Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет57/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

ҚОРЫТЫНДЫ 
Сөз және оның мағынасының құрылымы мен құрамының
өзгеруі ерте кезден-ақ тілшілерді ойландырып келеді. Біз де өз 
еңбегімізде жүйе элементі ретінде сөздің мағыналық қатынастары 
туралы, оның ішінде ең маңыздылары – деривациялық, 
синтагмалық және парадигмалық қатынастары жайында сөз 
козғадық. Сөз мағынасы арқылы біз қоғамдағы зат немесе 
құбылысты топшылап, оның ішкі мазмұнын түсінуге мүмкіндік
аламыз. Бірақ бұл орайда сөз мағыналары біркелкі емес екенін де
ескергеніміз жөн. Олардың арасындағы айырмашылық, ең алдымен, 
шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатысы жағынан айқын 
көрінеді. Көптеген мағыналар сөздің жеке тұрып та білдіре беретін зат 
пен құбылыстың нақты атауларынан туса, енді бір топ мағыналар бір 
заттың (құбылыстың) атауын екінші бір затқа (құбылысқа) 
ауыстырып қолдануынан туады. Біздің зерттеу жұмысымызға негізгі 
желі қылып алып отырғанымыз да осы айтылғанның екіншісі, яғни 
ауыспалы мағына үстеу арқылы пайда болған сөздің көп 
мағыналылығы. Полисемияның тілде пайда болуы қоғам өмірінде 
күн сайын жаңадан бірнеше заттар енуімен тығыз байланысты. Басқаша 
айтатын болсақ, адам санасы дамып жетілуіне орай олар өз қолымен 
түрлі заттар мен құбылыстарды ойлап жасап шығарады. Немесе айнала 
қоршаған орта, я болмаса табиғат құпияларына үңілген сайын бізге 
бұрын таныс емес бірнеше тың құбылыстар сыр беріп, ашылып, 
таныла түседі. Осындай қоғам өмірінде болып (туып) отыратын қандай 
жаңалық болмасын адам баласы тіліне әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай 
арақатынастың нәтижесінде сөздің лексикалық мағынасында әр 
түрлі заңды өзгерістер болуына әкеліп соғады. Сөз мағынасы бірде 
дамып, кеңейетін болса, бірде олар тарайып отырады. Тіпті бір 
күйден екінші күйге ауысып, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп 
түрленіп отыру заңдылығы да әрдайым болып отыратын құбылыс. Бір 
кездері (бір дәуірде) неологизм деп есептелген сөз қатардан шығып 
қалуы, тіпті қолданыла-қолданыла келіп көне сөзге, ал көнесі жаңаға, 
жай сөз бейнеліге, бейнелі сөз, керісінше, қарапайым сөзге, реңктер 
қалыпты дербес мағынаға, аз мағыналы (моносемиялы) сөз көп 
мағыналыға, көп мағыналы сөз омонимге айналып үнемі қозғалысқа 
түсіп отыру заңдылығы әрбір тілдің сөздік құрамына тән. Сөйтіп, 
көп мағыналы сөздің щыптасуы қоғамда пайда болған жаңа зат, я 
қүбылысқа атау беру кажеттілігінен келіп туындайды. Себебі атау беру 


133 
барысында біз кейде тілімізге жаңа сөз енгізетін болсақ, енді бірде 
сөздік қорымызда бұрыннан бар сөздің бұрынғы қалыпты, дағдылы 
мағынасының үстіне қосымша жаңа мағына үстейміз. (Оның өзі 
екі заттың ұқсастық белгісіне негізделеді).
Сонымен, көп мағыналы сөздер туынды (ауыспалы) 
мағынаның пайда болуынан келіп шығады. Тілде бұл құбылыс, 
әсіресе, соңғы кезеңдегі еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел 
болған, тіліміздің мемлекеттік мәртебе алған шағында қатты 
байқалып отыр. Атап айтсақ, соңғы жылдардың өзінде ғана 
тілімізде бұрыннан бар толып жатқан сөздер жаңа бір терминдік 
мағынаға ие болып отыр. Мәселен, 
әкім (администратор), 
мәжіліс (Парламент палатасы), даңғыл (проспект), отбасы 
және жанұя (семья), әдіс (метод), әдістеме (методика), тіркеме 
(прописка), безендірме (транспарант), бекіткіш (фиксаж), ғимарат 
(сооружение), термеші (сборщик), топтама (серия, цикл) т.с.с. 
Сондай-ақ, ақпараттық технологиямен байланысты (компьютер, 
ғаламтор желісінің өріс алуына орай), тілімізге жаңа сөздер де ондап 
емес жүздеп, мыңдап еніп жатыр. Оған дәлел – соңғы жылдары 
жарық көрген газет-журнал бетіндегі жаңа атаулар туралы 
мақалалар мен Р.Сыздықованың редакторлығымен «Ана тілі» 
баспасынан шыққан «Жаңа атаулар» кітабы. 
Шынтуайтқа 
келгенде, 
болмыста, 
қоғам 
өмірінде 
кездесетін заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттердің бәрін 
бірдей жеке-жеке сөздермен атау тілді оралымсыздыққа, шамадан 
тыс күрделілікке ұшыратар еді. Бұрыннан бар сөздің әуелгі 
мағынасының үстіне жаңадан қосымша мағына қосу, соның 
негізінде ол сөзді көп мағыналыққа айналдыру - тілімізді 
неғұлым ықшамды, икемді етудің өте тиімді жолы. Түркі 
тілдерінің материалдары полисемантизмнің зат есімдер, сын 
есімдер мен етістіктерде көп кездесетінін көрсетеді. 
Қазақ тіл білімінде көп мағыналы сөздердің зерттелу 
дәрежесі қандай дегенде, онда ірілі-ұсақты мақалалардан басқа 
сүбелі сңбектердің қатары да көбейіп келе жатқандығын айтуға 
болады. Солардың ішінде арнайы зерттеулер Р.Садықбековтің 
«Қазақ 
тіліндегі 
сөздердің 
көп 
мағыналылығы» 
және 
Б.Хасановтың «Метафораның сөздің көп мағыналылығын 
тудыруы» атты диссертациялық жұмыстары мен М.Оразовтың 
«Қазақ тілінің семантикасы» атты еңбегі өз алдына атап 
айтарлықтай жұмыстар қатарына жатады. Бұл еңбектерде көп 


134 
мағыналы сөздерге біршама толық анықтама беріліп, олардың 
жасалу 
жолдарына, 
сан 
алуан 
ерекшеліктеріне 
қатысты 
мәселелердің басы ашылған. Алайда көп мағыналы сөздердің 
есебінен омоним, синоним, антоним сияқты лексикалық-
семантикалық топтардың қатары байып, кеңейетіндігі жөнінде 
мағлұмат аз. Сондықтан да, біз өз еңбегімізде, осы құбылысқа 
баса назар аударып, біршама нақты мысалдармен ондай 
байланыстардың болатындығын, барлығын дәлелдеп көрсетуге 
тырыстық.
Тіліміздегі сөздер өз мағынасына қарай түрлі топтарға 
бірігіп отырады. Осындай топтардың бірі лексика-семантикалық 
топтар (ЛСТ). Лексика-семантикалық топ мүшелерінің арасындағы 
байланыс лексикалық мағынаға негізделеді. Бұндай лексика-
семантикалық топтардың ішінде ортақ семаға бірігетіндер: көп 
мағыналы сөздер мен синонимдер, ал мағына қарама-
қарсылығына антонимдер және дыбыстық сыбайластыққа омоним 
сөздер негізделеді де тілімізде бірнеше лексикалық-семантикалық
топ құрайды. Әрбір сөз бір лексика-семантикалық топтың 
құрамына еніп, белгілі бір орынға ие болады. Ондай сөздердің
мағыналарының немесе дыбыстық жамылғышы арасында белгілі 
бір байланыс болуы керек. Сөздердің мағыналық сыбайластығы 
оларды бір топқа біріктіріп жүйе ретінде талдауға мүмкіндік 
туғызады. Ал жүйе болса, сол мағыналық қарым-қатынастың 
сырын толық түсінуге мүмкіндік береді. Бір жүйеге түсіп, бір 
лексика-семантикалық топтың құрамына енген сөздер ғана
бір-бірімен байланысып қоймайды. Әр түрлі лексикалық-
семантикалық топтар да өзара бірімен-бірі тығыз байланысып 
жатады. Ал мұның өзі тілдің жүйелі құрылым екендігін растай 
түседі. Мұндай топтардың арасындағы байланыс лексикалық-
семантикалық топтардың бәріне де тән болғанмен де, көп 
мағыналы сөздердің басқа лексика-семантикалық топтармен 
байланысы мықтырақ болады. Оны жоғарыдағы тарауларда 
келтірілген мысалдармен дәлелдедік. Мәселен, көп мағыналы сөздің 
бастапқы (негізгі) мағынасы өзімен мағыналас сөздермен бір 
синонимдік қатар құрса, сөзде екінші мағынаның дамуы негізінде 
жаңа синонимдік қатар (сыңар) жасалуы ықтимал. Сондықтан 
да мағыналас сөздерді белгілі бір синонимдік қатарға топтау 
үстінде көптеген мәселелер сөздің негізгі (номинативті),
ауыспалы және контекстік мағыналарымен түйіседі. 


135 
Көп мағыналы сөздер жеке-жеке ұғымды білдіргендіктен, 
олардың әрбір мағынасы бөлек-бөлек синонимдік қатар құруға 
себепші болады. Мысал үшін 
аудару 
сөзін алатын болсақ, ол сөз 
алты түрлі мағына береді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет