаңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет