Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет60/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство


айтқанына көндіру – басын айналдыру 


179 
Ығысу: 1) сырғу; 2) беті қайту. 
І Ығысу – сырғу – жылжу 
ІI Ығысу – беті қайту – жасқану – қаймығу 
Ызғар: 1) суық; 2) суық рай.
I Ызғар – суық – үскірік – өт 
ІІ Ызғар – суық рай – ашу – кәр – қаһар 

Ығу: 1) тығылу; 2) жасқану.
І Ығу – тығылу – көшу 
ІI Ығу – жасқану – қаймығу – тайқу 
Ық: 1) ықтасын; 2) жағдаят.
І Ық – ықтасын – қалқа жағы 
ІI Ық – жағдаят – ыңғай 
Ықылас: 1) жақсы ниет; 2) көңіл. 
I Ықылас – жақсы ниет – пиғыл
ІІ Ықылас – көңіл – зерде – ынта 
Ырың-жырың: 1) араздық; 2) керіс. 
І Ырың-жырың – араздық – кикілжің – ұрыс – талас 
ІI Ырың-жырың – керіс – тартыс – у-шу – берекесіздік 
Ыту: 1) шұғыл қозғалу; 2) атып кету.
I Ыту – шұғыл қозғалу – зытып кету
ІІ Ыту – атып кету – ыршу – оршу – ортқу – шоршу 
Істеу: 1) айналысу; 2) жасау. 
І Істеу – айналысу – бірдеңе қылу – әрекет ету 
ІІ Істеу – жасау 
1.2
 
 Үш синонимдік қатар түзейтін көп мағыналы сөздер 
 
Абайлау: 1) байымдау; 2) сақтану; 3) барлау. 
І Абайла – байымдау – парықтау – аңдау – түсіну – байқау 
ІI Абайла – сақтану – сақ болу – байқау – аңдау 
ІІI Абайла – барлау – шолу – көңіл аудару – көңіл қою – ойлау 


180 
Ағызу: 1) аққызу; 2) құю; 3) зымырату. 
І Ағызу – аққызу – ақтыру – ағындату 
ІІ Ағызу – құю – сорғалату – төгу 
ІІІ Ағызу – зымырату – ызғыту – барынша қатты айдау 
Аймақ: 1) өлке; 2) мекен; 3) төңірек. 
І Аймақ – өлке – облыс
ІІ Аймақ – мекен – қоныс – жер
ІІІ Аймақ – төңірек – маңай – айнала 
Айнала: 1) маңай; 2) барлығы; 3) жиек.
І Айнала – маңай – төңірек – жан-жақ
ІІ Айнала – барлығы – бас-аяғы
ІІІ Айнала – жиек – ернеу – кенере – шет 
Айығу: 1) жадырау; 2) сауығу; 3) арылу. 
I Айығу – жадырау – арылу – ашылу – сейілу
ІI Айығу – сауығу – жазылу – арылып кету
ІІI Айығу – арылу – азаптан құтылу 
Айып: 1) қылмыс; 2) қате; 3) жазаға лайық кесілген мал-дүние.
І Айып – қылмыс – жазық – күнә
ІI Айып – қате – мін – кемшілік
ІІІ Айып – (жазаға лайық кесілген) мал-дүние 
Ақсақал: 1) ру басы; 2) жасы үлкен, құрметті адам; 3) үй иесі. 
I Ақсақал – ру басы – билік иесі
ІІ Ақсақал – жасы үлкен, құрметті адам – қария – қарт 
ІІІ Ақсақал – үй иесі – ер-азаматы – отағасы 
Аласа: 1) жатаған; 2) тапал; 3) қысқа. 
I Аласа – жатаған – кішкене – тырбық – мақар – бәкене – мәстек
II Аласа – тапал – тәпелтек – мықыр – қортық – бәкене – бақалтақ –
ергежейлі 
ІІІ Аласа – қысқа – молтақ 
Алаңдау: 1) алақтау; 2) елеңдеу; 3) көңілі орнықпау. 
I Алаңдау – алақтау – көздің аларуы 


181 
ІI Алаңдау – елеңдеу – елегізу – жалтақтау 
ІІI Аландау – көңілі орнықпау – көңілі бөліну 
Алаңсыз:1)қауіп-қатер ойламау; 2) уайым-қайғысыз; 3) ешбір 
қалтықсыз. 
І Алаңсыз – қауіп-қатер ойламай – қаннен-қаперсіз – бейқам – 
беймарал 
ІІ Алаңсыз – уайым-қайғысыз – тыныш жайбарақат
IІІ Алаңсыз – ешбір қалтықсыз – шын жүректен 
Алапа: 1) олжа; 2) пара; 3) жөн жоралғы.
І Алапа – олжа – пайда – табыс 
ІІ Алапа – пара – алым – ауыз бастырық 
ІІI Алапа – (ескі әдет-ғұрып бойынша берілетін) кәделі сыйлық – 
жөн жоралғы 
Алыс: 1) шалғай; 2) қашық; 3) атасы бөлек. 
І Алыс – шалғай – жақын емес 
ІІ Алыс – қашық – қиыр шет – қиян – ұзақ – кереғар – жырақ – 
аулақ – қырым
ІІІ Алыс – атасы бөлек – бөтен – туыстығы жақын емес 
Амал: 1) шара; 2) қулық; З) жол.
І Амал – шара – лаж
ІІ Амал – қулық – сұмдық – айла
ІІІ Амал – мат – жол – тәсіл – әдіс 
Аман: 1) cay; 2) түгел; 3) нейбет.
І Аман – cay – сәлемет – есен 
ІІ Аман – түгел – бүтін
ІІІ Аман – нейбет – құр – бос 
Анық: 1) шын мәніндегі; 2) көмескі емес; 3) жұртқа мәлім.
I Анық – шын мәніндегі – нағыз – күмәнсіз
ІІ Анық – көмескі емес – дәл – айқын – ашық
ІІІ Анық – жұртқа мәлім – белгілі 
Ап-ашық: 1) ауа райы ашық; 2) йен; 3) ап-анық. 
I Ап-ашық – ауа райы ашық – бұлтсыз


182 
ІІ Ап-ашық – йен – кең – жазық 
ІІІ Ап-ашық – ап-анық – айқын 
Апшу: 1) матаның отыруы; 2) шыдамы таусылу; 3) абыржу. 
I Апшу – матаның отыруы – қысқаруы 
ІІ Апшу – шыдамы таусылу – төзбеу
ІІІ Апшу – абыржу – абдырау 
Араласу: 1) қосылу; 2) араласып-құраласу; 3) ел билeyгe қатысу. 
І Араласу – қосылу – бірігу 
ІІ Араласу – араласып-құраласу – қарым-қатынаста болу
ІІІ Араласу – ел билеуге (басшылық етуге) қатысу – кірісу 
Арту: 1) жүк тиеу; 2) көбею; 3) міндет жүктеу.
І Арту – жүк тиеу – салу 
ІІ Арту – көбею – молаю – асып кету – озу – асу – асылу 
ІІІ Арту – міндет жүктеу – тапсыру 
Арыз: 1) өтініш; 2) шағым; 3) мұң-мұқтаж. 
І Арыз – өтініш
ІІ Арыз – шағым
ІІІ Арыз – мұң-мұқтаж – тілек 
Арық: 1) жүдеу; 2) көк бақа; 3) жоқ-жітік.
І Арық – жүдеу – еті қашқан
ІI Арық – көк бақа – майсыз – жасық
ІІI Арық – жоқ-жітік – жұпыны – жарлы – жақыбайлы – кедей 
Аспандау: 1) көтерілу; 2) шарықтау; 3) кеуде көтер. 
І Аспандау – көтерілу – самғау – әуелеу – шырқау 
ІI Аспандау – шарықтау – шалқу
ІІI Аспандау – кеуде көтеру – менмендеу 
Атақ: 1) даңқ; 2) мамандық; 3) ресми атау. 
І Атақ – даңқ – абырой – мәртебе – мерей – дабыс 
ІI Атақ – мамандық – кәсіп
ІІI Атақ – ресми атау – лауазым – дәреже 
Атшы: 1) атқосшы; 2) көшір; 3) бақташы.


183 
I Атшы – атқосшы – ат бағушы
ІI Атшы – көшір – ат жүргізуші
ІІI Атшы – бақташы 
Ау: 1) балық ұстайтын сүзгі; 2) құс аулайтын тор; 3) өрмекшінің 
торы. 
I Ау – балық ұстайтын сүзгі – тор
ІІ Ay – құс аулайтын тор
ІІІ Ay – өрмекшінің торы 
Аунау: 1) аударылу; 2) домалау; 3) аунақшу.
І 
 
Аунау – аударылу – ауысу
ІI Аунау – домалау – құлау
ІІІ Аунау – аунақшу – асыр салып ойнау – рахаттану 
Ауру: 1) науқас; 2) науқас кісі; 3) жағымсыз қылық.
І Ауру – науқас – кесел – дерт – сырқат
ІІ Ауру – науқас кісі
ІІІ Ауру – жағымсыз қылық – жаман әдет 
Ауыр: 1) салмақты; 2) қиындық; 3) байсалды.
І Ауыр – салмақты – зілдей – зілмауыр – сом – батпан – шомбал 
ІІ Ауыр – қиындық
ІІІ Ауыр – байсалды – салмақты – шыдамды 
Ауырлау: 1) ауырсыну; 2) ұлғаю; 3) ренжу.
І Ауырлау – ауырсыну – салмағы тусу – арту
ІI Ауырлау – ұлғаю – зораю – көбею – қиындау
ІІI Ауырлау – ренжу – кею – көңіліне кек алу 
Ашқарақ: 1) аштыққа шыдамсыз; 2) қомағай; 3) қанағатсыз.
І Ашқарақ – аштыққа шыдамсыз – оңаза
ІI Ашқарақ – қомағай – обыр – тамақсау
ІІI Ашқарақ – қанағатсыз – тойымсыз 
Әбігер: 1) әуре-сарсаң; 2) абыр-сабыр; 3) мазасыздық. 
I Әбігер – әуре-сарсаң – сергелдең – лаң 
ІІ Әбігер – абыр-сабыр – қарбалас 
IІІ Әбігер – мазасыздық – әурешілік – беймазалық 


184 
Әлем: 1) барлық халық; 2) түрлі құбылыстар; 3) жер жүзі. 
І Әлем – барлық халық – әлеумет 
ІI Әлем – түрлі құбылыстар – салалық бөліністер 
IІІ Әлем – жер жүзі – дүние – жиһан 
Әлсіреу: 1) солғындау; 2) күш қуаты төмендеу; 3) күш-қуаты азаю.
І Әлсіреу – солғындау – бәсеңдеу 
IІ Әлсіреу – күш қуаты төмендеу – беделі түсу – сапасы кему
ІІI Әлсіреу – күш-қуаты азаю – шаршау – қалжырау – талмаурау – 
сүлесі құру – дәрмені кету 
Баға: 1) заттың құны; 2) бес балдық жүйе; 3) қадір-қасиет. 
I Баға – заттың құны – нарқы – бәс
ІI Баға – бес балдық жүйе
ІІI Баға – қадір-қасиет 
Басшы: 1) көсем; 2) басқарушы; 3) жолбасшы. 
І Басшы – көсем – дана – данышпан 
ІІ Басшы – басқарушы – жетекші 
ІІІ Басшы – жолбасшы – бастаушы – жол көрсетуші 
Бәйек болу: 1) жақсы көру; 2) жағымпаздану; 3) құрдай жорғалау. 
I Бәйек болу – жақсы көру – ілтипат көрсету – жаны қалмай берілу 
II Бәйек болу – жағымпаздану – жарамсақтану – бәйпек қағу – 
майпаңдау 
ІІІ Бәйек болу – құрдай жорғалау – бәйпектеу – байпаң қағу 
Берілу: 1) тәуелді болу; 2) бой ұру; 3) ықылас, ынта қою.
I Берілу – тәуелді болу – бас ию – ырқына көну – қалтықсыз сену
ІІ Берілу – бой ұру – бойын билету – бағыну
ІІІ Берілу – ықылас, ынта қою – зер салу – салыну – бой ұру 
Болысу: 1) жәрдемдесу; 2) сөзін сөйлеу; 3) қарасу. 
І Болысу – жәрдемдесу – көмектесу 
ІІ Болысу – сөзін сөйлеу – жақтау – қолдау – қуаттау – жағысу 
ІІІ Болысу – қарасу – қарайласу 
Булығу: 1) тынысы тарылу; 2) тығылу; 3) тұнып қалу. 


185 
І Булығу – тынысы тарылу – жаны қиналу
ІІ Булығу – тығылу – тұтығу – тұншығу – сөйлей алмай қалу 
ІІІ Булығу – тұнып қалу 
Бұлдырау: 1) мұнарту; 2) қарауыту; 3) зымыру. 
I Бұлдырау – мұнарту – сағымдау 
ІІ Бұлдырау – қарауыту – күңгірт тарту – көмескілену – жөнді 
көрінбеу 
ІІІ Бұлдырау – зымыру – зулау – зыту 
Бұтақтау: 1) желі тарту; 2) кесу; 3) өркендеу.
I Бұтақтау – желі тарту – өсе бастау 
ІІ Бұтақтау – кесу – қырқу – отау 
ІІІ Бұтақтау – өркендеу – таралу 
Бүгу: 1) түзу қалпын өзгерту; 2) бүктеу; 3) ашық айтпау.
І Бүгу – түзу қалпын өзгерту – ию 
ІІ Бүгу – бүктеу – қайыру – жымыру 
ІІІ Бүгу – ашық айтпау – жасыру 
Бүркеу: 1) жабу; 2) қаптау; 3) жасыру.
I Бүркеу – жабу – қымтау – орау 
ІІ Бүркеу – қаптау – тұмандату – жабу 
ІІІ Бүркеу – жасыру – білдірмеу – көму 
Былапыт: 1) ұқыпсыз; 2) қалай болса солай; 3) бейпіл.
І Былапыт – ұқыпсыз – салақ
ІІ Былапыт – қалай болса солай – бей-берекет
ІІІ Былапыт – бейпіл 
Бірігу: 1) қосылу; 2) ортақтасу; 3) тізе қосу. 
I Бірігу – қосылу – араласу
ІІ Бірігу – ортақтасу – бірлесу – әмпейлесу
ІІІ Бірігу – тізе қосу – ұйымдасу – ұйысу 
Дабыл: 1) белгі; 2) ұран; 3) дақпырт. 
І Дабыл – белгі – сигнал – хабар
ІІ Дабыл – ұран – үндеу – жар
ІІІ Дабыл – дақпырт – дыбыс 


186 
Дәл: 1) дұрыс; 2) шақ; 3) нақ.
І Дәл – дұрыс – тура
ІІ Дәл – шақ – дөп – тура
ІІІ Дәл – нақ – нығыз – дәп – дер – тап – қақ 
Дәуір: 1) тарихи кезең; 2) мөлшерлі уақыт; 3) билігі жүріп, дегені 
болып тұрған кез. 
І Дәуір – тарихи кезең – заман – кез - уақыт
IІ Дәуір – мөлшерлі уақыт – белгілі мерзім 
ІІІ Дәуір - билігі жүріп, дегені болып тұрған кез – мезгіл - уақыт 
Дерек: 1) хабар-ошар; 2) із-түзі; 3) дәлел. 
I Дерек – хабар-ошар – мәлімет
ІI Дерек – із-түзі – белгі
ІІI Дерек – дәлел – айғақ 
Дос: 1) сыйлас; 2) рухани; 3) қамқоршы.
І Дос – сыйлас – сырлас – жолдас – серік 
ІI Дос – рухани азық – жұбаныш
ІІI Дос – қамқоршы – жан ашыр 
Дөңгелену: 1) шеңберлену; 2) домалау; 3) шағындап кему. 
І Дөңгелену – шеңберлену – шырқ айналу – шыр көбелек қозғалу 
ІІ Дөңгелену – домалау – аударылып төңкерілу 
ІІІ Дөңгелену – шағындап кему – азаю 
Дұшпан: 1) қас; 2) өш; 3) зиянды. 
І Дұшпан – қас – жау
ІI Дұшпан – өш – араз – қырғи-қабақ
ІІІ Дұшпан – зиянды – пайдасыз 
Дүлей: 1) сұрапыл күш; 2) томырық; 3) айт-ұйтқа қарамайтын. 
I Дүлей – сұрапыл күш – қара түнек – меңіреу – ноқай 
ІI Дүлей – томырық – дүңк – үрт 
ІІI Дүлей – айт-ұйтқа қарамайтын – киме 
Дүние: 1) өмір; 2) зат; 3) әлем. 
І Дүние – өмір – тіршілік 


187 
ІI Дүние – зат – мүлік – жиһаз – нәрсе 
ІІI Дүние – әлем – жер жүзі – табиғат – жаратылыс 
Дүрдию: 1) көнтию; 2) сес көрсету; 3) оқшаулану 
І Дүрдию – көнтию – үрпию – күжірею – дөңкию – дүңкию – дүмпию 
– томпаю 
ІI Дүрдию – сес көрсету – бұртию 
IІІ Дүрдию – оқшаулану – ерекше көзге түсу 
Дыңдай: 1) ортан қолдай; 2) қуатты; 3) шебер епті. 
I Дыңдай – ортан қолдай – дардай – бақандай – бір деген 
ІІ Дыңдай – қуатты – күшті – әлді
ІІІ Дыңдай – шебер – епті – оңтайлы 
Едірею: 1) тікірею; 2) көзі шытынау; 3) ежірею. 
І Едірею – тікірею – селтию 
ІІ Едірею – көзі шытынау – үрке қарау – бақыраю – бадыраю – 
бақшию 
ІІI Едірею – ежірею – одыраю – сұс көрсету 
Едіреңдеу: 1) селтию; 2) елең ету; 3) дікіңдеу. 
I Едіреңдеу – селтию – тікірею – қарайып көріну 
ІI Едірендеу – елең ету – жалт қарау – едірею – одыраю 
ІІI Едіреңдеу – дікіңдеу – қожаңдау – қоқаңдау – сес көрсету 
Елегізу: 1) елеңдеу; 2) жалғызсырау; 3) қорқу. 
I Елегізу – елеңдеу – алаңдау – құлақ түру – жан-жағына қарау 
IІ Елегізу – жалғызсырау – іші пысу – құлазу 
ІІI Елегізу – қорқу – үрейлену – шошу – қауіптену 
Елес: 1) бұлдыр бейне; 2) қым-қуат уақиға; 3) құр алданыш. 
I Елес – бұлдыр бейне 
ІI Елес – қым-қуат уақиға – шым-шытырық көрініс 
ІІІ Елес – құр алданыш – бос қиял – жалған дүние 
Елеусіз: 1) көзге түспейтін; 2) ескерусіз; 3) мән бермей 
І Елеусіз – көзге түспейтін – байқаусыз 
ІI Елеусіз – ескерусіз – еленбейтін – назардан тыс 
ІІІ Елеусіз – мән бермей – жай ғана – самарқау 


188 
Ендеше: 1) олай болса; 2) немесе; 3) білгің келсе. 
І Ендеше – олай болса – демек 
ІI Ендеше – не – немесе – я – яки 
ІІI Ендеше – білгің келсе – керек болса 
Еп: 1) икем; 2) айла; 3) жөн.
I Еп – икем – ыңғай – бейім
ІI Eп – айла – тәсіл – әдіс – амал
ІІI Eп – жөн – ем – лайық – лазым 
Еркелеу: 1) наз білдіру; 2) еркінсу; 3) бұлаң қағу.
І Еркелеу – наз білдіру – қылжақтау – шолжаңдау
ІI Еркелеу – еркінсу – иек арту – арқалану – өзімсіну – арсалақтау
ІІІ Еркелеу – бұлаң қағу – арсалаңдау 
Есею: 1) үлкею; 2) егде тарту; 3) шынығу. 
I Есею – үлкею – өсу – ер жету 
IІ Есею – егде тарту – тоқтасу – мосқалдану – марқаю – сақаю 
ІІI Есею – шынығу – шындалу – толысу – көркею 
Есеңгіреу: 1) есінен айрылу; 2) не істерін білмеу; 3) ақылынан 
адасу. 
I Есеңгіреу – есінен айрылу – талықсу – әлсіреу – қалжырау – 
алмаусырау 
ІІ Есеңгіреу – не істерін білмеу – аңырау – мәңгіру – зеңу
ІІІ Есеңгіреу – ақылынан адасу – сандырақтау – алжасу – есалаңдау 
Есептеу: 1) санау; 2) ойлау; 3) ескеру. 
І Есептеу – санау – есеп шығару – мөлшерлеу
ІІ Есептеу – ойлау – санау – шамалау – мөлшерлеу 
ІІІ Есептеу – ескеру – елеу – санасу 
Етене: 1) тым жақын; 2) бар ықыласымен; 3) әбден.
І Етене – тым жақын – бірге өскен – бір қайнаған
ІІ Етене – бар ықыласымен – қоян-қолтық
ІІІ Етене – әбден – жете – мейлінше 
Жабдықтау: 1) қамтамасыз ету; 2) дайындау; 3) әбзелдеу. 


189 
І Жабдықтау – қамтамасыз ету
ІІ Жабдықтау – дайындау – әзірлеу
ІІІ Жабдықтау – әбзелдеу – әшекейлеу – безендіру – жасақтау 
Жақсы: 1) оңды; 2) адамгершілігі бар; 3) ақсүйек.
I Жақсы – оңды – керім – ілгері – келісті – әжептәуір
ІІ Жақсы – адамгершілігі бар – игі – ізгі
ІІІ Жақсы – ақсүйек – белді – беделді – жуан 
Жақын: 1) жуық; 2) ағайын; 3) көңілдес. 
І Жақын – жуық – таяу – таман 
ІІ Жақын – ағайын – туған – тума – жегжат
ІІI Жақын – көңілдес – ашына – жайлас 
Жалаңдау: 1) жалмаңдау; 2) ашқарақтану; 3) айпап-жайпау. 
І Жалаңдау – жалмаңдау – жалақтау 
ІI Жалаңдау – ашқарақтану – қомағайлану – жалаңқағу
ІІІ Жалаңдау – айпап-жайпау – лыпу – құтырыну 
Жалпы: 1) жаппай; 2) бүкіл; 3) негізінен. 
І Жалпы – жаппай
ІІ Жалпы – бүкіл – барлық
ІІІ Жалпы – негізінен – ортақ – көпке қатысты 
Жанталасу: 1) қиналу; 2) арпалысу; 3) қарбаласу. 
І Жанталасу – қиналу – қысылып ауыру
ІІ Жанталасу – арпалысу
ІІІ Жанталасу – қарбаласу – асығу – алас – күлес 
Жаңылу: 1) шатасу; 2) дұрыс істемеу; 3) бағытын өзгерту. 
І Жаңылу – шатасу – мүдіру – ұмыту – алжасу
ІІ Жаңылу – дұрыс істемеу – қателесу
ІІІ Жаңылу – бағытын өзгерту – ауытқу 
Жарыс: 1) бәйге; 2) бәсеке; 3) өзара бәсекелестік. 
I Жарыс – бәйге – ат шабыс
ІІ Жарыс – бәсеке – сайыс – сын
ІІІ Жарыс – өзара бәсекелестік – құлшыныс 


190 
Жасамыс: 1) егде; 2) жасамалы; 3) көпті көрген. 
І Жасамыс – егде – мосқал 
ІІ Жасамыс – жасамалы – біраз жасалған 
ІІІ Жасамыс – көпті көрген – ысылған тәжірибелі – тіс қаққан 
Жасу: 1) тот басу; 2) көру қабілеті нашарлау; 3) көңілдің басылуы.
I Жасу – тот басу 
ІI Жасу – көру қабілеті нашарлау – нұры қайту 
ІІI Жасу – көңілдің басылуы – жабығу – жүнжу – еңсесі түсу жүні 
жығылу – қайратсыздану 
Жаттығу: 1) дағдылану; 2) дене шынықтыру; 3) оқыту үрдісіндегі 
әдіс. 
I Жаттығу – дағдылану – төселу – үйрену – ысылу – кәнігу – 
әдеттену – машықтану – бастығу – қалыптасу
ІI Жаттығу – дене шынықтыру
ІІI Жаттығу – оқыту үрдісіндегі әдіс
Жәрдем: 1) қаржы; 2) көмек; 3) қолғабыс. 
І

Жәрдем – қаржы – қаражат 
ІI Жәрдем – көмек – зейнет ақы
ІІІ Жәрдем – көмек – септік – қолғабыс – шарапат – сеп 
Жинақтау: 1) жинау; 2) топтау; 3) шашыратпау. 
І Жинақтау – жинау – көбейту – молайту
ІІ Жинақтау – топтау – типендіру – жалпылау
ІІІ Жинақтау – шашыратпау – ықшамдау 
Жиын: 1) жиынтық; 2) той; 3) жиналыс. 
І Жиын – жиынтық – қосынды
ІІ Жиын – той – думан – топ – тобыр – лек
ІІІ Жиын – жиналыс – мәжіліс 
Жуас: 1) момын; 2) үйретілген; 3) жасық. 
І Жуас – момын – момақан – тыныш – бұйығы
ІІ Жуас – үйретілген – көндіккен – бас білген
ІІІ Жуас – жасық – ынжық 
Жұғымды: 1) жұққыш; 2) жанасымды; 3) сіңімді. 


191 
І Жұғымды – жұққыш – сіңгіш
ІІ Жұғымды – жанасымды – үйірсек – кірімді 
ІІІ Жұғымды – сіңімді – нәрлі – қоректілігі мол 
Жылдамдық: 1) шапшаңдық; 2) қарқын; 3) тездік.
I Жылдамдық – шапшаңдық
ІI Жылдамдық – қарқын 
ІІІ Жылдамдық – тездік – жеделдету – жеппелеу – жебелеу – 
шапшаңдату 
Жынды: 1) ақылы ауысқан; 2) тентек; 3) шәлкес. 
І Жынды – ақылы ауысқан – жарым ес – есалаң – кеще – милау – 
есуас – келесау – делқұлы – мияқы – екі есті – есерсоқ – миғұла – 
нақұрыс
ІІ Жынды – тентек – әумесер – есер
ІІІ Жынды – шәлкес – асау – құтырған 
Жырынды: 1) жырылып қалған; 2) айлакер; 3) әккі. 
І Жырынды – жырылып қалған – бөлек тұрған
ІІ Жырынды – айлакер – тәсілқой – тәжірибелі
ІІІ Жырынды – әккі – қу – ала аяқ – залым 
Зерттеу: 1) анық-қанығына жету; 2) барлау; 3) байқау.
І Зерттеу – анық-қанығына жету – мән-жайын анықтау – іздену
ІІ Зерттеу – барлау – сынау – үңіле қарау 
ІІІ Зерттеу – байқау – бақылау – тексеру 
Зырқырау: 1)зымырау; 2)тоқтамау; 3) сырқырау.
І Зырқыра – зымыра – заула 
ІІ Зырқыра – тоқтамау – бөгелмеу 
ІІІ Зырқыра – сырқырау – қақсау 
Зіл: 1) ауырлық; 2) ауыртпалық; 3) ашу. 
I Зіл – ауырлық – салмақ
ІІ Зіл – ауыртпалық – қиыншылық – бейнет 
ІІІ Зіл – ашу – ыза – кек – сес – ызғар 
Игі: 1) жақсы; 2) адал; 3) қайрымды.
I Игі – жақсы – ізгі 


192 
ІІ Игі – адал – таза 
ІІІ Игі – қайрымды – ардақты – құнды 
Кедергі: 1) бөгет; 2) қиыншылық; 3) кесір. 
І Кедергі – бөгет – тосқауыл 
ІI Кедергі – қиыншылық – қиындық 
IІІ Кедергі – кесір – зиян – кесел – қырсық 
Келбет: 1) түр; 2) пішін; 3) көрік. 
І Келбет – түр – түс – кейіп – кескін 
ІI Келбет – пішін – түлға – мүсін 
ІІІ Келбет – көрік – бейне 
Кем: 1) аз; 2) төмен; 3) мүсәпір.
I Кем – аз – жетпеген – толмаған
ІI Кем – төмен – осал – нашар
ІІI Кем – мүсәпір – мүгедек 
Кемерле: 1) арнаны тереңдеу; 2) кемеріне жету; 3) жағалау.
I Кемерле – арнаны тереңдеу – кемер жасау 
ІІ Кемерле – кемеріне жету – толып кету 
ІІІ Кемерле – жағалау – жиет – ернеу – кенере – шет 
Көңілдес: 1) ниеттес; 2) пікірлес; 3) ашына.
І Көңілдес – ниеттес – тілегі бір – көңілі жақын 
ІІ Көңілдес – пікірлес – сырлас
ІІІ Көңілдес – ашына 
Күйсіз: 1) күйі жоқ; 2) қоңсыз; 3) қолайсыз. 
I Күйсіз – күйі жоқ – жүдеу
ІІ Күйсіз – қоңсыз – күтімсіз
ІІI Күйсіз – қолайсыз – жайсыз 
Күрмелу: 1) бөгелу; 2) тұтығу; 3) бүркелу. 
І Күрмелу – бөгелу – іркілу – тосылу 
ІI Күрмелу – тұтығу – күмілжу – ашық айта алмау
ІІI Күрмелу – бүркелу – көмілу – тұншығу 
Күту: 1) тосу; 2) бағу; 3) бабында ұстау. 


193 
І Күту – тосу – қарайлау – бағу – қарау 
ІI Күту – бағу – баптау – өсіру – тәрбиелеу – қарау – аялау – 
әлпештеу – мәпелеу
ІІІ Күту – бабында ұстау – бір қалыпты болуын бақылау – 
тәртіптеу 
Қабаттасу: 1) қаттау; 2) қат-қабат келіп тоқайласу; 3) 
қосамжарлану. 
І Қабаттасу – қаттау – қалыңдау 
ІI Қабаттасу – қат-қабат келіп тоқайласу 
ІІI Қабаттасу – қосамжарлану – қосарлану – жарысу – 
қосанжарласу 
Қажау: 1) сүйкелу; 2) кеміру; 3) жанына тие сөйлеу. 
І Қажау – сүйкелу – үйкелеу – тәнді жарақаттау – теріні сыдыру 
ІI Қажау – кеміру – мыжу – қабығын сыдыру 
ІІI Қажау – жанына тие сөйлеу – мазалау – тынышын алу 
Қазына: 1) дүние-мүлік; 2) қазба байлық; 3) асыл мұра. 
І Қазына – дүние-мүлік – жиһаз – бағалы заттар – материал
ІI Қазына – қазба байлық – кен – руда 
ІІІ Қазына – мәдениет, әдебиет ескерткіштері – асыл мұра 
Қазір: 1) дәл осы кез; 2) енді; 3) тездеп.
I Қазір – дәл осы кез – осы шақ 
ІІ Қазір – енді-міне – әлгінде – жаңа – әзір
ІІІ Қазір – тездеп – тез – дереу 
Қайқаю: 1) шалқаю; 2) менменсу; 3) тайып тұру. 
I Қайқаю – шалқаю 
ІІ Қайқаю – менменсу – әлде қандай болу – кекірею 
ІІІ Қайқаю – тайып тұру – тартып отыру – кете беру 
Қайрау: 1) жүзін егеу; 2) қуат беру; 3) қолтыққа дым бүрку. 
І Қайрау – жүзін егеу – өткірлеу 
ІІ Қайрау – қуат беру – жігерлендіру 
ІІІ Қайрау – қолтыққа дым бүрку – айдап салу – өшіктіру 
Қақылдау: 1) қақ-қақ ету; 2) заржақтану; 3) күркілдеу. 


194 
І Қақылдау – қақақтаған дыбыс шығару – қақ-қақ ету 
ІІ Қақылдау – заржақтану – көп сөйлеу – қақақтау – қақсау – 
тақылдау зарлау
ІІI Қақылдау – күркілдеу 
Қалбалақтау: 1) қалбаң-қалбаң ету; 2) асып-сасу; 3) құрғақ ұшу. 
I Қалбалақтау – қалбаң-қалбаң ету – жалп-жалп ету – еңкелектеу 
ІІ Қалбалақтау – асып-сасу – сасқалақтау – дегбірсіздену – 
ебелектеу
ІІІ Қалбалақтау – құрғақ ұшу – бәйек болу – асты-үстіне түсу – 
күту – елбелектеу – елпілдеу – елпектеу 
Қамқоршы: 1) қамқорлық жасаушы; 2) демеуші; 3) жақтаушы. 
I Қамқоршы – қамқорлық жасаушы – қамын ойлаушы – 
жақсылық, мейірбандық етуші – қорғаушы – ақылгөй 
ІI Қамқоршы – демеуші – қолдаушы ие
ІІI Қамқоршы – жақтаушы – қорғаушы 
Қанағаттану: 1) қанағат алу; 2) місе тұту; 3) шектеу.
І Қанағаттану – қанағат алу – тояттау
ІI Қанағаттану – місе тұту – риза болу 
ІІI Қанағаттану – шектеу – тоқталу 
Қанаттану: 1) қанат біту; 2) өсу; 3) шабыттану.
I Қанаттану – қанат біту – қанат өсіп шығу
ІI Қанаттану – өсу – жетілу – таласу
ІІІ Қанаттану – шабыттану – рухтану – жігерлену 
Қаншама: 1) өте көп; 2) қанша; 3) қаншалықты. 
І Қаншама – өте көп – сансыз – ұшан-теңіз
ІІ Қаншама – қанша – неше
ІІІ Қаншама – қаншалықты – соншалықты 
Қасарысу: 1) айтқанға көнбеу; 2) ерегесу; 3) сіресу. 
І Қасарысу – айтқанға көнбеу – тіл алмау – қасару – кежірлену
ІІ Қасарысу – ерегесу – қарысу – тырысу
ІІІ Қасарысу – сіресу – табандау 
Қашу: 1) қорқып безу; 2) көзге түспеу; 3) бас тарту.


195 
I Қашу – қорқып безу – зыту
ІІ Қашу – көзге түспеу – көрінбеу
ІІІ Қашу – бас тарту – істегісі келмеу 
Қимыл: 1) қозғалыс; 2) іс-әрекет; 3) күрес. 
I Қимыл – қозғалыс – қыбыр-жыбыр
ІІ Қимыл – іс-әрекет – жұмыс – еңбек
ІІI Қимыл – күрес – шабуыл 
Қиын: 1) бейнетті; 2) күрделі; 3) оңай емес. 
I Қиын – бейнетті – машақатты – ауыр 
IІ Қиын – күрделі – ауыр – қыр-сыры мол 
ІІI Қиын – оңай емес – оңайшылықпен бола қоймайтын 
Қиындық: 1) азап; 2) жоқшылық; 3) кедергі.
I Қиындық – азап – бейнет – қиыншылық – ауыртпалық
ІI Қиындық – жоқшылық – мұқтаждық – тапшылық
ІІI Қиындық – кедергі – бөгет 
Қияс: 1) қиғаш; 2) қисық; 3) қыңыр. 
I Қияс – қиғаш – түзу емес 
ІI Қияс – қисық – бұрыс – қиыс
IІІ Қияс – қыңыр – қырсық – қиқар 
Қоғамдасу: 1) бірігу; 2) ынтымақтасу; 3) бірлесу. 
І Қоғамдасу – бірігу – жиналу 
ІІ Қоғамдасу – ынтымақтасу – ортақтасу – қауымдасу 
IІІ Қоғамдасу – бірлесу – ұйымдасу – одақтасу 
Қозғау: 1) қимылдату; 2) жылжыту; 3) әңгіме айту. 
I Қозғау – қимыддату – қыбырлату 
IІ Қозғау – жылжыту – орнын ауыстыру 
IІІ Қозғау – әңгіме айту – сөз бастау 
Қорғау: 1) құтқару; 2) болысу; 3) еңбегінде жазылғанды дәлелдеп 
шығу. 
І Қорғау – құтқару – сақтау 
ІI Қорғау – болысу – қамқорлық жасау – жақтау 
ІІI Қорғау – еңбегінде жазылғанды дәлелдеп шығу 


196 
Қорған: 1) қоршау; 2) қамал; 3) арқа сүйер. 
І Қорған – қоршау – дуал – биік қабырға 
IІ Қорған – қамал – бекініс 
ІІI Қорған – арқа сүйер – күш тұтар тірек – таяныш – пана 
Құдірет: 1) құдай; 2) керемет күш; 3) күш. 
І Құдірет – құдай – алла – тәңір – жасаған – жаратушы 
IІ Құдірет – керемет күш – ғажайып қасиет 
IІІ Құдірет – күш – қайрат – қуат – шама – әл 
Құйқылжу: 1) өзгеріс; 2) ойнақшу; 3) сорғалау. 
І Құйқылжу – өзгеріс – құбылу 
ІI Құйқылжу – ойнақшу – ширығу 
ІІI Құйқылжу – сорғалау – заулау – ылдилау 
Құлдилау: 1) ылдилау; 2) зымырау; 3) кері кету. 
I Құлдилау – ылдилау – еңіске, етекке қарай түсу 
ІI Құлдилау – зымырау – сорғалау 
ІІІ Құлдилау – кері кету – құлдырау – төмендеу 
Құнарсыз: 1) нәрсіз; 2) қуат-күші жоқ; 3) әсерсіз. 
І Құнарсыз – нәрсіз – өнімсіз – тауансыз 
ІІ Құнарсыз – қуат-күші жоқ – жұғымы төмен – қуатсыз – 
болмашы – жұғымсыз 
ІІІ Құнарсыз – әсерсіз – мәнсіз – жартымсыз – мардымсыз 
Құтқару: 1) аман алып қалу; 2) айыру; 3) босату. 
I Құтқару – аман алып қалу – сақтау 
ІІ Құтқару – айыру – арашалау 
ІІІ Құтқару – босату – азат ету
Қыспақ: 1) қоршау; 2) қысылған; 3) қысым. 
I Қыспақ – қоршау – қамау 
ІІ Қыспақ – қысылған – тар 
ІІІ Қыспақ – қысым – зорлық 
Қысыра: 1) қысыр қалу; 2) жеміс бермеу; 3) ешнәрсе өспейтін. 
I Қысыра – қысыр қалу – төлдемеу 


197 
ІІ Қысыра – жеміс бермеу 
ІІІ Қысыра – ешнәрсе өспейтін – тусырау 
Лапылдау: 1) лаулап жану; 2) күйіп-жану; 3) жүрегі алабұрту. 
І

Лапылдау – лаулап жану – алаулау 
ІI Лапылдау – күйіп-жану – қызуы көтерілу 
ІІI Лапылдау – жүрегі алабұрту – алып-ұшу 
Лекі: 1) жосу; 2) үдей түсу; 3) желпіну. 
І Лекі – жосу – жүйтку – екпіндеу – арындау 
IІ Лекі – үдей түсу – күшею 
IІІ Лекі – желпіну – лепіру – есу 
Лыпылда: 1) зыр қағу; 2) жалаңдау; 3) қайта жану. 
І Лыпылда – зыр қағу – қолды аяққа тұрмау 
ІІ Лыпылда – жалаңдау – өткір болу 
ІІІ Лыпылда – қайта жану – шалқу 
Мазасыз: 1) тынышсыз; 2) танымсыз; 3) жайсыз. 
І Мазасыз – тынышсыз – тынымсыз – маза бермейтін 
ІІ Мазасыз – әрлі-берлі сапырылысқан – қарбалас шақ 
ІІІ Мазасыз – жағдайсыз – жағдайсыз
Мал: 1) төрт түлік; 2) табыс; 3) надан. 
І Мал – төрт түлік – жануар 
ІІ Мал – табыс – кіріс – пайда 
ІІІ Мал – надан – топас – милау 
Мұздау: 1) тоңу; 2) суу; 3) көңілі қалу. 
І Мұздау – тоңу – жаурау – қалшылдау 
ІІ Мұздау – суу – салқындау 
ІІІ Мұздау – көңілі қалу – ренжу 
Мұжы: 1) жеу; 2) күн күйдіру; 3) жегідей жеу. 
І Мұжы – же – қажа – тазарт – кемір 
ІІ Мұжы – күнге күю – жел қағу – тозу – үгу 
ІІІ Мұжы – жегідей же – іштей таусылту – мұқалту 
Мұрындықтау: 1) мұрындық өткізу; 2) жетелеу; 3) тежеу. 


198 
І Мұрындықтау – мұрындық өткізу – мұрындық тағу 
ІІ Мұрындықтау – жетелеу – сүйреу 
ІІІ Мұрындықтау – тежеу – бет алды жібермеу 
Мығым: 1) тығыршықтай; 2) қуатты; 3) ісіне мұқият. 
І Мығым – тығыршықтай – шымыр 
ІІ Мығым – қуатты – күшті 
ІІІ Мығым – ісіне мұқият – берік – ұқыпты – нық 
Мырза: 1) үстем тап өкілі; 2) еркін, ерке өскен жас; 3) қолы ашық. 
І Мырза – үстем тап өкілі – мадақ сөз
ІІ Мырза – еркін, ерке өскен жас 
ІІІ Мырза – қолы ашық – жомарт – береген – шүлен – сақы – дарқан – 
мол қол – шығымды 
Нұсқа: 1) түп негіз; 2) жоба; 3) үлгі. 
І Нұсқа – түп негіз 
ІІ Нұсқа – жоба – ұзын-ырға – нобай
ІІІ Нұсқа – үлгі – өнеге 
Нығыз: 1) тығыз; 2) мықты; 3) менмен. 
І Нығыз – тығыз – қатты 
ІІ Нығыз – мықты – берік 
ІІІ Нығыз – менмен – маңғаз 
Онда: 1) ол нәрседе; 2) ол кезде; 3) олай болған жағдайда. 
І Онда – ол нәрседе – ол істе – ол жерде 
ІІ Онда – ол кезде – сол уақытта 
ІІІ Онда – олай болған жағдайда 
Орталық: 1) бел ортасы; 2) бас қала; 3) негіз. 
І Орталық – бел ортасы – орта тұсы 
ІІ Орталық – бас қала – центр – астана 
ІІI Орталық – негіз – тірек – күш 
Оян: 1) ұйқыдан тұру; 2) жандану; 3) ой-сананың жетілуі. 
I Оян – ұйқыдан тұру – ұйқысын ашу 
ІI Оян – жандану – тірілу 
ІІІ Оян – ой-сананың жетілуі – көзі ашылу – әр нәрсені білу 


199 
Өгей: 1) өзі тумаған; 2) асырап алған; 3) бөтен. 
I Өгей – өзі тумаған 
IІ Өгей – асырап алған – өзінен тумаған 
ІІI Өгей – бөтен – жат 
Өгейлік: 1) тумағандық; 2) бөтендік; 3) мейрімсіздік. 
I Өгейлік – тумағандық 
ІІ Өгейлік – бөтендік – жаттық – басқалық 
ІІІ Өгейлік – мейрімсіздік – қайрымсыздық – қаталдық 
Өмір: 1) қозғалыс; 2) тіршілік ету; 3) өсу сатысы. 
І Өмір – қозғалыс – даму – өсу – тіршілік – дүние – жалған 
ІІ Өмір – тіршілік ету – өсу үрдісі – тірлік 
ІІІ Өмір – өсу сатысы – тіршілік ету мерзімі – ғұмыр 
Өңсіз: 1) өңі түскен; 2) өңі қашқан; 3) келбеті келмеген. 
І Өңсіз – өңі түскен – бояуы оңған – түссіз 
ІІ Өңсіз – өңі қашқан – аппақ қудай – реңсіз 
ІІІ Өңсіз – келбеті келмеген – пішінсіз 
Өрлеу: 1) жоғарылап жүру; 2) көкке көтерілу; 3) ілгері басу. 
І Өрлеу – жоғарылап жүру – өрге көтерілу 
ІІ Өрлеу – көкке көтерілу – аспандау – әуелеу 
ІІІ Өрлеу – ілгері басу – даму – өсу – өркендеу 
Өш: 1) араз; 2) кек; 3) бір затқа әуестік. 
І Өш – араз – қас – жау 
ІІ Өш – кек
ІІІ Өш – бір затқа әуестік – құмар – ынтық 
Өшу: 1) жануын тоқтату; 2) жазуы, бояуы кету; 3) құру. 
І Өшу – жануын тоқтату – сөну 
IІ Өшу – жазуы, бояуы кету – жойылу 
IІІ Өшу – құру – кему – жоғалу 
Пақыр: 1) кедей; 2) халі мүшкіл; 3) пенде. 
I Пақыр – кедей – жарлы 
ІІ Пақыр – қалы мүшкіл – байғұс – сорлы – бейшара – ғаріп 


200 
ІІI Пақыр – пенде 
Пысық: 1) қатты; 2) епті; 3) қу. 
І Пысық – қатты – ширатылған – ширақ – шымыр 
ІІ Пысық – епті – іскер – еті тірі – жылпос 
ІІІ Пысық – қу – залым – ала аяқ 
Салмақ: 1) заттың ауырлығы; 2) ауыртпалық; 3) бедел. 
І Салмақ – заттың ауырлығы 
ІІ Саламақ – ауыртпалық – қиыншылық 
ІІІ Салмақ – бедел – орын 
Самғау: 1) екпіндеу; 2) зымырау; 3) шарқ ұру. 
І Самғау – екпіндеу – шарықтау 
ІІ Самғау – зымырау – жүйтку – зулау 
ІІІ Самғау – шарқ ұру – қарқындау – қарыштау 
Саңғырлау: 1) саңғыр-саңғыр ету; 2) күңгірлеу; 3) қатты сөйлеу. 
І Саңғырлау – саңғыр-саңғыр ету – салдырлау 
ІІ Саңғырлау – күңгірлеу – күмбірлеу – жаңғырығу 
ІІІ Саңғырлау – қатты сөйлеу – самбырлау 
Сауатсыз: 1) оқымаған; 2) білімі нашар; 3) ешнәрседен хабары жоқ. 
I Сауатсыз – оқымаған 
ІІ Сауатсыз – білімі нашар – шала сауатты 
ІІІ Сауатсыз – білімсіз – қараңғы 
Сауатты: 1) білімді; 2) жан-жақты хабардар; 3) қатесіз жазылған. 
І Сауатты – білімді
ІІ Сауатты – жан-жақты хабардар – көзі ашық 
ІІІ Сауатты – мүлтіксіз – қатесіз жазылған 
Сиқырлау: 1) сиқырлық жасау; 2) іңкәр ету; 3) іңкәр ету. 
І Сиқырлау – сиқырлық жасау – көз байлау 
ІІ Сиқырлау – іңкәр ету – қызықтыру 
ІІІ Сиқырлау – басын айналдыру – алдап-арбау – дуалау 
Солғын: 1) бәсең; 2) анық емес; 3) өз деңгейінен төмен. 
І Солғын - бәсең – баяу – сылбыр 


201 
ІІ Солғын – анық емес – күңгірт – көмескі 
ІІІ Солғын – өз деңгейінен төмен – әлсіз 
Сұрау: 1) сауал қою; 2) өтіну қалау; 3) қолқалау. 
І Сұрау – сауал қою – сұрақ қою 
ІІ Сұрау – өтіну – қалау 
ІІІ Сұрау – қолқалау – өтіну – тілену 
Сүйу: 1) мейірлене өбу; 2) жақсы көру; 3) ғашық болу.
I Сүйу – мейірлене өбу
ІІ Сүйу – жақсы көру – ұнату 
ІІІ Сүйу – ғашық болу – ынтығу – құмарту 
Сүйемелдеу: 1) қолтықтау; 2) көмек беру; 3) ән салуға қосылу. 
I Сүйемелдеу – қолтықтау – сүйеу – демеу 
ІI Сүйемелдеу – көмек беру – жәрдем ету – қолдау 
ІІI Сүйемелдеу – ән салуға қосылу – аспапта ойнау 
Сый: 1) құрмет; 2) сыйлық; 3) сыбаға.
I Сый – құрмет – қошамет 
ІI Сый – сыйлық – тарту 
ІІI Сый – сыбаға – үлес 
Сыңар: 1) екеудің бірі; 2) теңі; 3) екінші бөлігі. 
І Сыңар – екеудің бірі – егіздің серігі – жалғыз 
ІІ Сыңар – теңі – қатары 
ІІІ Сыңар – екінші бөлігі 
Сыптығыр: 1) арық; 2) ықшам; 3) жылпостау. 
І Сыптығыр – арық – жұқалау – жадаулау – талдырмаш 
ІІ Сыптығыр – ықшам – ыңғайлы 
ІІІ Сыптығыр – жылпостау – қулау – сұмдау – сұрқиялау 
Сыпылдау: 1) тез-тез сөйлеу; 2) жылмаң қағу; 3) зу-зу ету. 
I Сыпылдау – тез-тез сөйлеу – жылпылдау – сып-сып ету 
ІІ Сыпылдау – жылмаң қағу – сумаңдау 
ІІI Сыпылдау – зу-зу ету – суылдау – заулау 
Сырғанау: 1) заулау; 2) жылжып өту; 3) тұрақтамау. 


202 
I Сырғанау – заулау – сырғып түсу – тайғанақтау 
ІI Сырғанау – жылжып өту – зымырау 
ІІІ Сырғанау – тұрақтамау – бір нәрсенің жай-күйі – келешек – 
болашақ 
Тағдыр: 1) құдіреттің жазуы; 2) өмір; 3) бір нәрсенің жай-күйі. 
I Тағдыр – құдіреттің жазуы – жазмыш 
IІ Тағдыр – өмір – тіршілік 
ІІІ Тағдыр – бір нәрсенің жай-күйі – келешек – болашақ 
Таза: 1) кірсіз; 2) қоспасыз; 3) кіршіксіз. 
I Таза – кірсіз – тап-тұйнақтай – мұнтаздай 
ІІ Таза – қоспасыз – нағыз – табиғи 
ІІІ Таза – кіршіксіз – адал – пәк 
Талап: 1) ынта; 2) мақсат; 3) міндет. 
I Талап – ынта – ықылас – ұмтылушылық 
ІІ Талап – мақсат – тілек 
ІІI Талап – міндет – жауапкершілік 
Тарпан: 1) үйретілмеген; 2) тапырақтаған; 3) шадыр. 
I Тарпан – үйретілмеген – асау – бас білмейтін 
IІ Тарпан – тапырақтаған – жайсыз 
ІІI Тарпан – шадыр – шалуар – шайпау 
Тәртіп: 1) қалыптасқан ереже; 2) бір нәрсенің жөні-реті; 3) мінез-
құлық. 
I Тәртіп – қалыптасқан ереже – заң – жүйе 
ІI Тәртіп – бір нәрсенің жөні-реті 
ІІI Тәртіп – мінез-құлық 
Телміру: 1) тесіле-қарау; 2) дәмелену; 3) көзін сату. 
I Телміру – тесіле-қарау – қадалу 
ІI Телміру – дәмелену – үміттену
ІІI Телміру – көзін сату – күні түсу 
Телу: 1) ұластыру; 2) лайықтау; 3) қосақтау. 
І Телу – ұластыру – егу 
IІ Телу – лайықтау – жапсыра санау 


203 
ІІI Телу – қосақтау – ерлі-зайыпты ету 
Теңеу: 1) бірдейлестіру; 2) тең деп санау; 3) балау. 
I Теңеу – бірдейлестіру – тепе-тең ету – теңестіру 
ІI Теңеу – тең деп санау – тең көру – теңгеру 
ІІI Теңеу – балау – салыстыру 
Терең: 1) тұңғиық; 2) өте қымбатты; 3) әр жақты.
І Терең – тұңғиық – шыңырау 
ІI Терең – өте қымбатты – бағалы – маңызды – мәнді 
ІІI Терең – өр жақты – мейлінше – кең түрде 
Теріс: 1) қате; 2) кері; 3) жағымсыз. 
I Теріс – қате – бұрыс – жаңсақ – ағат – ұшқары – шет 
ІІ Теріс – кері – керсінше – қақас – қағыс – қарама-қарсы 
ІІІ Теріс – жағымсыз – ұнамсыз – орынсыз – жүйесіз 
Тоғысу: 1) түйісу; 2) бір жерге жиналу; 3) ойлары бір жерден шығу. 
І Тоғысу – түйісу – тоқайласу 
ІІ Тоғысу – бір жерге жиналу – бас қосу – кездесу 
ІІI Тоғысу – ойлары бір жерден шығу – үйлесе кету 
Толқу: 1) шайқалу; 2) тишы кету; 3) тайсалақтау. 
І Толқу – шайқалу – ырғау – тербелу 
ІІ Толқу – тишы кету – көңілі қобалжу – абыржу 
ІІІ Толқу – тайсалақтау – айну 
Тосқауыл: 1) платина; 2) тұтқиыл; 3) кедергі. 
І Тосқауыл – платина 
ІІ Тосқауыл – тұтқиыл – жасырын жер 
ІІI Тосқауыл – кедергі – бөгет – ілгешек – оралғы 
Төңкеру: 1) аудару; 2) қопару; 3) жер аудару. 
I Төңкеру – аудару 
IІ Төңкеру – қопару – құлату – аяғын көктен келтіру 
IІІ Төңкеру – жер аудару 
Тулау: 1) асаулық көрсету; 2) бұлқан-талқан болу; 3) толқын ату. 
I Тулау – асаулық көрсету – мөңку 


204 
IІ Тулау – бұлқан-талқан болу – ашуға басу 
IІІ Тулау – толқын ату – буырқану 
Тура: 1) ешбір ауытқусыз; 2) дәл; 3) әділ. 
I Тура – ешбір ауытқусыз – түзу 
IІ Тура – дәл – нақ 
IІІ Тура – әділ – нақты – шын 
Түзеу: 1) дұрыстау; 2) жөндеу; 3) денсаулығын қалпына келтіру. 
I Түзеу – дұрыстау – түзету 
ІІ Түзеу – жөндеу – жөнге келтіру 
ІІІ Түзеу – денсаулығын қалпына келтіру – оңалу 
Тысқары: 1) сырт жерде; 2) алыста; 3) шет. 
I Тысқары – сырт жерде – далада 
ІІ Тысқары – алыста – қашық жерде – аулақта 
ІІІ Тысқары – шет – бөлек – сырт – тыс 
Тік: 1) тікесінен; 2) биік; 3) төтесінен. 
І Тік – тікесінен – тура – түп-түзу
ІІ Тік – биік – құлди – шаншылған – тіп-тік 
ІІІ Тік – төтесінен – бірден 
Уақыт: 1) мезгіл; 2) сәт; 3) заман. 
І Уақыт – мезгіл – мерзім 
ІI Уақыт – сәт – кез – мезет 
ІІІ Уақыт – заман – дәуір 
Ұзақ: 1) алыс; 2) созылған; 3) ұзын. 
І Ұзақ – алыс – қашық – жырақ 
ІІ Ұзақ – созылған – тез емес 
ІІІ Ұзақ – ұзын – шұбалаңқы – қысқа емес 
Ұйқы-тұйқы: 1) астан-кестен; 2) алай-дүлей; 3) ойран-асыр. 
I Ұйқы-тұйқы – астан-кестен – қобырау – қоқсу 
ІІ Ұйқы-тұйқы – алай-дүлей – аласапыран – опыр-топыр 
ІІІ Ұйқы-тұйқы – ойран-асыр – бей-берекет 
Ұйысу: 1) бытысу; 2) топталу; 3) бірігу. 


205 
І Ұйысу – бытысу – білтелену – жабағылану 
IІ Ұйысу – топталу – ұйлығу 
ІІІ Ұйысу – бірігу – ұйымдасу – қоғамдасу 
Ұстас: 1) тұту; 2) біреумен байланысу; 3) жанжалдасу. 
I Ұстас – тұту – қол жалғау 
ІI Ұстас – біреумен байланысу – өштесу – тартысу 
ІІІ Ұстас – жанжалдасу – керісу – таласу 
Үлбіреу: 1) мамықтай; 2) уілжу; 3) жұқару. 
I Үлбіреу – мамықтай – жұп-жұмсақ болу 
ІI Үлбіреу – уілжу – үлпілдеу – тамылжу 
IІІ Үлбіреу – жұқару – тозу 
Үлкею: 1) көлемі арту; 2) өсу; 3) қызметі, атақ-дәрежесі жоғарылау. 
I Үлкею – көлемі арту – кеңею – зораю 
IІ Үлкею – өсу – ер жету – жетілу – қартаю 
IІІ Үлкею – қызметі, атақ-дәрежесі жоғарылау 
Үлкендік: 1) үлкен болғандық; 2) жасы ұлғайғандық; 3) әлім 
жеттілік. 
I Үлкендік – үлкен болғандық – дәулік 
ІI Үлкендік – жасы ұлғайғандық – ағалық 
ІІI Үлкендік – әлім жеттілік – күші артықтық 
Үрпию: 1) ұйпа-тұйпасы шығу; 2) суыққа тоңу; 3) үрейлену. 
І Үрпию – ұйпа-тұйпасы шығу – додалану 
ІІ Үрпию – суыққа тоңу – дірдектеу – қалтырау – сексию 
ІІI Үрпию – үрейлену – қорқу – шошу – ербию 
Хабарсыз: 1) дерегі жоқ; 2) үн-түнсіз; 3) ешбір түсінігі жоқ. 
I Хабарсыз – дерегі жоқ – хабар-ошарсыз – қайда кеткені белгісіз 
IІ Хабарсыз – үн-түнсіз – тым-тырыс 
IІІ Хабарсыз – ешбір түсінігі жоқ – хабары жоқ 
Шалқақтау: 1) артқа қарай қайқақтау; 2) менменсу; 3) масаттану. 
I Шалқақтау – артқа қарай қайқақтау 
ІІ Шалқақтау – менменсу – кердеңдеу – кейкию 
ІІІ Шалқақтау – масаттану – шалқып тасу 


206 
Шарт: 1) міндеттеме алу; 2) міндет; 3) керек. 
І Шарт – міндеттеме алу – келісім
ІІ Шарт – міндет – борыш 
ІІІ Шарт – керек – қажет 
Шатақ: 1) дау; 2) қисық; 3) қиын. 
І Шатақ – дау – жанжал 
IІ Шатақ – қисық – қыңыр 
ІІІ Шатақ – қиын – күрделі 
Шеткері: 1) шеттеу; 2) алыс; 3) сыртқары. 
І Шеткері – шеттеу – оқшаулау – оңашалау 
ІІ Шеткері – алыс – жырақ – шалғай – қашық 
ІІІ Шеткері – сыртқары – тысқары 
Шыдау: 1) төзу; 2) сабыр ету; 3) сақталу. 
І Шыдау – төзу – көну – төтеп беру 
ІІ Шыдау – сабыр ету – бөгелу – аялдау 
ІІІ Шыдау – сақталу 
Шынығу: 1) жаттығу; 2) үйрену; 3) шыңдалу. 
І Шынығу – жаттығу – көндігу 
ІІ Шынығу – үйрену – төселу – машықтану 
ІІІ Шынығу – шыңдалу – ысылу – нығаю 
Шіркін: 1) армандау; 2) есіл; 3) байғұс. 
І Шіркін – армандау – аңсау 
ІІ Шіркін – есіл – қайран 
ІІІ Шіркін – байғұс – бейшара – сорлы 
Ыдырау: 1) жан-жаққа тарқау; 2) сиреу; 3) сетінеп жыртылу. 
І Ыдырау – жан-жаққа тарқау – бөліну – жарылу 
ІІ Ыдырау – сиреу – сеуілу 
ІІІ Ыдырау – сетінеп жыртылу – сөгілу – сөгітілу 
Ыстық: 1) ысыған; 2) қапырық; 3) ардақты. 
I Ыстық – ысыған 
ІІ Ыстық – қапырық – аптап 


207 
ІІІ Ыстық – ардақты – қымбат 
Іздеу: 1) қарастыру; 2) жоқтау; 3) талпыну. 
І
 
Іздеу – қарастыру – іздестіру 
ІI Іздеу – жоқтау – қажет ету – керексіну 
ІІI Іздеу – талпыну – талаптану 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет