Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті Ревматоидты артрит Орындаған: Сүндетқалиев Қанат Тобы: 608 Жоспары: - Ревматоидты артрит, асқынулары;
- Диагностикалық критерийлері
- Стационар жағдайында емдеу принциптері;
- Болжамы мен реабилитациясы
Ревматоидты артрит- шеттік(синовиялық) буындардың симметриялық эрозиялық-деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Этиологиялық фактор: Генетикалық бейімділік - Эпштейн-Барр вирусы
- Лимфотропты Т-клеткалы вирус
- Адам парвовирусы В19
- Тұқым қуалаушылық
- HLA 1 және 2 (DR3,DR4,DR1) антигендерімен тұрақты ассоцияция
Функционалды класс: - Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту сақталған;
- Еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту сақталған;
- Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық шектелген және өзін-өзі күту сақталған;
- Кәсіби және кәсіби емес еңбекке жарамдылық және өзін-өзі күту шектелген.
Клиникалық көрінісі: - Буындық белгілер: буында ісіну, ауырсыну, деформация, буын шығуы және анкилоз. 1сағаттан артық таңертеңгілік құрысулар;
- Буыннан тыс белгілер: ревматоидты түйіндер, жайылған амиотрофия, миопатия, терілік васкулит, плеврит, перикардит, гепатоспленомегалия, гломерулонефрит, Рейно синдромы
Ревматоидты артрит асқынулары:
Жүрек-қантамыр жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Зәр шығару жүйесі
Сүйек-буын жүйесі
инфаркт, аорта стенозы, миральды қақпақша жетіспеушілігі, васкулит
Облитерлеуші бронхиолит, бронхоплевральды жыланкөз, плеврит
Бүйрек жетіспеушілігі, амилоидоз
Буын деформациясы, анкилоз
РА диагностикалық критерийлері: - Әйелдердің жиілеу шалдығуы;
- Инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы;
- Буындардың ауырсынуы,ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі;
- Қимылсыз жағдайдан кейін, ертеғгілікте буындардың ең болмағанда 1сағ сіресуы;
- Бір “ұстаған” буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы;
- Басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы;
- Буындардың қайтымсыз деформациялануы;
- Бір биіктеген ЭТЖ-ның оңайлықпен төмендемеуі;
- Буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы;
- РФ болуы;
- Рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жиегінің тарылуы, сүйекте- буын бетінің кетіктенуі.
РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе диагноз нақты деп саналады,1-4белгілер науқаста 6апта бойы болуы керек. Диагностика: Лабараторлы Инструментальді - ЖҚА: Hb төмендейді, лейкоцитоз/тромбоцитоз/ЭТЖ жоғары
- ЖЗА
- БҚА: гиперлипеемия, дислипедемия, СРБ
- Иммунологиялық зерттеу: АЦЦП, РФ
- ЭКГ
- Буындардың рентгенографиясы
- УДЗ
- КТ
Емдеу принциптері: - Базистік дәрмектер: (метотрексат, лефлуномид, сульфасалазин)
- Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер: СҚҚД(напроксен, вольтарен, индометацин)
- Иммундық жүйені реттейтін дәрмектер мен шаралар
- Жергілікті ем және дәрмектерді буын ішіне енгізу
- Физиотерапия
- Емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу
- Санаторлы-курорттық ем
- Хирургиялық ем
- Реабилитация
- Диспансерлеу
Болжамы мен реабилитациясы - Оңалту бағдарламасы РА пациентінің жеке ерекшеліктеріне негізделуі керек. Оған әртүрлі физиотерапия сабақтары (аэробты жаттығулар, күш, білек жаттығулары, тепе-теңдік жаттығулары, гимнастика, тайчи, йога), физиотерапия (лазерлік терапия, криотерапия, электротерапия, бальнеотерапия, пелоидотерапия), эрготерапия, ортопедия, білім беру бағдарламалары және психотерапия кіреді.
- Ревматоидты артритпен, әсіресе емделмеген жағдайда, пациенттердің өмірінің қысқаруы байқалады (кейде 5-10 жылға дейін). Бұл асқынулардың көптігіне, әсіресе жүрек-қан тамырлары жүйесіндегіне байланысты. Биологиялық белсенді заманауи препараттарды қолдану асқынуларды айтарлықтай төмендетеді және пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |