Республикасы


Химиялық қаруды қолдану мақсаттары



бет96/125
Дата04.04.2023
өлшемі1,57 Mb.
#173693
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125
Байланысты:
тқн

Химиялық қаруды қолдану мақсаттары:


1.Уақытша қатардан шығару 2.Жою
3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру 4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану.

Химиялық заттар адам организміне әсер ету жағынан 4-ке бөлінеді:



  • Өте қауіпті

  • Жоғарығы қауіпті

  • Орта қауіпті

  • Қауіптілігі аз

Химиялық қару - уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін.Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында көп қолданылады. Артиллериялық Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т.б. құрал- жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады.
Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1- дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 — 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2- дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 ж фашистік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180мың тонна өнім шығаратындай етті. 1993ж Париж конвенциясында адамзатқа аса қауіпті деп саналып ,тиым салынды.
Химиялық қарудың қырып-жоятын әсерінің негізін уландырғыш заттар құрайды. Уландырғыш заттар (УЗ) дегеніміз химиялық түзілістерді білдіреді, олар қолданылған кезде қорғанышсыз тірі жандарды қырады немесе олардың соғыс қабілетін әлсіретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет