Резуанова ғалияпану кабиевна


Көп мағыналы сөздердің ұғымдық сипаты негізінде туындаған



Pdf көрінісі
бет52/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

3.4 Көп мағыналы сөздердің ұғымдық сипаты негізінде туындаған 
антонимдер 
Антоним бір сөз табына енетін сөздер арасында болады да, 
бір лексика-семантикалық топтың құрамында өмір сүреді. Олар 
семантикалық құбылыс болғандықтан, сөздік құрамдағы басқа 
сөздермен қат-қабат байланысқа түсіп, мидай араласып жатады. 
«Антоним сөздердің көп мағыналы болып келуі де мүмкін. Сондай-
ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. 
Олар ауыс мағынада да қолданылып, контексте әр қырынан көріне 
береді. Сөз мағынасы құбылғыш келеді. Мағынаның дамуы 
барысында тұрақты мағына да, ауыс мағына да, контекстік 
мағыналар да, жаңа мағыналар да туып олар бірде кеңейіп, бірде 
тарайып отыруы мүмкін. Осыған орай бір сөздің белгілі контексте 
ғана ашылатын бірнеше мағынасы болуы тіл-тілде кездесе беретін 
занды құбылыс». 
Антонимдер сөздің бүкіл мағынасында емес, тек белгілі 
мағынасында ғана жақындасады. Демек синонимді қарастырғандай, 
антонимді қарастыруда да, антоним тандауда да сөздің көп 
мағыналылығын ескеру қажет. Мәселен, 
төмен 
сөзін алсақ; ол тек 
қана 
биік 
сөзіне антоним болып қоймайды: 
төмен - жоғары 
(ұшуға 
байланысты), 
төмен - жақсы 
(хал-қуаты). Сондай-ақ
«
күн» 
мезгілді білдірсе, оған антоним ретінде 
түн 
сөзін аламыз. Ал егер 
планета мағынасында тұрса, онда 
ай 
сөзін аламыз, бұл сөз символ 
ретінде тұрақты тіркес құрамында да келеді: «ай десе аузы, күн 
десе көзі бар», бұл жерде ұқсас құбылыс ретінде қолданылып 
сұлу, сымбатты (қыз бала) адам негізінде жүр. 
Көп мағыналы сөз әртүрлі ұғымды білдіреді дедік. Осындай 
көп мағыналы сөздің ұғымдық сипаты негізінде антонимдер саны 
да молайып отырады. Мәселен, 
мейірбан 
сөзіне 
жомарт 
мағынасында 
«сараң» 
сөзі антоним, егер 
мейірбан
сөзі 
қайрымды 
мағынасында танылған болса, 
«қатыгез» 
сөзі оған антоним 
болатыны сөзсіз. Осылай, бір ғана сөздің көп мағынасы 
болғандықтан, әр алуан антонимі және әр алуан синонимі бола береді. 


125 
Мұндай сөздерді сызбаға салсақ: 
Бұдан байқайтынымыз, сөздік құрамдағы сөздер (лексика-
семантикалық топтар) іштей бір-бірімен тығыз байланысып мидай 
араласып жататын жүйелі құрылым. Бұлардың байланысы 
синтагмалық сипатында айқын көрінеді.
Біздің жұмысымыздың зерттеу нысаны полисемиялы сөздердің 
басқа лексика-семантикалық топтармен байланысын көрсету 
болғандықтан, біз төменде көп мағыналы сөздердің есебінен 
жасалынған антонимдерге бірнеше мысал келтірдік: 
Айығу 
1. Күннің 
ашылуы. 2. Ауырудан жазылу, тәуір болу, сауығу. 3. ауыс. Сейілу, сергу 
/ҚТТС, т. 1, А., 1974, 6.113/. 
Айығу - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет