Ревматоидты артрит



Дата08.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#190440
Байланысты:
РА презент

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Ревматоидты артрит

Орындаған: Сүндетқалиев Қанат

Тобы: 608

Жоспары:

  • Ревматоидты артрит, асқынулары;
  • Диагностикалық критерийлері
  • Стационар жағдайында емдеу принциптері;
  • Болжамы мен реабилитациясы

Ревматоидты артрит- шеттік(синовиялық) буындардың симметриялық эрозиялық-деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.

Этиологиялық фактор:

Генетикалық бейімділік

  • Эпштейн-Барр вирусы
  • Лимфотропты Т-клеткалы вирус
  • Адам парвовирусы В19
  • Тұқым қуалаушылық
  • HLA 1 және 2 (DR3,DR4,DR1) антигендерімен тұрақты ассоцияция

Функционалды класс:

  • Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту сақталған;
  • Еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту сақталған;
  • Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін-өзі күту сақталған;
  • Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту шектелген.

Клиникалық көрінісі:

  • Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформация, буын шығуы және анкилоз. 1сағаттан артық таңертеңгілік құрысулар;
  • Буыннан тыс белгілер: ревматоидты түйіндер, жайылған амиотрофия, миопатия, терілік васкулит, плеврит, перикардит, гепатоспленомегалия, гломерулонефрит, Рейно синдромы

Ревматоидты артрит асқынулары:
Жүрек-қантамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Сүйек-буын жүйесі
инфаркт, аорта стенозы, миральды қақпақша жетіспеушілігі, васкулит
Облитерлеуші бронхиолит, бронхоплевральды жыланкөз, плеврит
Бүйрек жетіспеушілігі, амилоидоз
Буын деформациясы, анкилоз

РА диагностикалық критерийлері:

  • Әйелдердің жиілеу шалдығуы;
  • Инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы;
  • Буындардың ауырсынуы,ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі;
  • Қимылсыз жағдайдан кейін, ертеғгілікте буындардың ең болмағанда 1сағ сіресуы;
  • Бір “ұстаған” буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы;
  • Басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы;
  • Буындардың қайтымсыз деформациялануы;
  • Бір биіктеген ЭТЖ-ның оңайлықпен төмендемеуі;
  • Буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы;
  • РФ болуы;
  • Рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жиегінің тарылуы, сүйекте- буын бетінің кетіктенуі.
  • РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе диагноз нақты деп саналады,1-4белгілер науқаста 6апта бойы болуы керек.

Диагностика:

Лабараторлы

Инструментальді

  • ЖҚА: Hb төмендейді, лейкоцитоз/тромбоцитоз/ЭТЖ жоғары
  • ЖЗА
  • БҚА: гиперлипеемия, дислипедемия, СРБ
  • Иммунологиялық зерттеу: АЦЦП, РФ
  • ЭКГ
  • Буындардың рентгенографиясы
  • УДЗ
  • КТ

Емдеу принциптері:

  • Базистік дәрмектер: (метотрексат, лефлуномид, сульфасалазин)
  • Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер: СҚҚД(напроксен, вольтарен, индометацин)
  • Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар
  • Жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу
  • Физиотерапия
  • Емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу
  • Санаторлы-курорттық ем
  • Хирургиялық ем
  • Реабилитация
  • Диспансерлеу

Болжамы мен реабилитациясы

  • Оңалту бағдарламасы РА пациентінің жеке ерекшеліктеріне негізделуі керек. Оған әртүрлі физиотерапия сабақтары (аэробты жаттығулар, күш, білек жаттығулары, тепе-теңдік жаттығулары, гимнастика, тайчи, йога), физиотерапия (лазерлік терапия, криотерапия, электротерапия, бальнеотерапия, пелоидотерапия), эрготерапия, ортопедия, білім беру бағдарламалары және психотерапия кіреді.
  • Ревматоидты артритпен, әсіресе емделмеген жағдайда, пациенттердің өмірінің қысқаруы байқалады (кейде 5-10 жылға дейін). Бұл асқынулардың көптігіне, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесіндегіне байланысты. Биологиялық белсенді заманауи препараттарды қолдану асқынуларды айтарлықтай төмендетеді және пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет