Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


Мектептегі кәсіби өзін өзі анықтау



Pdf көрінісі
бет94/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

 
Мектептегі кәсіби өзін өзі анықтау
(Павлодар қ. «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» 
жұмыс тәжірибесінен 
 
Қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың 
маңызды басымдықтарының бірі - оқушылардың кәсіби тұрғыда өзін 
өзі анықтауы болып табылады. 
Қызметі оқушылардың өмірде әлеуметтенуі мен бейімделуіне 
бағытталған БЖЭТО оқыту кеңістігінде оқушылардың кәсіби тұрғыда 
өзін өзі анықтауы мақсатында тиісті жағдайлар жасалған. 
Біріншіден, үшінші оқыту жылындағы топтар, зерттеу және 
эксперимент 
топтарындағы 
білім 
бағдарламаларының 
жүзеге 
асырылуы, олардың негізгі мақсаты – балалар бірлестіктері қызметінің 


81 
бағыттары бойынша кәсібиге дейінгі біліктердің меңгертілуі болып 
келеді. 
Экология, өлкетану, туризм, археология, тарих, экскурсия жүргізу 
мен мұражайтану, фенология мен экономика салалары кәсіптерінің 
әлемімен жалпы орта білім беру мектептері негізінде жүргізілетін 
«Қоршаған ортаның экологиялық мониторингі», «Экология. Тұрақты 
даму», «Жас экскурсия жүргізушісі», «Туған өлкенің экономикасы», 
«Табысқа жетер жол», «Фенология әлемінде» элективтік курстары 
мамандықтармен танысу мүмкіндігін береді. 
Экологиялық мәдениеті мен белсенді азаматтық ұстанымын 
қалыптастыру мақсатында Орталық тарапынан бес жылдан астам уақыт 
көлемінде жалпы орта білім беру мектептері оқушылары мен арнаулы 
орта және жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Жасыл 
ғаламшар» экологиялық лекторий жүргізіліп келеді. 
«Біз және экология» облыстық сырттай мектебі негізіндегі 
зерттеу, жобалық және тәжірибелік қызметі бойынша сабақтар облыс 
білім беру ұйымдары оқушылары үшін бастауыш кәсіби деңгейіне 
айналды. 
Әлеуметтік серіктестік оқушылардың мектепте меңгеретін 
білімдерді ұғынуы мен тұлғалық, кәсіби тәжірибесін игеруге 
бағдарланған біртұтас білім кеңістігінің қызмет атқаруы мақсатында 
қажетті жағдайлар жасайды. Осы бағытта Орталық екіжақты 
келісімшарттар негізінде «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Павлодар мұнай 
химия зауыты» ЖШС кәсіпорындарында экскурсиялар, С.Торайғыров 
атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Павлодар 
мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе оқушыларға 
арналған 
археопалеонтологиялық,
этнографиялық, тарихи-өлкетану 
экспедициялары мен тәжірибелер 
бойынша өзара ынтымақтастық 
арқылы өз жұмысын жүргізеді. 
Оқушылардың 
кәсіби 
тұрғыда өзін өзі анықтауы 
бойынша 
Орталық 
қызметі 
нәтижелілігінің 
көрсеткіші 
балалар 
бірлестіктері 
тәрбиеленушілерінің біздің өңірдегі және шетелдегі колледждер мен 
ЖОО-на мамандық бойынша оқуға түсіп, Орталық ұжымының кешегі 
түлектерімен толықтырылуы болды, оның ішінде Кремер, Дьяченко, 
Каримовтар, Ридзаускас сияқты тұтас отбасылық әулеттер. 


82 
Стартта – Мария Дьяченко 
мен Антон Дьяченко.
Секундомер 
ұстаған 
– 
Оксана Владимировна Дьяченко. 
Солдан оңға қарай біріншісі – 
Мария Дьяченко, үшіншісі – 
Антон Дьяченко. 
Кәсіби бағдарлау мәселелері өсуде, бірақ мүмкіндіктер де 
кеңеюде.
Кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс істейтін педагогтердің міндеті 
оқушылардың кәсіби өзін өзі анықтауына уәждемені арттыру. Мұнда 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмек береді. Ғаламтор 
және компьютерлі техниканың дәуірлеуі кәсіби бағдарлау жұмысының 
қағидаттары мен нысандарын жаңарту үшін нақты қор болып 
табылады. Сабақтан тыс қызметте ақпараттық технологияларды 
қолдану оқушылардың психологиялық дәрістерге, сол сияқты 
компьютерлік технологияларға да қызығушылығын белсендіреді, 
қызығатын ақпаратына кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді:
• өз еркімен жасайтын белсенді қызметке бағдарлайды;
• жоғары сынып оқушыларына өздерінің негізгі икемділіктері мен 
қабілеттіліктерін өздігінен талдауға дайындығын қалыптастыруға 
көмектеседі;
• өзінің жеке және кәсіби қызығушылықтары мен икемділіктерін 
шамамен анықтауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет