РhД докторантурасының сұрақтары



Дата02.07.2018
өлшемі43,5 Kb.
#45454
РhД докторантурасының сұрақтары

  1. Философия, оның пәні және мақсаты. Философияның қызметтері.

  2. Философия генезисі, оның мәдени-тарихи алғышарттары, философиялық танымның ерекшелігі және құрылымы.

  3. Философия дүниетаным ретінде. Миф, философия, дін.

  4. Көне Шығыс философиясы. Көне Үнді және Көне Қытай философиялық мектептері.

  5. Антикалық философия: негізгі мектептері және олардың сипаттамалары. Антикалық философия тарихын кезеңдеу.

  6. Платон философиясы және оның мемлекет туралы ілімі.

  7. Аристотель философиясы: онтология, логика және таным теориясы. Аристотель этикасы.

  8. Аль-Фараби философиясы және оның әлеуметтік-философиялық көзқарастары.

  9. Христиандық апологетика және патристика. Августин Блаженныйдың ілімі.

  10. Ортағасырлық схоластика. Фома Аквинский философиясы.

  11. Қайта Өрлеу заманының философиясы. Н.Кузанскийдің диалектикасы. Н.Коперниктің, Дж. Бруноның және Г.Галилейдің ғылыми идеяларының философиялық-дүниетанымдық мағынасы.

  12. Жаңа уақыт философиясы. Ғылыми таным әдісі мәселесі және дүниенің механикалық суреттемесінің қалыптасуы. Эмпиризм мен рационализмнің күресі.

  13. Ағартушылық философиясы және ХҮІІІғ. француз материализмі.

  14. Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы ретіндегі И.Канттың философиясы.

  15. Гегель философиясындағы жүйе және әдіс.

  16. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі және гуманизмі.

  17. Марксизм философиясы. Тарихтың материалистік түсінігі және К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі диалектика.

  18. ХІХ ғ.соңы-ХХбасы кезіңдегі орыс діни философиясы.

  19. Қазақ философиясының ерекшелігі, қалыптасуы мен дамуының кезеңдері. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы.

  20. Қазақ Ағартушылығының негізін қалаушысы ретіндегі Ш.Ш.Уәлихановтың философиялық және саяси-әлеуметтік көзқарастары.

  21. Ы. Алтынсариннің ағартушылық идеялары.

  22. А.Құнанбаев философиясы.

  23. С.Торайғыров және оның қазақ философиясын дамытуға қосқан үлесі.

  24. Ш.Құдайбердиевтің философиялық ілімі.

  25. ХІХ ғ соңы-ХХ ғ. басында қазақ қоғами ойындағы негізгі тенденциялар: Еуропаға бағдарланған либералдық-ағартушылық тенденция (А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж.Аймауытов); мұсылмандық Шығыстың халықшыл, діни және әлеуметтік құндылықтарына бағдарланған дәстүрлік-ұлтшылдық тенденция.

  26. Кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі Қазақстанда философияның дамуы: нәтижелері және перспективалары.

  27. ХХғ. философиясы: жалпы сипаттамасы және негізгі ағымдары. Әлемдік философиялық үдерістің бірлігі және көптүрлілігі.

  28. Адам мәселесінің экзистенциалистік және неотомистік түсіндірмелері және діни экзистенциализм.

  29. Аналитикалық философия, феноменология және герменевтика қазіргі заман философиялық ағымдары ретінде және олардың өзара қарым-қатынасы мәселесі.

  30. Диалектиканың категориялары мен негізгі заңдары, олардың логикалық-методологиялық маңызы.

  31. Неопозитивизм және постпозитивизм: ұқсастықтары және айырмашылықтары.

  32. Философиядағы болмыс мәселесі. Болмыстың негізгі формалары және олардың арақатынасы. Субстанция категориясы.

  33. Материя философиялық категория ретінде. Материя қозғалыс, кеңістік және уақыттың бірлігі. Қазіргі ғылым материяның құрылысы және қасиеттері туралы.

  34. Философиядағы адам мәселесі. Адамның мәні және мақсұты. Биологияландырулық және әлеуметтендірулік түсіндірмелерді сынау.

  35. Антропосоциогенез. Еңбек, сана, ұжымдылық адамның тектік мәнінің өрнектелуі ретінде.

  36. Адам болмысының мән-мәнісі. Философиядағы адам өмірі, өлімі және өлместігі мәселесі.

  37. Философиядағы сана мәселесі. Сана, тіл және ой. Сана және өзіндік сана.

  38. Сана және бейсаналық. Классикалық және қазіргі психоанализ бейсаналықтың құрылымы туралы.

  39. Қоғамдық және индивидуалдылық сана. Қоғамдық сананың негізгі формалары және олардың өзара байланысы.

  40. Диалектика теория және әдіс ретінде. Софистика, эклектика және метафизика диалектиканың альтернативалары ретінде.

  41. Таным философиялық талдаудың пәні ретінде. Танымның субъектісі және объектісі мәселесі.

  42. Танымдағы сезімділік пен рационалдылықтың арақатынасы. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері және олардың өзара байланысы.

  43. Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқаттың критерийлері. Ақиқат және адасу.

  44. Қоғам әлеуметтік философияның пәні ретінде. Материалдық және рухани өндіріс, тарихи үдерістегі олардың өзара байланысы.

  45. Қоғамның қызметтенуі және дамуы. Тарих әлеуметтік өмір шындығы ретінде. Тарих философиясы.

  46. Қоғам құрылымы. Қоғамның маркстік (таптық) бөлінуі және стратификациялау теориясы. Әлеуметтік мобильділік ұғымы.

  47. Оқу-білімнің философиялық негіздемелері. Гуманизм оқу-білім үдерісінің жоғары принципі ретінде.

  48. Қоғам және табиғат. Биосфера және ноосфера ұғымдары. Экологиялық мәселе: себептері және шешу жолдары.

  49. Философиядағы тұлға мәселесі. Адам, индивид, индивидуалдылық, тұлға. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі.

  50. Философиядағы құндылықтар және олардың реттілігі (иерархиясы) мәселесі. Құндылықтық бағдарлардың әлеуметтік және тұлғалылық уәжділігі.

  51. Мәдениет және өркениет ұғымдары. Мәдениет адам әлемі, оның өзіндік анықталу және өзіндік даму тәсілі ретінде.

  52. Мәдениеттер бірлігі және көптүрлілігі мәселесі. Мәдениеттер диалогы: Шығыс-Батыс-Қазақстан.

  53. Ғылым-танымның ерекше формасы. Ғылыми таным білім мен іс-әрекеттің бірлігі ретінде. Ғылым әдіснамасы (методологиясы) философиялық пән ретінде.

  54. Ғылыми білімнің құрылымы және динамикасы. Ғылыми революциялар мәселесі.

  55. Техника ұғымы. Ғылыми-техникалық дамудың философиялық мәселелері. Технократизмді сынау.

  56. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері және олардың философиялық мағынасы.

  57. Ұлттық мәдениет жаңғыруы және халықтық ұлттық өзіндік санасының қалыптасуы жағдайындағы адам, өзіндік идентификациялану мәселесі.

  58. Адам Қазақстанның ұлттық мәдениеттері көп түрлілігінің өлшемі ретінде.

  59. Шығыс-Батыс мәдени дихотомиясы жүйесіндегі адам.

  60. Көп ұлттар өкілдері мекендеген Қазақстанның этникалық мәдениеттерінің өзара әсері жүйесіндегі адам.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет