Аэропланктон- ауа ағынымен бәсең тасымалданушылар. (мысалы, өсімдіктердің споралары, ұсақ жәндіктер)
Ауаның қасиеттері - ауа химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шартты және метерологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компонеттердің қатынасы оның родиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газды құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радияциясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндежылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура+150С емс, -180С болар еді.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен араласу нәтижесінде мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді мен күкірт оксидін, Күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануы таратуы, сонымен қатар локаьды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады. Атмосфераның әр түрлі параметірлерін және қасиеттерін, оның химиялық құрамы, жылу режимін, орын ауыстыруы, радиоактивтілік, электромагниттік фон және т.б әсер етеді.
Топырақ тіршілік ортасы.
Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жемісі. Топырақтағы барлық мекендеушілерді эдафобионттар дейді. Топырақ организмдері үшін қолайлы болғандықтан, көптүрлілігі жөнінен де сан алуан болып келеді. Оның негізгі үш экологиялық тобын ажыратады.
Геобионттар– топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизімдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б.
Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организімдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар,
масалар, т.б. жатады. Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып, ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады.
Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.