дәріс: Қауіпті апаттар. Халықты қауіпті апаттардан қорғау жолдары.Жер сілкінісі. Су тасқыны. Сел. Қар көшкіні.
Жоспар: Жер сілкінісі кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары.
Су тасқыны кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары.
Сел және опырмалар кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары.
Қар көшкіні кезіндегі зардап шеккен жерді қалпына келтіру жұмыстары. 5.Төтенше жағдайлар белгілері
Апат (гр. katastrophe - өзгеріс, төңкеріс) – бұл адамның өзі күтпеген іс- әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
-кенеттен болған ауыртпалық; арты қайғыға соқтыратын жағдайлар - қирау, бүліну, жойылу, біреудің немесе бірнәрсенің қаза болуы; аса ірі әскери жеңіліс;
-жеке және қоғамдық өмірде күрт өзгеріске әкелетін күйзеліс;
-жүйенің қирауына немесе оның жұмыс тәртібінің елеулі бұзылуына әкелетін секірмелі құрылымдық-функционалдық өзгерістер.
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
заң
ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туралы" заң Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдык қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, апатқа анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгілелген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаны үшін жауапкерішілік аңықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзге де мәселелер қамтылған.Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар саласында төтенше жағдайларды нысандық және жергілікті түрлерге жатқызады, осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аумағын анықтайды.
Бейбітжәнесоғысуақытындағытөтеншежағдайлардыңжіктелуі Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;
жарылыс,өртке алып келіп соғатын;
көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;