Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет51/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

күшті 
(адам) сапасы – әлсіз сапасына тез қарсы 
қойылады. Ал 
кітап, дәптер, шалбар 
деген сияқты зат есімдерге, 
сондай-ақ 
темір 
немесе 
күміс 
секілді қатыстық сын есімдерге 
антоним табу мүмкін емес. Бағдаршамда жасыл түске қызыл түс 
қарсы қойылады, ал өмірде (суретші) оларды қарсы түс деп айта 
алмаймыз. 
Шетел лингвистері антонимдерді мағыналық байланысына 
қарай үш топқа бөліп қарастырған: 1. Контрарлық қарама-
қарсылық. (Мұндай сөздердің арасында орталық, аралық мүше 
болады). «Вместе с крайними своими членами ряда таких 
антонимов, характеризируются градуальностью, т.е. тем, что между 
крайними 
точками 
основного 
противопоставления 
возможны 
промежуточные» (Шмелев, 1977, стр. 205). 2. Комплементарлық карама-
қарсылық (орталық межесі жоқ). 3. Векторлық қарама-қарсылық 
(қозғалыс, іс әрекет, сапа белгінің әр алуан бағытына негізделуі 
мүмкін). Н.И. Гайнуллина да Л.А. Новиков ұсынған бағытты 
қолдаған [5, 72]. Ал қазақ тілінің семантикасы мәселесін зерттеп 
жүрген М.Оразов: «Сөздерді антонимдік қатысына қарай тек белгілі 


122 
семантикалық топтардың аясында бөліп, сол топтармен байланыстыра 
қараған жөн. Л.А. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалық 
байланыс осы топ элементтерінің арасында ғана анықталады. Оның 
көрсеткен антонимдерінің түрлері бір өлшемге негізделінбегендіктен 
көпшілік лексикологтар оны қабылдамай жүр», - дегенді айтады. 
Бұндағы бір өлшемге негізделмеген деп отырғаны, бірінші мен 
екінші топ қатарға байланысты элемент санымен байланысты 
болса, үшінші топ семаларының қатысына қарай топталады. Сонымен 
бірге М.Оразов антонимдерді мағынасына қарай топтаған кезде 
мынадай мәселелерге көңіл аудару керектігін айтады: 1. Сөздер 
антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылған кезде тура 
(номинативтік) мағынада тұра ма, ауыспалы (келтірінді, контекстік) 
мағынада қолданылып тұр ма деген сұрақтардың басын ашып алу керек. 
Сондай-ақ, көп мағыналы сөздердің бір мағынасы (барлығы емес) басқа 
сөздердің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздердің бір 
мағынасымен) антонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке 
алу керек. 2. Антоним болатын сөздердің тұлғалық құрамына да көңіл 
аудару керек. Яғни туынды түбір сөздерді антонимдік қатарға 
жатқызу, я жатқызбау мәселесін анықтау. Ондай анықтаудың негізі 
ұғым мен сөз мағынасында, қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр. 
Қарама-қарсы қою тек тілдік категория болып саналмайды, 
гнесиологиялық та, психологиялық та категория. 3. Қарама-
қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады. 
4. Қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта 
да, қоғамда да болатын, объективтік сипаты бар құбылыс. 5. Қарама-
қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-
қарсылыққа өтуі мүмкін. Тіл элементтері арасындағы қарама-
қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, ойлаумен 
байланысып жатады. Антонимияны түсіну үшін бұл құбылыс жиі бой 
көрсететін негізгі логикалық аймақты (байланысты) білу ләзім. 
Антонимиялық қатынас ретінде қандай да бір сапасы жағынан 
арақатынаста болатын сөздер, әдетте, сапалық, сандық, мерзімдік, 
кеңістік және ақиқат өмірдегі бір ғана категорияға жататын өзара 
бірін-бірі жоққа шығарушы ұғымдар жүреді. Осыған орай, логикалық 
байланыспен шарттасатын және белгілі бір ұғымға жататын 
антонимдердің келесі тобын көрсетуге болады: 1. Адамның іс-әрекеті 
мен қалпын көрсететін: 
жұмыс - демалыс; науқастану - сауығу; сау - 
ауру өмір - өлім; жеңіс - жеңіліс; кәртаю - жасару; қуану - қайғыру; 
достасу - қастасу т.б.. 
2.
 
Табиғаттағы құбылысты білдіретін 


123 
антоним:
ыстық - суық, жарық -қараңғы, аспан - жер, бұлттану 
- ашылу т.с.с. 
3. Мезгіл мен мекен ұғымдарын көрсететін 
антонимдер: 
жаз - қыс, күн - түн, ерте -
кеш т.б.. 
4. Сындық 
қасиетті білдіретін антонимдер. Қолда бар материалдардың 
көрсетуінше, антонимдік қатынасқа көбінесе сын есімдер түседі. 
Сондықтан да оларды өз ішінен: а) заттың түсін білдіретін 
антонимдер: 
ақ - қара; 
ә) заттың көлемін білдіретін сын есімді 
антонимдер: 
тар 

кең, үлкен - кіші, жуан - жіңішке, алыс - 
жақын; 
б) заттың салмағын білдіретін сын есімдер: 
ауыр - жеңіл; 
в) 
заттың ішкі сипатын, түрлі қасиеттерін білдіретін: 
жақсы - жаман, 
сараң - мырза, қу - ақымақ, жуас - дөрекі, қорқақ - батыр; 
г) 
заттардың дәмін, иісін білдіретін: 
дәмді - татымсыз, тәтті - 
ашты; 
ғ) 
адамның 
көңіл-күйін 
білдіруге 
байланысты 
қолданылатын сын есімдер: 
қуанышты - қайғылы, көңілді - 
ренжулі 
т.б. деп те бөліп көрсетуге болады. 
Сонымен, антонимия (антонимика) - лексикалық единицаның 
мағыналық жағынан қарама-қарсылығы, ал антонимдер (грек. 
анти- 
"қарсы " 
+ onuma, onoma - 
"am, атау, есім ") -
бір сөз табына 
жататын қайшы ұғымдарды білдіреді және мағыналық жағынан 
бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Мысалы: 
алыс - жақын, ақ - қара, 
бар - жоқ, өмір 

өлім т.б.
Сөз 
мағынасындағы 
қарама-қарсылық 
(антонимдік 
қасиет) формаль логикадағы екі ұғымға: 1. қарама-
қарсылыққа (противоположность) 2. қайшылыққа немесе 
үйлеспеушілікке сәйкес келеді. 
Және де қарама-қарсылық екі түрлі болуы мүмкін: а) бір 
заттың бойындағы немесе бір құбылыстың ішіндегі қарама-
қарсылық және ә) екі заттың не құбылыстың арасындағы қарама-
қарсылық. Мәселен, 
жоғары - төмен 
десек бұл бір затқа тән, 
яғни қандай болмасын бір құбылыстың қандай да бір бағытын 
көрсетуге негізделген; ал антоним сөздер кейде бір затты не 
құбылысты қарсы
 
позициямен сипаттайды. Бұндай қарама-
қарсылық әр түрлі сапа, қасиет, қатынас, қозғалыс, жағдай т.б. 
белгілерді атай отырып көрінеді. Мәселен, 
ауыр - жеңіл 
(салмақ), 
алыс - жақын 
(ара қашықтық), 
көтерілу - түсу 
(қозғалыс) 
т.с.с. Демек, қарама-карсылық, М.Оразов көрсеткендей, бір жақты 
болмайды, екі жақты болады да, бірі екіншісін шақырып отырады. 
Жақсы 
және 
жаман 
десек, бұл бір қасиеттің екі шеті, оның орталық 
межесі – 
орташа. 
Бұларды антоним етіп тұрған қарама-қарсылық 


124 
қатынасқа түсіріп тұрған салыстыру процесі емес, бағалау. Ал 
өлі 
мен 
тірі 
десек, ол бір заттың екі түрлі қалпы ғана. Онда орталық шек те 
(меже деп түсіну керек шығар), бағалау да жоқ, тек салыстыру ғана 
бар [73, 146]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет