Бентостар дегеніміз судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде) тіршілік ететін организдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу қозғалатын немесе қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосты бактериялар мен балдырлар құрайды.
Плейстон- денесінің бір бөлігі су үстінде, екіншісі – су астында.
Нейстон - судың беткі қабатында тіршілік етеді. Судың үстімен жүреді.
Құрлық – әуе тіршілік ортасы – экологиялық жағдайы бойынша ең күрделісі.
Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық адаптациясы қалыптасқан .
Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет. Оның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады.
Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда шамамен оның 19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық
кеңістікке шағылысады және 47% жер бетіне жетеді. Тікілей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден тұрады: ультракүлгін сәулелер 1-ден 5% дейін , көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін, инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін. Ультракүлгін сәулелер ұзынтолқынды (380-290 нм) және қысқатолқынды (290 нм кем) деп екіге бөлінеді. Қысқатолқынды ультракүлгін сәулелері тірі ағза үшін өте қауіпті , іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп кетеді. Ұзынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян , ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар және құрамында Д витамині табиғи көзі болғандықтан балалардың рахит ауруына қарсы пайдаланылады.
Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы 0,03 %, азот 78 %, ал қалған инертті газдар жиынтығы 0,97 % құрайды. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті.
Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең таралуына себебін тигізуі.