Республикасы


Бу турбиналарының гидродинамикалық реттеу жүйелері



бет19/27
Дата14.09.2023
өлшемі1,82 Mb.
#181125
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
Бу ж не газ турбиналар
нсарчб

9.3 Бу турбиналарының гидродинамикалық реттеу жүйелері


Гидродинамикалық реттеу жүйелерінде иінтректер арқылы байланыстар болмайды. Байланыстар сұйық зат (май) қысымы арқылы орындалады. Гидродинамикалық реттеу жүйесінің сұлбасы 9.2 суретте көрсетілген.



  1. золотник; 2-реттегіш; 3-шестеренка; 4-май сорғысы; 5-май жинағыш бак; 6-тазалағыш сетка; 7-май шығысын орнатқыш клапан; 8- сақтандырғыш клапан; 9-дроссель; 10-поршень; 11-пружина; 12-букса; 13-трубка; 14-бу шығысын реттегіш клапан.

9.2 Сурет - Гидродинамикалық реттеу жүйесі
Гидродинамикалық реттеу жүйесінде май жинағыш бактан сорғы арқылы май реттеу жүйесіне қысыммен жіберіледі.
Қысымы жоғары май реттегіш клапанның поршенін көтеріп, бу шығысын реттегіш клапанын ашады. Май сорғыдан соң дроссель арқылы подшипниктерге де жіберіледі. Егер май қысымы жоғарласа сақтандырғыш клапаны іске қосылады. Турбина роторының айналым жылдамдығының өзгеруі реттегіш арқылы золотникке əсер етеді.
Егер ротор айналым жылдамдығы өзгерсе, золотник жоғары əлде төмен жүріп май шығысын өзгертеді. Май шығысы реттегіш клапанның поршень тұрысына əсер етіп, бу шығысын өзгертеді. Турбина жүктемесі өскен кезде ротор айналым жылдамдығы азаяды, золотник жоғары көтеріледі. Трубкаларға кететін май шығысы төмендеп, бу реттегіштің поршенін көтереді. Турбинаға баратын бу шығысы өсіп жүктемеге сай болады. Турбина роторының айналым жылдамдығы орнына келеді. Гидродинамикалық реттеу жүйелерінде иінтірек арқылы байланыстар болмағанынан реттеудің сапасы өседі, сезгіштіксіз дəрежесінің мөлшері азаяды. Бұл жүйесі дұрыс жұмыс істеуі үшін, жылдамдық реттегіштер де гидравликалық болуы қажет. Сондықтан реттегіштер мембрана-ленталы болады. Турбина май сорғысы турбина роторына орнатылады, сондықтан май қысымы ротор жылдамдығына байланысты өзгереді. Осы арқылы бу шығысын реттегіш жүйесіне сигнал барады.
    1. Бу турбинаның қорғау жүйелері


Турбина жұмыс тəртібін реттеу жүйесі қолдап отырады. Қазіргі зор қаутты турбиналардың реттеу жүйесінің жылдамдығы өте жоғары болуы қажет. Турбина реттеу жүйесі сенімді жұмыс атқарғанмен, əр түрлі қалыпсыз жұмыс тəртібі, қауіпті жұмыс жағдайлар болуы мүмкін. Кейбірде бұл қалыпсыз жəне қауіпті жағдайларда реттеу жүйе өзінің жұмысын атқармай қалуы мүмкін. Мысалы, турбина генераторын электр жүйесінен ажыратқан кезде, турбина роторының айналым жылдамдығы тұрақты мөлшерінен 10-12% өсіп кетеді. Ротор металы мұндай жылдамдыққа шыдмайды, бұл ротор істен шығуына себеп болады. Сондықтан, турбинаны əр түрлі апат жағдайлардан жəне сынудан сақтандыру үшін қорғау жүйесі болуы қажет.

      1. Турбина реттеу жүйесінің өтпелі құбылыстары

Турбина реттеу жүйесін сенімділікке тексеру үшін реттеу жүйесінде жасанды жүктеме көтерілген дабыл (сигнал) беру қажет, сонда ротордың айналым жылдамдығы төмендейді. Бұл дабылдан соң реттеу жүйесі іске кіріседі, ал реттеу жүйесіндегі құбылыс өтпелі деп аталады. Өтпелі құбылыс біткен соң, ротордың айналым жылдамдылығы тұрақты мөлшеріне жетеді.
Əр бір турбиналардың реттеу жүйесінде, сапасына қарай, өтпелі құбылыстар өзгеше өтеді. Өтпелі құбылыстар түрлері 9.3 суретте көрсетілген
а) жүйе жəй t1 уақытта (апериодикалық заңмен) бұрынғы орынына келеді;
б) жүйе бұрынғы орынына өшпелі тербеліс заң бойынша келеді;
в) жүйеде өшпейтін тербеліс орнатылады (амплитудасы тұрақты); г) жүйеде амплитудасы өсеберетін, өшпейтін тербеліс орнатылады; д) жүйеде апериодикалық заңмен өсетін құбылыс пайда болады.




а-апериодикалық құбылыс; б-өшпелі тербеліс құбылыс; в-амплитудасы тұрақты өшпелі тербеліс құбылысы; г-өшпейтін тербеліс құбылыс;
д-апериодикалық құбылыс.
9.3 Сурет - Реттеу жүйесінде мүмкін болатын өтпелі құбылыстар
Егер, турбина реттеу жүйесі, бір қалыпты жұмыс тəртібінен екінші қалыпты жұмыс тəртібіне өтуін қамтамасыз ететін болса, бұл орнықты (тұрақты) реттеу жүйе болып саналады.
9.3 суреттегі реттеу жүйелерінің құбылыстары арқылы келесі қортынды шығаруға болады: а, б - орнықты, ал в, г, д - орнықсыз жүйелер.
Орнықсыз жүйелердің орнықтылығын жоғарлату қажет. Бұл кері байланыс енгізу, реттеудің бірқалыпсыздығын жоғарлату жəне сезгіштіксіздігін төмендету арқылы орындалады.
Осыдан келесі қорытынды шығаруға болады: турбинада реттеу жүйесімен бірге қорғау жүйесі болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет